Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1266

ОН БЕСІНШІ ҚАРА СӨЗ ІЛІМДІК КОМИКСТЕРДІ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

 Абайдың қара сөздеріне негізделген ілімдік комикстер жас оқырманға қазіргі заманауи оқыту технологиясын қолдана отырып, ғұлама ақынның философиялық идеясын оқып зерделеуді графикалық новелла форматында ұсыну, ағылшын тілін меңгеруді ұлттық идеямен, құндылықтармен байланыстыру мақсатында пайда болды.  Комикс – күлкілі деген мағынаны береді және комикс жанры ұзақ немесе қысқа болуы мүмкін. Абай Құнанбаевтың  45 қара сөзінің барлығы комикс форматына келе бермейді. Ілімдік комикстер топтамасына ақынның төрт қара сөзі таңдап алынды; Он бесінші сөз, Он жетінші сөз, Он сегізінші сөз, және Жиырма бірінші сөз. Негізгі міндет мектептегі oқy бағдарламасы көздеген оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуін жүзеге асыру. Атап айтсақ:

  1. Оқыту барысында сандық және медия технологияны пайдалану,
  2. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту, 
  3. Орындалған іске рефлексия жасау үрдісін үйрету.

  Жоғарыда аталған міндеттерге қол жеткізу үшін оқыту әдісін түрлендіру абзал. Тілге үйретудің алғышарттарының бірі оқушылардың танымдық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру болса, тілдік бірліктерді үйрете отырып, мәтінмен жұмыс жасау осы талапты орындауға көмегін тигізетін әдіс. Осы орайда, Абай Құнанбаевтың қара сөздері оқушының білімін дамытуға қажетті академиялық мәтін үлгісі ретінде алынып, оқушыларды шет тіліне үйретуде оқыту дағдысын дамытып, оқылым барысында түпнұсқа тіл мен екінші тілдің лингвистикалық өзгешеліктері мен семантикалық   ерекшеліктерін салыстыра қабылдауға, әрі пән аралық байланыс жасауға көмегі орасан.  

      Абай Он бесінші қара сөзінде «ақылды» адам мен «ақымақ» адамның арасындағы айырмашылыққа талдау жасайды. Он бесінші қара сөзді ағылшын тілінде оқыту мақсатымен және оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру үшін тартымды суреттер қолданылып, http://www.makebeliefscomics.com сайтының көмегімен комикс тізбегі жасалынды. Комикстегі мәтінді талдауға тілдік дағдыларға дамытушы жаттығулар құрастырылды. Мәселен, мәтіналды оқу тапсырмасына оқушылардың интеллект және көп түрлі интеллект туралы не білетіндігін айқындау мақсатымен сұрақтар қойылып, шағын талдау, өзара пікір алмасу жүреді. Комиксті оқымас бұрын сыныпта мәтіналды талқылау жүргізіледі. 

              BEFORE READING. Discuss in your group 

  1. What is intelligence? What is human intelligence?
  2. What do you know about multiple intelligences?











Комиксті оқымас бұрын оқушылар осы сұрақтарға жауап іздеп, топтық немесе жұптық жұмыс жасайды. Мәтіннің жаңа сөздерімен танысады. Сонан соң оқуға кіріседі. Мәтін оқылымынан кейін  оған байланысты сұрақтар талқыланады. Сұрақтардың алуан түрі мәтіннің мән мағынасын түсінуге жетелейді.

TASK 1. Discuss the questions with your peers:

  1. What types of people are depicted in Word 15?
  2. How does Abai characterise the difference between an intelligent and a ‘stupid’ person?
  3. In this Word, Abai teaches us to reflect. What is the significance of reflection?
  4. Why is it important to reflect every day, every week or once a month?
  5. How often do you reflect? What do you usually reflect on?
  6. How do reflections at the lessons help you? Give examples.

Мәтіндегі күрделі сөздердің синонимдері мен түсіндірмесі және аудармасын есте сақтау үшін төмендегі кестенің тапсырмасын орындау ұсынылады.

 

TASK 2. Categorise the words from Word 15 into Parts of Speech. Some examples have been done for you.

 

Personality adjectives

        Nouns 

Abstract/Object

Verbs

Adverbs

sensible

sense

attract

steadfastly

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Мәтіндегі сөз таптарын берілген кестеге топтау жұмысы қара сөздегі қолданылған сөз формасын түсінуге және жаңа сөйлем құрастыруға жәрдемдеседі. Өйткені аударма мәтіндегі кейбір есім сөздер, «frivolous», «futile», «fascinating», «restrain», «bridle» тағы басқалары жаңа сөздер. Мәтіндегі күрделі сөздермен жұмыс жасау тілдік дағдыға оқытудың бөлінбес кезеңі.

      Қазіргі заманғы педагогикада рефлексия мәселесі сабақтың маңызды бөлігі болып табылады. Зерттеуші ғалым Stella Cottrell (2010), бұл жөнінде «Reflection is a type of thinking. It is associated with deep thought aimed at better understanding. It includes a mixture of elements, such as: making sense of experience, repetition, deeper honesty, ‘weighing up’, clarity, understanding and making judgements» деген түсініктеме береді. Ал, Абай атамыз «рефлексия» жөнінде 1894 жылы Он бесінші қара сөзінде айтып кеткен екен. Жоғарыдағы мәтіннің қорытынды бөлімінде Абай оқырманға «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» дейді.  

Дәл осы параграфты оқушыларға аудармаға беруге болады. Бұл арқылы аударманың дұрыс бұрыстығын түпнұсқа үлгімен салыстыру ұсынылады және оқушы аударма барысында екі тілдегі тілдік ерекшеліктерді байқайды.

     “If you wish to be counted among the intelligent, then ask yourself once a day, once a week, or at least once a month: «How do I live? Have I done anything to improve my learning, my worldly life or my life hereafter? Will I have to swallow the bitter dregs of regret later on? »   Or perhaps you don't know or remember how you have lived and why?” 

    Мектеп оқушылары сабақ соңында міндетті түрде кері байланыс пен рефлексия жасайды. Осыған орай, оқушының зердесіне Абайдың қара сөзіндегі рефлексия мен қазіргі заманғы рефлексия жолдарын салыстыруды төмендегі тапсырмамен байланыстыруға болады. 

       TASK 3. Abai describes the intelligent person and underlines that: “A sensible man will interest himself in worthy and serious matters, he will steadfastly pursue his objectives”. How persistent are you in steadfastly achieving your objectives? Reflect on this. (Stella Cottrell, 2010). Бұл рефлексиялық үлгіде оқушының білім алу барысында жеңіл тапсырма орындауға емес, сыни тұрғыдан ойлауға, интеллекті дамытуға жетелейтін тапсырмаларды орындау дағдысына үйрету мақсат етіледі. 

REFLECTION

 

COMPLEXITY

  • ·         What kind of complex, skilled, multi-layered or multi – sequenced activities do you enjoy?
  • ·         What kind of complicated tasks do you avoid?
  • What makes you seek out, enjoy one kind of complexity, and avoid others?

 

 

 

 

       












Оқушылардың мәтіндегі тілдік бірліктерді және оның мағынасын түсіну олардың қызығушылықтары мен бейімдеріне қарай түрлі болады. Сондықтан, оларға жеке жұмыс жасауға, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға қолдау болар тапсырма жүктеген абзал. Айталық, Он бесінші қара сөзге тақырып ойластыру немесе осы қара сөздің негізінде берілген сайттарды қолдана отырып оқушының өзінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырма, яғни осы тақырыпқа басқа комикс құрастыру жұмысы тапсырылады. Бұл тапсырма арқылы оқушының қара сөзді түсінуі мен оның қиялының шарықтауы немесе сабақ нәтижесін анықтау көзделеді.

 

TASK 4.  Word 15 does not have a title; come up with a title for this comic strip.

 

TASK 5. How would you draw the characters in Word 15? Create your own version of this comic and send to your friends, teachers and parents. You may use any of the following comics sites:

 

http://www.makebeliefscomics.com

www.pixton.com

www.bitstrips.com

 

       Қорыта айтқанда,  Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің (Он бесінші сөз, Он жетінші сөз, Он сегізінші сөз, Жиырма бірінші сөз) көмегі арқылы оқушыларды қызықтыра отырып, қара сөздердің идеясын дұрыс түсінуіне көмектесу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау және жазу қабілетін, әртүрлі тапсырмаларды орындату арқылы сөйлеу тілін дамыту міндетін жүзеге асыруға, тілдерді салыстыра оқуға   болатындығын атап өтуге болады. 

      Сонымен бірге, комикс топтамасын ағылшын тілін үйренуде кездесетін түрлі тақырыптарды оқыған кезде бастауыш мектеп пен орта білім беру мектептерінде, жоғары оқу орындарының студенттері де қосымша немесе  практикалық құрал ретінде пайдалана алады. 

 

Қолданылған әдебиет:

  1. Abai. Book of Words. - Translated by Richard McKane and David Aitkyn. Almaty, 1995
  2. Stella Cottrell (2010) Skills for Success, Personal Development and Employability, Palgrave Macmillan.

 

Интернет көздері:

http://www.makebeliefscomics.com

www.pixton.com

www.bitstrips.com

 





599 0
Гаухар Халық, Назарбаев Зияткерлік мектебінің Халықаралық бакалавриат мұғалім модератор, ағылшын тілі пәні мұғалімі № 001828
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: