Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI130

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Ұлы ағартушы Байтұрсынов айтқандай бастауыш сынып оқушыларына білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ.

Бастауыш сыныптың сабақтарында цифрлық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 

Ақпараттық-білім берудегі басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі - пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. қосымша тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, сызбалар көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы оқушы әр тақырып арқылы толық ақпарат алады және білімін тексереді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы немесе тақырыпты қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап берудің тиімділігі бар. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (фотосуреттер, сызбалар,тарихи мағлұматтар, дидактикалық материалдар т.с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Кез-келген жұмыс нәтижемен өлшенеді десек, презентация жасау және оны сабақ процесінде қолдану да әр мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп білемін. 

Бастауыш сыныптың сабақтарында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады: 

         -Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны, видео-сабақтарды қолдану; 

-Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану; 

-Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында. түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану. Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу мұғалімнен шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Сабақ кезінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, яғни олардың білім, білік, дағдыларын арттыру мәселесін айтқым келіп отыр. 

Мысалы: 2-сыныпта «Бөлме өсімдіктері» тақырыбын өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы оқулықтағы тақырыпқа қосымша тарихи мәліметтер, суреттер, қызықты видеоларды көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыс істеді және берілген суреттер арқылы классификациялады. 

3-сыныпта «Түркістан» тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл меңгерді, Түркістан қаласы туралы нақты, қызықты мәліметтерді, презентация арқылы түрлі тапсырмаларды алып, орындай білуге талпынды. Бастауыш сыныптың сабақтарында презентация-слайдтардың көмегімен тапсырмаларды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, пәндік сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге қолдануға болады. Презентацияны сабақтарда жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ұлы педагог Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмтылғанды еске түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау» деген болатын. Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану оқушылардың интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдалана білу дағдыларын арттырады Бастауыш сыныптан бастап сабақтарда флипчарттарды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырады. Ол қызығушылығын ғана тудырып қоймай, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. 

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы, Алматы – 2018ж 

2. С. Т. Мұхаметжанова, Ж. Ә. Жартынова, «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері» Алматы – 2018ж. 

3. «Егеменді Қазақстан» газеті 29 қаңтар, 2019 жыл.

1 410 0
Женисгуль Калжанова, №1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы. Мұғалжар ауданы Ұлы дала ұстазы № 000070
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: