Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI131

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда мықтап қалыптасуы болып табылады. Қазіргі уақыттағы қоғамдық өндірістің дамуының тиімділігін арттыратын негізгі факторлардың біріне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жатады. Бұрын өндіргіш күштердің кез-келген жерге экологиялық зардаптарын ескерусіз, табиғи ортаны қорғау саясатынсыз орнастырылғаны белгілі. Бұның арты қазір шешуі қиын экологиялық дағдарысқа айналды.

Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға жатады. 

Физикалық-географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе облысы Оңтүстік Орал тауының орталығында, шөлейтті-құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал-Мұғалжар провинциясының Ор-Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай) провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік-батыс бөлігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі округіне жатады.

Облыс территориясында ландшафтты дала, шөлейтті және зоналар орналасқан. Бұл зоналар шөлейтті Өзен – Орал Эмба провинциясының Ойыл – Ембі округін  және солтүстік Арал маңы провинцияларының  Орал – Ембі және Арал маңы солтүстік – батыс округі мен Маңғышлақ – Үстірт провинциясының Үстірт округтерін қамтиды. 

Ақтөбе облысының аймағының топырақтары құрамына қарай екі аймаққа бөлінеді.

         Шөлейт далалық – бұл облысымыздың терістік шығыста, көбіне Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің төменгі жағы мен аралығын алып жатыр. Көлемі 815 мың га. Бұл аймақтың топырақ қабаты ашық сұрғылт, сортаң, механикалық құрамы жеңіл. Мұнда көбіне жайылымдық, көделі (жусанды еркек) мал азығы үшін бағалы өсімдіктер өседі. 

Шөл – бұл аймақта топырақ қабаттары қоңыр түсті, сілтілі, неше түрлі сор сортаң, жайылмалы шалғынды, қара шірігі аз, өмірлік бейімділігі қуатсыз, суды аз сіңіреді. Жайылмалы шабындық жерлер көбіне өзен, сукелді алқаптарда жақсы жетілген. Жыртуға жарамды топырақ қабаты су тасқыны кезінде, сумен келген заттардан қалыптасады. Оның бетіндегі қарашіріктік – 1,5%. Топырақ қабатын су шайып өтіп отырғандықтан көп тұзданбайды. 

Топырақты қорғау жолдары – топырақ құнарлылығына жиі-жиі талдау жүргізіліп, тиісті мөлшерде органикалық және химиялық тыңайтқыштар беру жер үстін мелиорациялық жақсарту, шараларын іске асыру, суармалы жерлерде топырақ құрамына қарай агротехникалық талап дәрежесінде ғана су беру, құм көшкіндеріне тосқауыл жасау, жайылымдарды тұяқесті тоздырмау болып табылады. 

Топыраққа енгізілген қоректік заттар мол болса, топырақ құнарлылығы жақсара түседі. Топырақтың құнарлылығын арттырудағы бұл ерекшеліктерді қазіргі жерді пайдаланып отырған ұжымдар, жеке фермерлер мен шаруа қожалықтары ескергені жөн. Бірақ, ұзақ жылдар бойы табиғатқа шикізат ресурстарының сарқылмас көзі ретінде қарап, экологиялық тепе-теңдік заңдарымен санаспай келдік. Осыдан жерді, топырақты пайдаланудың экологиялық зиянды жағы адамзат өміріне қауіп туғызуда. Оның үстіне топырақтың құнарлылығын арттыру шараларының сапасыздығынан тұзданған және батпаққа айналған жер бірнеше өсіп отыр. 

Әрбір ландшафт табиғи күйінде өзін - өзі реттеуші жүйе бола отырып және белгілі бір структурамен сипатталып геосистема кеңістіктегі – уақытша ұйымдастырушысы болып табылады. Антропогендік әрекеттерді әсерінен болған өзгерістер, геосистема ландшафттың қайта құрылымына қатты ықпалын тигізеді. Кейін осыдан барып ландшафттың антропогендік модификациясы пайда болады. Бұлардың барлығы табиғаттың өз туындылары болып табылады. Антропогендік әрекеттердің ұзақтығына, интенсивтілігіне, геосистемалардың таксономикалық рангасына және сутруктураның терең қалыптасуына байланысты ландшафттың антропогендік модификациясы қайтымды немесе қайтымсыз өзгерістерге түсуі мүмкін.

875 0
Нұрлы Жарылгасинова, №1 Қандыағаш ЖББОМ география пәні мұғалімі Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Ұлы дала ұстазы № 000071
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: