Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1275

«Шығармашылық жолдың кілті - жүректе!»

«Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды»






ЖОСПАРЫ

І. КІРІСПЕ

   Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігі-жүректе

 ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 1.Педагогикалық ізденіс-баланы ізгілендіреді

2.2.Шығармашылық шабыт -  іс-тәжірибемде       

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІҮ .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

        І.   Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігі жүректе.

 

Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап,адамдар арасында ізгілік, әділдік өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар Мен әрбір жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына қолдау көрсетуіміз керек.

Мұғалім мамандығы-сүйіспеншілікке толы шабытты еңбек. Оның шеберлік шыңы баланы танымын ізденіс пен жаңалыққа ұмтылдыру шығармашылыққа баулу-өз өмір жолына жол сілтеу біздің басты парызымыз.Рухани құндылықтар ұрпақтың болашағын ізгілендіреді. 

Біріншісі- ұлттық құндылықтарға негіздеу жолы, екіншісі-өркениетке негіздеу жолы,Ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген, өркениет көшіне ілесе алатын шәкірт өз қабілеті мен күш-жігерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті бола алады. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі елдің иесі осындай қасиеттерімен біздің  ұлтымыздың туын биікке көтереді, Нағыз ұлтжанды ақын Мағжан Жұмабаев; ''Мектемізді таза,сау,берік, hәм өз  жанымызға қабысатын, үйлесетін етіп құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады деген екен. '' Оқушы дегеніміз – ұрығы жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұстаз болса – жаңадан қылтиып келе жатқан нәзік  өсімдікті күтуші бағбaн '' – деп В. Белинский атап   көрсеткендей, тәлімгер-ұстаз балаға білім, тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Ертедегі грек  ғалымдары жеке тұлғаның  дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта әсер етеді деп есептеген. Ал, қазір жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретінде қаралады. Жеке адамның өзіне-өзі берген бағасы жоғары немесе төмен болуынан сол адамның ішкі жан дүниесі шығады.

«Жүрек-рухтың ұясы, рухани санамыздың орталығы, ол біздің болмысымыздың қозғаушы күші, рухани қабілетіміздің қайнар көзі»                     К.Д. Ушинский 

         «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды»-десе, дана Абай  Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адамның болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын»-деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбие ден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты-рухани-адамгершілік құндылытарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір    жерден шығатын, кемел мінезі бар адамды қалыптастыру.   

 

2.1 Педагогикалық ізденіс- баланы ізгіленедіреді.

         Оқушылардың бойларына рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет құндылығы  арқылы сіңіре отырып-шығармашылық шабыт сыйлай білу қажет.

Рухани-адамгершілік сана –сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіміне қарап, әрбір   дұрыс- әрекетіне мақсат қоюға,жоспарлауға.оны орындауға,өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін –Дұрыс- әрекет  құндылығына жол сілтейік. Ежелгі Қытай философы Конфуций «Адамның басында,жанында тәртіп болмаса, оның іс-әрекеті дұрыс болмайды. Оның іс-әрекетті дұрыс болмаса, отбасында тәртіп болмайды. Отбасында тәртіп болмаса, бүкіл әлемде тәртіп болмайды дей келе тәртіпті бірінші орынға қояды. Адамның адам болуы жалпы адамзаттық құндылықтарға бай болуы, оның ақиқат жолымен жүріп, дұрыс-әрекет жасағаны,сүйіспеншілік нұрымен шуақтанған жан болуына ықпал жасайық.

Ұлы жол - ұлы істер жасайды.

Әдемі жол - әсемдікке баулиды.

Мейірімді жол-мейірімділікке бөлейді.

Ұшар биікке апарар жол-шыңға шығарады.

Себебі, барлық жолдың бастауы-жүректе дегендей барлық дұрыс –әрекетпен, ізгі ойлармен,дұрыс түсініп бірге бірлікте дұрыс қолдансақ-өмір қуанышқа бөлейді.

Тіршіліктің діңгегі-ізгілік. .Егер барлық іс-әрекет ізгі оймен, ізгі ниетпен жасалып, ізгілікке бағытталған болса,әлемде мәңгілік үйлесімділік орнап, барша тіршілік атаулы ізгілік нұрының шуағының астында бейбіт өмір кешеді.

Ойың дұрыс, сөзің дұрыс , ісің дұрыс болса егер,                

Айналаңа күн нұрындай шуақ шашып жүрерсің.

Жүрек кілтін - дұрыс жолға сілтесең,

Өмірдегі дұрыс - әрекет осы ғой  - дегендей, мұғалім шынайы сүйіспеншілікті шын жүректен шығарып, сосын сөз ретінде бейнелейтін және іс жүзінде қолданыла білуі тиіс деп ойлаймын. Рухани-адамгершілік тәрбие Бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларыларының нормалары, ұйымдағы, отбасымдағы қарым-қатынас мәдениетінің еңбегінде әр баланың жүрегіне жол тауып, баланы өмірін сүйіспеншілік сезімге бөлеп, ішкі жан дүниесінің рухани тазалығын көрсете білді

1. Мейірбанды адамдар болып, балаларды қаз-қалпында сүюге тиіспіз.                                              

2. Балаларды түсіне білуіміз керек.  Балаларды түсіну дегеніміз - оларға өктемдік көрсетпей, бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз.

3. Мұғалімдер оптимистер болуымыз керек. Баланың ішкі жан дүниесіне үңілу.

4. Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз

-  Балалар ұстаз бойынан нені көргісі келеді

- Олардың бәрін және әрқайсысын түсіне білуі қажет.

- Балаларды түсіну-олармен бірге қуанып, бірге күйіну.

- Асқан кеңпейілділік,мейірімділік, қайырымдылық сезімтал болу.

- Әр баланың өскеніне ержеткеніне, жетілгеніне қуана білу керек.

Сонда ғана мұғалім оқушының жүрегінен орын алады.Бір-бірімен үндесстік Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған  жалын иесі сондықтан сол арқылы баланың жан дүниесін жарқырата түседі.

2.2 Шығармашылық шабыт-іс тәжірибемде.

Жалпы мен балаларды түсінемін, олардың көзқарастарымен санасамын, өзіммен тең көремін, ақылдасып отырамын. Балаларды түсіну дегеніміз – оларды өзіме бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу. Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білу оңай емес. Мұғалімнің бойында күлімсіреу, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек. Ойы, іс әрекеті және сөзі бір болуы керек. Мен баланы сүюді ізгі педагогика классиктерінен үйренуге және жанымда жүрген адамдарға түсіндіруге бар күш-жігерімді саламын. Өйткені мектепті емес, мұғалімнің жан дүниесін реформалау керек

Өмірге деген сүйіспеншілік әрбір жанға құрмет пен махаббаттан  жақсылықтан бастау алады. Күреске толы мына өмірде, өмірдің сырын түсіну, өмір сүру жолдарын ұғыну, өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу үшін біз мектептеміз.. Адам баласы өз ісін сүйіспеншілікпен бастаса, әрекеті дұрыс болып, оның жан дүниесінде ішкі тыныштық орнап, біреуге қиянат жасамай. ақиқат  жолмен жүрсе, өмір қуанышқа толы өз жемісін береді. Осындай адам бойындағы ізгілікпен асыл мұраттар  ақ-ақпақ армандарға қанат қағуына  үлес қосу үшін:  Баланың шырағын  жағу үшін мектептемін!

Өз тәжірибемде сабақ жоспарын құру кезінде, «Мұғалімнің сыйы» әдісіне қазақ халқының аңыз-әңгімелер жинағы, мақал-мәтел, ертегілерден, Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш.А.Амоношвилидің еңбектерінен, ғаламтор материалдарынан мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға ықпал етуге тырысамын. Мысалы: 7-сынып оқушыларына «Сыр мен сымбат» 7-сабақ тақырыбы бойынша оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жалпы сұлулық туралы түсінік беруге мен Ш.А.Амоношвилидің «Вера и любовь» еңбегінен «Твоя красота в твоей доброте, «Сұлулық мейірімділікте» астарлы әңгімені қазақ тіліне аударып, «Мұғалімнің сыйы» әдісінде қолдандым.

Шалва Амонашвилидің педагогикалық  әңгімелері өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық әңгімелерінде өмірдің мәні - ішкі жан дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Шалва Амонашвилидің қайсыбір  шығармасын оқысаңыз да, тек жалғыз мұғалімдерді ғана емес, кез - келген оқырманға үлкен әсер қалдырады. Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап алуға болады. Мысалы, не үшін өмір сүреміз? Өмір дегеніміз не, ол қалай пайда болады? Сүйіспеншілік дегеніміз не? Мәңгі өмір сүру дегеніміз не?

"Біріншіден, біз мейірбанды адамдар болып, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз. Шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да, ынталыны да бірдей жақсы көруіміз керек. Оның үстіне тағыда біз өзіміздің жан шуағымызды әрбір нақты жағдайға  сәйкес алалмай, тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейірімділігіміз бен махаббатымыз ішкі жан күйзелісіміздің көрінісі ғана емес, сонымен бірге баламен немесе бүкіл сыныппен қарым - қатынасымыздың ең басты дәлелі", - дейді педагог. 

Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік олармен сөйлесуге, олардың жеке басы мен  намысына тиюге, ұрысып, қорқытуға олардың әрқайсысының қайғысына ортақтасып, қуанышын бөліспеуге, оларға тез арада көмекке келмеуге, күдік тудыруға жол берілмейді. Жаны жайсаң, баланы жан - тәнімен  жақсы көретін педагог жиі күлімсірейді, сирек ренжиді. Ол нағыз ұстазша тіршілік етіп, өзінің кәсібінің бақытына ие болады. 

Екіншіден, біздер, балаларды түсіне білуіміз керек. Бала кішкентай болғанымен оның ісі мен қарекеті үлкен. Балаларды түрлі ғылымға баули отырып, біз оларға ойынға жан - тәнімен берілген балаларға қарағанда маңызды тәрбие бердік деп жорамалдаймыз. Егер бала өзінің ойыншық сарбазын жоғалтып алып, соған жылап тұрса, онда ол біз өзіміздің жақсы көретін әрі қажетті  затымызды жоғалатқан кезде өкінгенімізден кем  қапаланбайды. Балалар тыным таппай минут сайын, сағат сайын, күн сайын өзінше тіршілік етеді. 

Егер біз өз балаларымызды шынында да нағыз адам етіп өсіргіміз келсе, оларды ойлауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Балаларды түсіну дегеніміз - олардың позициясында тұру, олардың шын сезімін бағалау. Баланың іс - әрекетіне немқұрайдылық танытпау. Балаларды түсіну дегеніміз -  оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз. Балаларды түсіну дегеніміз - кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру деген сөз. 

Үшіншіден,  біз оптимист болуымыз керек. Жекелеген баланың жат мінезінен, жақсылыққа баратын жол таба білу тамаша қасиет. Педагогикадағы немқұрайлық баланың жарқын болашағына балта шабады. Ұстаз кісілік қасиеттің  барлығына ие болуы шарт. Адамгершілігі бар ұстаз - балаларды білімге баулумен бірге оларға өзінің мінез - құлқын да дарытады.  Олардың алдында кісіліктің үлгісі ретінде тұрады. 

Жас баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады. Баланың мүмкіндігін осы сабақтағы шығармашылық жұмыстағы кезеңнен түсінуге болады деп ойлаймын.

 

 

Біз ұстаздар оқушылардың рухани әлемін сәулелендіруіміз керек. Олай болса, баланың бойындағы рухани-адамгершілік, әлеуметтік қасиеттердің жарыққа шығуына жол ашайық демекпін.

 

 

208 0
Исаева Қарлығаш Жайшылыққызы, «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, Қармақшы ауданы № 001732
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: