Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1269

Білім беру үдерісін жетілдіруде Lesson study бойынша оқытудың деңгейі мен білім сапасын арттыру


Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады 


Генри Форт 

 

     Заманауи жағдайда  оқу-тәрбие үрдісін сапалы қамтамасыз ету күрделі кәсіби іс-әрекет болып табылады. Себебі қазіргі кезде білім саласындағы қарқынды өзгерістер инновациялық технологияларды, жаңғырту мәселелерін талап етіп отыр. Осы орайда сабаққа деген қызығушылықпен білім сапасын  арттыруда Lesson Study тәсілін қолдану кеңінен таралып отыр. Педагогтар  тәжірибедегі  зерттеуге жете көңіл бөлуге тырысты. Lesson study жүйесін барлық білім беру ұйымдары теориясын жақсы түсінгеннен соң өз тәжірибелеріне енгізіп, білім мен тәрбие салысындағы өзекті мәселелерді, зерттеу сұрақтарын айқындап тәжірибедегі зерттеуге көңіл бөлінуде.  Педагогтар жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. 

  1. Lesson Study үдерісін - оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде оқу-тәрбие процесінде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен   ынтымақтастық орнатуға бағытталған процесс.
  2. Lesson Study – бұл оқудағы  іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол оқытушылар топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді;
  3. Lesson Study оқытушыға әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік береді;
  4. Lesson Study циклі сабақтың  білім алушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді;

 

  1. Lesson Study – шығармашылық топтың сабақты бірге жоспарлауды,  талдауды, сабақты өткізуді, сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын, сабақтың сапасын жақсартуға арналған үдеріс. 

         Бүгінгі күнде Lesson STADY жұмысы қашықтықтан    ZOOM  бойынша жүргізілуде. Мұндағы педагогтардың басты міндеті- өзінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін сыртқы және ішкі ресурстармен тұрақты түрде күнделікті дамыту. Егер педагогтан төмендегілерді аңғара білсек, педагогикалық шеберліктің белгілі бір дәрежесін меңгерген деп айтуға болады: - Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық. - Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі. - Оқу-тәрбие әдістерін, құралдарын қолдана білудегі үйлесімдік. - Іс әрекет мазмұнынан шығармашылық сипат алуы. Білім беру үрдісін жетілдіруді көздей отырып, педагогтардың бірлескен әрекеттері арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірлескен топтық әрекеттердің жүзеге асуы барысында топтағы мүшелері әрқайсысы өз идеясын ұсынады, ұсынылған идеялар топта талқыланады, талданады, идеяның жетістік жақтары мен кемшілік тұстары айқындалады. Бірнеше идеялардың ортаға салынып талқылануы ең тиімді идеяларды айқындауға немесе бірнеше идеялардың негізінде ең эффективті идеяны ұсынуға көмектеседі. Мысалы:  2016 жылы бүкіләлемдік экономикалық форум президенті Давос Клаус Шваб төртінші технологиялық революция басталды деп жариялаған болатын. Ол енді біз үшін барлық қызметті роботтар атқарады деген сөз еді, ал бүгінгі күнде  өзін қажетті деп санайтын әр маман төмендегілерді білуі тиіс:

  • Кешенді  тапсырмаларды шеше алуы;
  • Сыни ойлай алуы;
  • Шығармашылықпен ойлауы;
  • Адамдарды басқара алуы;
  • Командамен жұмыс істей алуы;
  • Басқа адамдардың эмоциясы мен өзінің эмоциясын анықтап, оларды басқара алуы;
  • Өз ой пікірін айтуы және пайымдап, шешімдер шығара алуы;
  • Тұтынушыға бейімделуі;
  • Келісім жүргізе алуы;
  •  Бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алуы.
  • 2015 жылы 4 және 10 орында болған тұлғаның сыни ойлау мен шығармашылық дағдылары 2020 жылға қарай, ең қажетті үштіктің санына енді. Бұл икемділіктерді Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттілік), ал оған қарсы Hard Skills — «қатаң» кәсіби дағдылар деп атау шешілген. Біздің елімізде білім беру саласының мамандары Давосстың алғашқы ондығын төрт негізгі дағды жүйесіне қысқартты, сосын оған «4К жүйесі» деген атау берілді.  

Сыни ойлау (Критическое мышление) (CriticalThinking);

Шығармашылық (Креативность), (Creativity);

Қарым-қатынас (Коммуникация), (Communication);

Ынтымақтастық (үйлестіру), (Координация), (Coordinating With Others).

 

  Осы   идеяны негізге ала отырып, біздің шағын шығармашылық топтың Lesson Study бойынша алынған проблемасы: «Оқыту мен оқудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы студенттердің  4  К моделін дамытып, білім сапасын арттыру» 

Мақсаты: Бәсекеге қабілетті маман қалыптастырып, білім сапасын арттыру мақсатында  жаңартылған білім мазмұны бойынша интербелсенді әдістердің тиімділігін арттыру;

Міндеттері:

- студенттердің білім деңгейін көтеру;

- оқыту әдістемесін жетілдіру;

- Топтағы АВС деңгейлі студенттердің сабаққа деген мотивацияcын арттыру;

- Жаңартылған білім мазмұны бойынша интербелсенді әдістердің тиімділігін негіздеу; 

Зерттеуді жүргізу  кезеңдері:

1. Ұйымдастырушылық

2. Жоспарлау

3. Сабақты зерттеу.

4. Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу.

  1. Ұйымдастырушылық кезең. Ұйымдастырушылық кезеңде алдымен зерттеу өткізілетін топ таңдалып алынды. Lesson Study жүргізу үшін зерттеу тобы таңдап алынды. Lesson Study   тақырыбы, мақсаты анықталды.
  2. Жоспарлау кезеңі. Тақырып анықталған соң, жоспарлау кезеңі басталды. Зерттеуге қатысушы оқытушылар тобы бірлесе отырып зерттеуді жүргізу жоспарын жасалды. Жоспар үш кезеңді қамтиды: ұйымдастыру, зерттеу сабақтарын өткізу, қорытындылау. Ұйымдастыру кезеңі бойынша топтан сауалнаманы алынып, қорытынды жасалды, жоспар құрылды,  оқу үлгерімі әр түрлі деңгейдегі (А,В,С) студенттер белгіленді: 

 А деңгей – жоғары 

 В деңгей – орта

 С деңгей – төмен

3. Күтілетін нәтижелер анықталды: 

- Оқытудың интербелсенді әдістері-белсенді, тиімді оқыту ұйымдастырудың негізгі құралы болатыны дәлелденеді;

- Жұптық, топтық, шығармашылық жұмыстар арқылы студенттердің белсенділігі артады;

- А топтағы студенттердің    көшбасшылық қасиеттері дамиды;

- В топтағы студенттердің    белсенділігі артады және оқу көрсеткіші жақсарады;

- С   топтағы студенттердің   оқу көрсеткіші В   топқа жақындайды;

- Топтың сабаққа деген қызығушылымен  білім сапасы көтеріледі;

4. Арнайы бақылау кестесі жасалды: 

5. Талап критерийлері белгіленді:  

6. Жұмыс картасы жасалып, жұмыстар белгіленді: 

7. Өткізілетін уақыты көрсетілді: 

8. Зерттеу тобына кіретін оқытушылар белгіленді: Модератор, менти және 3 негізгі қатысушы

    

Lesson Study өткізу тәжірибесінен

Ұйымдастыру, жоспарлау кезеңі :  

      Жаңартылған білім беру  бағдарламасының  негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі компоненті - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Функционалды сауаттылық дегеніміз - жеке тұлғаның  қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда, кез - келген өмірлік жағдайда  өзінің білімін сауатты қолдана алу дағдысы.  

         Студенттерді білім сапасын көтеріп, мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында  тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау, оларды шығармашылықпен қолданып, белсенді оқу сабақтарын ұйымдастыру  мақсатында    жеке пән әдістемелері бойынша оқытушыларының бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргізілді.

          Интербелсенді әдістеме – өзара әрекеттесу мен әрекет арқылы үйрету, яғни:

  1. ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
  2. проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
  3. өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру. Оларды дәлелдей және қорғай білу;
  4. әлеуметтік ортада ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;
  5. өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
  6. өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

 

            Әр сабақ соңында студенттермен интервью алынды: 

Қойылған сұрақтар – Сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

  1. Сабақ барысында ұнаған 2 сәт
  2. Ұнамаған  2 сәт
  3. Алдағы уақытта ұсыныс
  4. Топтық жұмыста қандай әрекеттер атқардыңыз?
  5. Топтық жұмыстағы тиімді 4 әрекеттерді  атап беріңіз.

 Сұхбат біткен соң топ мүшелері жиналып, сабақты талқылады, оң нәтижелерді анықтап, ұсыныстар беріп, келесі сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін белгілеп отырды. Алдағы сабақтың жоспарларын бірлесе жоспарлап, әдіс- тәсілдерді тиімді таңдау жолдарын ұсынды. Әр сабақтан кейін пән оқытушылары рефлексиялық есеп жазды.

                     Сонымен, оқыту үдерісінде   білім алушылардың 4 К моделі бойынша басқарушылық, ақпараттық, танымдық, коммуникативтік әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, технологиялық  құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін басшылыққа алдық. Яғни белсенді оқу сабақтарын ұйымдастыру. Сабақ барысында топқа бөлу, жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру, оқытудың интербелсенді әдістерін тиімді қолдану. Lesson Study жүргізудің негізгі мақсаты білім сапасын арттыру үшін интербелсенді әдістерді тиімді қолдану  болғандықтан сабақ барысында белсенді оқытудың әдіс -тәсілдері қолданылды. Жаңа материалды  интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы  меңгеру жоспарланғандықтан, сабақтың жоспарына студенттердің пән бойынша деңгейлері ескеріліп, тапсырмалар дайындалып, әдістері таңдап алынды. Диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және 3 тілде жаттықтыру мақсатында CLIL технологиясының элементтерін қолданып терминдермен жұмыс жасап, тақырыпқа сай ән айту, «Кластер» құрау, слайд жасау тапсырылды.

А,В,С деңгейлік тапсырмалар. АКТ: аудиожазба, бейнефильм. «Жеміс ағашы», SWOT талдау, «6 ойлау қалпағы», қалыптастырушы бағалауға «Жетістік пирамидасы»  тб әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды.

 

          Қорыта келгенде Lesson Study зерттеуі әрбір оқытушы  үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін, педагогтардың бірлескен әрекеттерінің ұтымды әдісі, яғни ол педагогтардың өз тәжіибелерін бірігіп зерттеуден және рефлексиялаудан тұрады. Сонымен бұл әдістің негізгі ұғымы- БІРЛЕСУ. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study- де қатып қалған қағидалар жоқ. Жасасын қате! Осы әдіс ауқымында өз жолымызды табуға ұмтылу керек. Ол үшін біз үнемі өз сабақтарымызда, Lesson Study тобында, колледж ішінде, колледжаралық тәжірибеде эксперименттер жасауымыз керек. 

     Lesson Study әдісін    пайдаланатын көптеген педагогтардың айтуынша, зерттелетін жекелеген  студенттердің оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз студенттеріміздің  әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар студенттердің   аралығындағы «орташа» топты оқытуға қарағанда, Lesson Study  оқытушыға өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір студенттің қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

   

 

Пайдалынған әдебиеттер:

1. Department for Children, Schools and Families. (2008). Improving practice and progression through lesson study: a handbook for head teachers, leading teachers and subject leaders [Lesson Study арқылы тәжірибені жетілдіру және алға жылжу: аға оқытушылар, көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған нұсқаулық]. London: DCSF. 

2. Dudley, P. (2008). Lesson study in England: from school networks to national policy [Lesson study Англияда: мектептің желілік қоғамдастығынан мемлекеттік саясатқа дейін]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual Conference, Hong Kong Institute of Education. 

Dudley, P. (2011). How

3. Асхат Әлімов  «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»  Алматы, 2013

                                                                                     

2 217 0
Айтбаева Айгүл Тлеубаевна, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің ПЦК төрайымы, педагогика пәнінің оқытушыcы № 001728
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: