Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1272

«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі

Зал әдемі   безендірілген баяу ән ойнап тұр. Домбыра әуенімен балалар бір ұл, бір қыздан қол ұстасып залға кіреді. Екі бала қоңырау соғады.  

Іңкәр: Сыңғыр – сыңғыр қоңырау,

Қоңыраудың шақырған.

Тәтті әуені ән думан,

Білім алған бақшадан.

Біз көңілді балдырған. 

Нұрдос: Шақырады мектепке 

Білім алған бақшада. 

Біз көңілді балдырған,

Шақырады мектепке.

Сыңғырлаған қоңырау. 

Би: «Вальс»

Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып өстіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды. 

Бізден ұшып, талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепке,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар. 

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін, 

Өздеріңді сағынып біз жүрейік. 

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік – деп, балаларымыздың өлең жолдарына кезек берейік. 

Аружан: Талай қызық той өткіздік, 

  Бірақ орны бөлекше

  Бақшамызбен қоштасатын, 

  Бүгінгі той ерекше. 

Айару: Алты жасқа толамыз, 

  Әдепті бала боламыз.

  Қуантып ата–ананы,

  Мектепке кетіп барамыз. 

Али: Үлкендердей тап–таза,

  Жазамыз бормен тақтаға

  Үлгілі бола аламыз

  Жүретіндей мақтана. 

Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,

  Біздер үшін біліп қой.

  Әнде салып би билеп,

  Жалғастырсын ойды–ой – деп кезекті әнге берейік. 

Бүлдіршіндердің орындауында «Қош бала бақшасы» әні орындалады. 

Имангали: Тәрбие берген ұямыз, 

  Тәртіпті бала боламыз.

  Қоштасып бала бақшамен,

  Біріншіге барамыз.

Жүргізуші: Міне, балалар көптен күткен қимастығы мен қуанышы қатар жүрген мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан балалар келіп тұр. Қане балалар, қарсы алайық.

Қош балалар сәт–сапар,        Малика

Бақытты бәрің болыңдар. 

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік алыңдар. 

Бірге ойнап, бірге жүрген,       Алема

Күндерімізді қимаймыз. 

Естелік болсын біздерден,

Кітап, қалам сыйлаймыз. – деп, сәбилер тобының балаларына сыйлықтарын табыстайды.          

Би: «Ойыншықтар»

Ойын: «Мектепке жиналу» (ортаға екі бала шығады)

Жүргізуші: Рахмет балалар сендерге. 

Бүгін міне қоштасады бал–бұлақ, 

Әні менен жырына тыңдармандар сал құлақ.

Кеше сәби міне бүгін жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шам–шырақ – дей келе балалардың біріншіге барамын әнін қабыл алыңыздар. 

Ән: «Біріншіге барамын»

Балалардың білімін тексеру көрінісі: 

Жүргізуші: Сүйкімді балғын бала шақ,

  Сендердікі болашақ.

  Озат болып оқыңдар,

  Ойға білім тоқыңдар – дегендей, келесі көрінісімізді тамашалаңыздар.

«5» деген жазуы бар бестік баға есікті қағып кіреді. 

Жүргізуші: Балалар: «5» - деген бағаны білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз деп жауап береді. Хормен

Тәрбиешілер: Ал қане айтып берсеңдерші «5»-тік баға қандай балаларға қойылады?

Балалар: Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқыған балаларға қояды. 

«5» - баға: Құрметті де сүйікті балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балаларды мектепке барардың алдында білімдерін тексеріңдер деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттердің жауабын орындауын талап етеміз. Мен сендердің жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Тәрбиеші апайларын билетті алып оқиды, ал сендер сол сұраққа жауап беріңдер. 

Жүргізуші: Құрметті ата–аналар, бір жыл бойына осы бүлдіршіндеріміз балабақшадан қандай тәрбие алды екен, не оқып білді екен деген сұрақтарыңызға жауап алады деп ойлаймын. 

1 – билет. «Тіл дамыту» сабағынан сұрақтар. 

Біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан мемлекеті)

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаңдар. Хормен орындайды. 

2- билет. «Айналамен таныстыру» сабағы.   

Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? (4)

Жыл мезгілдерін кім дұрыс атап бере алады? (көктем, жаз, күз, қыс.) 

3- билет. «Математика сабағынан» сұрақтар.

1 – 10 дейін санаңдар және кері қарай санаңдар. 

Геометриялық пішіндерді атаңдар. (Дөңгелек, төртбұрыш, ромб, ұшбұрыш.)

4 – билет. «Көркем әдебиет» сабағы. 

Балалар біз балабақшада қандай ертегілер оқыдық? («Бауырсақ», «Шалқан», «Үйшік», «Мақта қыз бен мысық», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Алдар көсе мен бай», «Қасқыр мен түлкі».)

Тәрбиешілер: Жақсы балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.  Балалар сендермен «Бестік» бір ойын ойнағысы келеді екен. Ойнаймыз ба?

Ойын: «Мектепке не керек?» 

Ойын шарты: (Иә және Жоқ)

Күзде мектепке барамыз ба? 

Мектепте оқимыз және жазамыз ба?

Сабақта ұйықтаймыз ба?

Қуыршақты мектепке әкелеміз бе?

Сабақты өзіміз жасаймыз ба?

Екілік аламыз ба?

Достармен төбелесеміз бе?

Достар табамыз ба? 

Бестік: Рахмет балалар. Енді сендермен қоштасатын сәт келді. Мен «Білім ханшайымына» сендердің мектепке дайындықтарыңды жақсы екенін айтып барайын. Мен сендерге «Білім ханшайымының» табыс ет деп берген «Білім кілтін» тәрбиеші апайларыңа тапсырайын. 

Ал, балалар сабақты жақсы оқып, тек бестік деген баға алыңдар, - деп балалармен қоштасып, бестік баға залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Ақылы бар баласың, 

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен

Нағыз адам боласың  - дегендей келесі  би кезегі де келіп жетті. Алдарыңызда «Колшатырмен» биі. 

Жүргізуші: Көзімізді жұмамыз

            Ертегіге барамыз

            Көзімізді ашқанда

            Ертегіде боламыз – деп, көрінісімізді ұсынамыз. 

Автор: Кездестірдім достарын,

            Керемет үй сәулетті.

            Құлыбы жоқ өзінде 

            Ешкім жоқ қой,ішінде

             Тық-тық,тық.

             Сәулетті үйдің иесі кім?

            Жауап күттім,естімедім,естімедім.

             Міне,пенал келеді.

Пенал: Ғажайып үй сәулетті

             Терезені кең ашып

            Кім бар екен,соны айтшы

            Ешкім жауап бермеді.

            Өте ұқсайды өзіме

             Тұрайыншы бұл үйде.

Автор: Ешкім жауап бермеген соң пенал сәулетті үйге кіріп жайғасады. Міне, осы кезде  әліппе келеді.

Әліппе: Ғажайып үй сәулетті

Терезені кең ашып

Айтшы кәне сен маған

Иесі кім өзіңнің?

Пенал: Қош келдің сен әліппе

             Сәулетті үйді дәріпте

            Бірге тұрайық дос болып

             Барлығымыз бір болып

Автор: Сөйтіп пенал мен әліппе достасып бірге тұра бастайды. Осы кезде дәптерлер келеді.

Дәптер1: Балаларға мектепте керек боламыз әр күнде.

Автор: Қалам менен қарындаш

            Жүгіріп келіп енеді,

            Оларды да мектепте асыға бәрі  күтеді. 

            Бес пен 4 – те адымдап

            Келіп үйге кіреді. .

            Осы кезде елеңдеп

            2-лік пен 1-те

             Қыстырлысып елмен бірге

            Кіргісі келді үйге

Дәптер 2: Асықпандар,тоқтандар,

Жан-жағына қарандар.

Сәулетті үйге кіруге

Жол жабық деп санандар.

Барлығы: Келіңдер,төрлетіндер 

Автор: Мектепке барамын деп

Бар бала жиналды.

Сәулетті үй портфелі,

Дайын міне күтуде.

Тәрбиеші: Құрметті ата–аналар, тәрбиеші апайлар, балғын бүлдіршіндер өздерін тәрбиелеп, мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір–бір шумақ өлең жолдарымен білдіргілері келіп тұрған сияқты. Тыңдап көрейік. 

Ескендір: Тамылжыта ән салдырып үйреткен,

Мың бұралта биімізді билеткен.

Сазгер апай сізге де алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүректен.

Ерасыл: Баулап, баптап өсірдіңіз,

Бұзықтық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз өзіңізді, 

Ұмытпаймыз сөзіңізді. 

Алишер: Орын берген бақшадан, 

Тәрбиеші апай жақсы адам,

Сондықтан да біз үшін, 

Артықсыз өзіңіз басқадан. 

Ән «Қошақаным» ұлдар

Әйгерім: Мектепке енді барамыз,

Үлгі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бесті аламыз.

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз,

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

Томирис: Мектепке биыл барамын,

Қолыма қалам аламын.

Дайын тұр сауыт-сайманым,

Дайын тұр жазар қаламым.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Камилла: Дайын тұр киер көйлегім,

Үйімде бүгін той менің.

Өзімше мен де кәдімгі 

Оқушыдай сөйледім.

Саида: Тану үшін бабанды,

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды-

Мектеп керек адамға!

Сақтау үшін арыңды

Сатпау үшін жанынды

Өсіруге танымды-

Мектеп керек адамға! 

«Қазақша би»

Жүргізуші: Айналайын балалар,

Алда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі, 

Өнерпаздар, даналар.

Ән: «Тәрбиеші» 

Аружан: Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып, билеткен,

Таныстырған ең алғаш,

Әріптермен, суретпен-

Бізге тұңғыш тақпақта,

Жалықпастан жаттатқан.

Түсіріп топ сынына

Жақсымызды мақтатқан,

Біздің Қымбат апайға мың алғыс!

Алишер: Доспен тату ойнауды,

Мерекені тойлауды,

Бойымызға сіңірген.

Көптің қамын ойлауды,

Білуге біз құмармыз,

Маза да алған шығармыз,

Таза сәби жүректен

Алмагуль  апайға   мың алғыс!

Жүргізуші: Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызды қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін. – дегендей, «Қош балалар бақшасы» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Балабақша түлектеріне ақ тілегін айту үшін балабақша меңгерушісі Айкумыс Жалелқызына сөз береміз.

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Ұмытпаңдар тәрбиеші салған із барын,

Алдарыңда ұзақ жолдарың бар.

Оқумен өсіп толыңдар,

Қиындыққа мойымай, 

Аман – есен болыңдар. 

Бүгінгі «Қош бол, балабақша» ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Балалар, сендерге сәт–сапар тілейміз!

746 8
Иманберлинова Қымбат Наскебаевна, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, "Қызылжар орта мектебі" КММ ішіндегі шағын орталық тәрбиешісі № 001625
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Бибигуль
26 января 2022 14:50
Керемет! Өте қызықты, пайдалы баяндама.
Ботагоз
26 января 2022 14:50
👏👏👏👏керемет💐💐💐
Ляззат
26 января 2022 14:54
Өте керемет!!!👍👏
Ажар
26 января 2022 14:58
Жаксы жоспарланған ертеңгілік. Өзіме жүктеп алдым. Жұмысыңыз алға басып, өрлей беріңіз!
Асия
Асия
26 января 2022 15:10
Оте жаксы.💐
Yernar
26 января 2022 15:10
Keremet. Осындай контент көбірек болсын.
Гульжиган
26 января 2022 15:17
Керемет молодец поздравляю
Гульжиган
26 января 2022 15:17
Молодец круто поздравляю