Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1252

Жаңбыров Әділ Жаңбырұлы. Ұлы Отан Соғысының ардагері

     Тағы да көктем келді. Айнала жасыл желекке оранып, тал-теректер бүр жарды. Көктемнің көпке ортақ тамаша мерекелерінің бірі – Жеңіс күні. Аталарымыздың өшпес ерлігі мен еңбегінің жемісі – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне жете алмай кеткен ардагерлер де бар...

   Уақыт өтер, керуен көшер. Ел есінде қалатыны адамныңөнегелі ісі, абыройлы еңбегі. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктері де өміршеңдікке ие. Майдангерлердің есімдері мен ерліктерін әркез айта беруден жалыќпаймыз, жалығуға тиісті емеспіз. Олар жайлы талай кітаптар жазылды. Талай маќалаларға арќау болып, әңгіме өзегіне айналды. Себебі, бірімізге аға, енді бірімізге әке, кейінгілерге ата болған майдангерлердің ерліктерін кейінгілерге дәріптеу әр ұрпақтың парызы. Сондай майдангерлердің бірі, марқұм Жаңбыров Әділ Жаңбырұлы. Ол Ұлы Отана соғысының ардагері, бар  өмірін кейінгі ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз. Көзінің тірісінде мектебімізде өтетін соғыс  ардагерлерімен кездесулерге  кеудесіне жарқыратып орден, медальдарын тағып келетін. Соғыстан елге жеңіспен оралғанын,сол бір қиын кезеңде өзінің бастан кешірген оқиғаларын, соғыстағы халқымыздың ерлігі туралы айтып беретін.

     1941жылы желтоқсан айында ауыл мұғалімі Әділ Жаңбырұлы  даауылының ондаған азаматтарымен бірге Отан қорғауға майданға аттанды.Сержант Әділ Жаңбыров Аякөзде жасақталған 1315полк құрамында Орша қаласы түбінде алғашқы ұрыстарға қатысады.1943 жылы 29 қараша күні фашистер Орша қаласын басып алмақ болып күшпен шабуыл жасайды.Міне,осы қорғаныс үстінде снаряд жарығы көзіне тиген ол, төрт ай бойы әскери госпитальдарда емделіп,1944 жылы 24 наурызда майданға қайта аттанады.Мұнан соң бөлімше командирі ,сержант Ә.Жаңбыров Беларусь майданында фашистерге қарсы шайқастарға қатысады .
     1945 жылдың наурыз айында Польша жерінде Одер өзені бойындағы Франкфурт қаласын азат еткеннен кейін,Коммунистік партияға мүше болып қабылданады .1945 жылдың 2 мамырында Советтер Одағының Жоғарғы Қолбасшысы маршал Сталиннің   бұйрығымен  «Майдандағы  ерлігі үшін» алғыс хатымен марапатталды. Соғыс жеңіспен біткен соң, ол Эльба бойынан елге қайтады.Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» , «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталған. Жауды жеңіп   елге оралған соң , Қарабекауыл аудандық оқу бөлімінде инспекторлық  қызмет атқарды .1959 жылы Мырзашөл аймағын  игерушілер қатарында Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, 1978 жылға дейін   сол өңірдегі  «Победа», Ы. Алтынсарин атындағы мектептің директоры қызметін атқарды. Осы жылдар ішіндегі жемісті еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-і және КСРО- ның «Халық ағарту ісінің үздігі» атақтарын алған.
     Ардагер  ұстаз отбасы 1978 жылытуған жеріне қоныс аударып, қазіргі Қарақия ауданының Мұнайшы кентіндегі № 5 орта мектепте еңбек жолын жалғастырып, кейіннен зейнеткерлікке шықты.1995 жылы  Ұлы жеңістің 50 жылдығының құрметіне ҚР Президентінің  жарлығымен   « Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол өмірінің соңғы күніне дейін қоғамдық  жұмыстардан қол үзбей, Мұнайшы кентінің ардагерлер кеңесін басқарды .
     Берекелі  отбасының иесі Жаңбыров Әділ он ұл- қыз тәрбиелеп өсірді. Әкесінің ұстаздық   жолын балалары  жалғастыруда. Соның бірі менің  әріптесім –Жаңбырова Гүлжан. Ол артына айтарлықтай із қал­дырған, өмірі мен еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, өмірінің соңына дейін шәкірт тәрбиелеп, білім берген ар­дақты әкесі туралы айтып отырады.

Өмір осылай жалғаса берер. Дегенмен, «Әр заманның үлгісі өзіне қымбат». Туған ауылдың иесі де, киесі де бола білген қарттарды, елімізді, жерімізді сақтап қалған ардагерлерді Жеңіс күні сайын ауылдастары еске алары анық. Олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету кейінгі ұрпақтың парызы болып қала бермек...

204 2
Арызғулова Марфуға, Мұнайшы ауылы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі № 001622
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Марфуға
22 января 2022 11:50
Сіздерге үлкен рахмет. Алғысым шексіз. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Марфуға
22 января 2022 11:51
[quote=Марфуға]Сіздерге үлкен рахмет. Алғысым шексіз. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.