Дүниенің бар мәні –махаббатта.
Сара Алпысқызы
Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.
Яғни, жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруымыз қажет.
Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер керек.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз.«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой).Өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.«Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін-өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол. «Өзін-өзі тану» пәні – өзге пәндерден ерекше. Ол дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән. Адам болып туу аз, Адам бола болу керек! «Адам болу!» қағидасын мұрат еткен Абай атамыз өзінің он төртінші қара сөзінде: «Адам бойындағы ең қымбаты – оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу-мұның барлығы жүректің қалауы».Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың жалпыадамзаттық құндылықтар, адамгершілік қасиеттер, жарасымды қарым-қатынас туралы түсініктер кеңейеді. Мақсат-міндеттер әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді көздейді.Құндылықтар деп – адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді атайды. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жадпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар біртұтас,өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды. Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу.
Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса,ол Ақиқатқа айналады.
Жақсы болу;
– Жақсы нәрсе туралы ойлау;
– Жақсы нәрсе айту;
– Жақсы нәрсе тыңдау;
– Жақсы нәрсе көру;
– Жақсы әрекет жасау.
Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Дұрыс әрекетке:
1. Әдет;
2. Қанағат;
3. Ынтымақтастық;
4. Тәртіп;
5. Парыз бен ризашылық;
6. Дұрыс ой;
7. Дұрыс сөз жатады.
Адам:
– ақиқатты түсіне алғанда ғана;
– жақсыға ұмтылғанда ғана;
– Дұрыс әрекет жасағанда ғана;
– Жүрегін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана тыныштыққа қол жеткізеді.
Рухани-адамгершілік білім беру – адамның ішкі жан дүниесінде болатын өзгеріс. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі. Өзін-өзі тану адамның риясыз сүйе білу қабілетін ашып береді және қоғамға қызмет ету дағдысын дамытады.регін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана тыныштыққа қол жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білімнің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар көзі – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздың аңыз әңгімесі, ертегісі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларымыздың шығармашылық еңбертерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену, «Өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады. . «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», ендеше болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілікті ұялата отырып тәрбиелеу ол біздің, яғни отбасы мен ұстаздардың міндеті екендігін ұмытпайық, ағайын!