Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1257

Жаңартылған білім беру бойынша оқушылардың оқуын саралау тәсілдері

       Қазіргі таңда білім берудің жаңартылған мазмұн жағдайында мұғалімдердің тәжірибесінде көптеген өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер мұғалім тәжірибесін дамытуға бағытталған. Осылайша жоспарлау және оқытуда саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту (дифференциация) латын тіліндегі «difference» сөзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бөліктерге, нұсқаларға, сатыларға бөліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде «differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді.

    Саралап оқыту әрекеті — білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев,       С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл — ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

    Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

1.Тапсырма: мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.

2.Дереккөздер: кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады, баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

3.Қарқын: кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады,негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

4.Қорытынды:барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады, мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

5.Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

6.Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.

7.Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.

    Саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

         Сабақтың басты міндеті оқу мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады және сабақ жоспары осы оқу мақсатының төңірегінде құрылады. Сараланған сабақ мақсаттары да, одан туындайтын бағалау критерийлері мен тапсырмалары да оқу мақсатын жүзеге асыру үшін құрастырылады. Сабақ мақсаттары (барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі және кейбір оқушылар) оқушылардың танымдық деңгейлеріне қарай қойылады. 

 Оқушылардың   сабақ барысындағы  жұмысын  ұйымдастыруда тарих сабғында ойлау дағдыларының деңгейіне  қарай әдіс-тәсілдерді былай жіктеуге болады.

1.Білу,түсіну. «Сәйкестендіру кестесі», «Атаулар туралы үш сұрақ» , «Ақиқат,жалған» , «Ыстық орындық», «Конверт сұрақ» , «Кубизм» т.б

2. Қолдану. «Терминдер кестесі» , «Кластер», «Алты W», «Т кестесі», «Ара ұясы»,  «Тұлғаны таны», «Тарихи лото», «Венн диаграммасы» т.б

3.Талдау. «Тұжырымдамалық карта», «Екі жақты күнделік» , «Фишбоун», «Ұқсастық пен даралық» , «Болжау кестесі» т.б

4.Жинақтау. «Егерде мен..», «IDEAL», «Ойлаудың алты қалпағы», « Мәтін талдау кестесі» т.б

5.Бағалау. «Данышпан үкілер», «FILA  кестесі», « SWOT талдау», «ПОПС», «ПТМС-формуласы» т.б

Мысалы: 9-сыныптағы кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылығында орын алған өзгерістерге баға бергенде мынандай саралау тапсырмаларн беруге болады.

А тобы. «IDEAL» әдісі арқылы кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылы-ғында  орын алған өзгерістерге баға беру.

В тобы. «ПТМС-формуласын» қолдану арқылы  кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылығында   орын алған өзгерістерге баға беру.

С тобы. « SWOT талдау» арқылы  кеңес үкіметі кезіндегі ауылшаруашылы-ғында  орын алған өзгерістерге баға беру.

6-сынып. Көшпенділердің  қолданбалы  өнер жетістерін сипаттау.

А тобы. «Кластер» арқылы  көшпенділердің  қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.

В тобы. «Т кестесі» арқылы көшпенділердің  қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.

С тобы «Венн диаграммасы» арқылы көшпенділердің   қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.

    Тарих сабақтарын жоспарлауда оқушыларға тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай күрделендіріп беруге дағдыланған дұрыс. Бұл арқылы сіз қарқыны жылдам оқушыларды қосымша тапсырмалармен қамтамасыз ете аласыз.

     Жоспарлау мен оқыту үдерісінде саралаудың тәсілдерін қолдану балаларға оқу тапсырмаларын өз деңгейі бойынша, қолдау немесе көмек көрсету арқылы орындауына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың оқуға деген сенімділігі мен ынтасын арттырады.

 

1 082 0
Магзиева Гулзат Кабдешовна, «Б.Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ тарих пәнінің мұғалімі,Шығыс Қазақстан обылысы,Тарбағатай ауданы. № 001725
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: