Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1279

Бастауыш сыныптарда оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдану

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін,  терезесін тең ететін білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» – деп атап көрсеткеніндей,  инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

Болашақтың бүгінгіденде нұрлы болуына ықпал етіп,   адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін,  өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,  дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезде білім беру саласын, қамтудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда,  уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. 

Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау. 

Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру,   жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы әдістеменің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына  байланысты. Ол мұғаліммен оқушының жұптаса жұмыс атқаруы. Оқу әдістері мәселесі теоретикалық әрі іс-тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып қала береді. Оқу үдерісінің өзі,  ұстаз бен оқушының қызметі, осыған сәйкес, оқу нәтижесі де оның шешіміне тәуелді. 

Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Қазақ тілі сабағында сөздік қорын дамытуда мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сұрақ-жауап,  сөйлесу,   әңгімелесу,  түсінігін айтқызу,  көрнекілік,   аударма,  кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. 

Әр мұғалім мектептегі білім сапасын арттыру үшін: 

Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану. 

Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру. 

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі пайдалану керек. Инновациялық білімді дамыту,   өзгеріс енгізу,  жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,  орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға,   еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы: 

•        Дүниетанымы,  қабілеті жоғары. 

•        Дарынды өнерпаз. 

•        Ізденімпаз, талапты. 

•        Ойы ұшқыр.

•        Еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын. 

•        Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. 

Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылатынына көзіміз жетіп отыр. Осы технологиялар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тұжырымдау,  пайымдау,   дәлелдеу, салыстыру дағдыларын дамытуға болады. Жаңа технологияларды , техникалыққұралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындығын қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау керек»,  – деп көрсетілген. 

Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны-диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақтарды дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда,  жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.

Әртүрлі тақырыпта диалог құру мынадай нәтиже береді: 

•        Сабақта белсенділік жоғарлайды. 

•        Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды. 

•        Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады. 

•        Оқуға қызығушылықтары артады. 

Сонымен қатар оқушылар жұпта және топта өзара диалогты жүзеге асырады. Диалогтік оқытуда жүзеге асыруда пікірталас,  рөлдік ойын,   зерттеушілік әңгімеәдістерін пайдалануға болады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қандай деңгейде тұрғанын білуге көмектеседі. 

СТО технологиясының артықшылықтары: 

•        Өз білімінің сапасына деген жауапкершілік артады. 

•        Кез-келген мәтін түрімен және ауқымды ақпарат көлемімен жұмыс істеу машықтары дамиды. 

•        Оқушылар ақпаратты ықпалдастыру дағдысын меңгереді. 

•        Әртүрлі тәжірибені, идеялар мен түсініктерді ұғыну негізінде өз пікірін қалыптастыру, ой қорытындылары мен дәлелдердің логикалық тізбектерін құру дағдысы туындайды. 

•        Шығармашылық және талдау қабілеттері, өзге адамдармен тиімді жұмыс істеу машықтары дамиды, айналасындағыларға қатысты өз ойын нақты, сенімді әрі дұрыс жеткізу дағдысы қалыптасады.

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,  іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында. 

Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады.Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау.

Интерактивті әдістердің мәні – әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып,   мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап,  оқу-танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді. 

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу, мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін,  ережесін түсініп,  топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Заман талабына сай технологияларды қолдану арқылы,  түрлері өзгеріп отырады. Бірақ басты технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек. 

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты,  жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,  кәсіптік,   адамгершілік,  рухани,  азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,   білімгер тұлғасын дамытып,  оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,  жалпыазаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін,  жаны да тәні де таза,  білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру сапасын арттыру,  баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.

168 0
Асемгуль Аринова, № 27 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Алматы облысы, Талдықорған қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000381
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: