Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Оқушыларға құқықтық тәрбие беру – басты мақсатымыз

«Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға

қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға

басылған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды,

кім қолдайды?» деп ойлау керек.

(Н.Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған мектептің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі - азаматтық – патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие.

Қазіргі уақытта біздің еліміз бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Кез келген адам өзі өмір сүрген ортада қоғамның бір мүшесі болып саналады. Әр мемлекеттің өз заңы болса, адам құқығын қорғайтын басты заң - Ата заң болып табылады.

Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуда, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Көптеген адамдар   санасында құқық ұғымы жазалау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік және   қоғамға негізделген тәртіп ережелері   екенін естен шығармауымыз керек.

Жеке  тұлғаның  құқықтық   мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды   баса көрсетуге болады: біріншіден, кез   келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше,  іс жүзінде,   өз  өмір  тәжірибесінде пайдалана  алуы   тиіс. Құқықтық  мәдениетті қалыптастырып  дамыту -  еліміздің   болашағын айқындаушы   көрсеткіштердің   бірі десек, өскелең   ұрпаққа сапалы құқықтық білім  мен   саналы тәрбие  беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,   нормативтік — құқықтық  құжаттармен   үздіксіз танысып, жұмыс барысында   оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен  тығыз ынтымақтастық   қарым – қатынас орнатуды  және  қажырлы еңбекті  қажет етеді.

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата – ананың баласына тәрбие беруде

жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың  сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда.   Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды деп есептеймін.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.

Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.

Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.

Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

2. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.

Мектебімізде оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап - ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті   қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, лездемелерде мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле отырып,  қандай жағдайда да құқықтары қорғалатындығы жөнінде айтылуда.

Жыл сайын мектеп үрдісінде оқу жылы басынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, ата – аналар қауымдастығы, сынып жетекшілері, ауыл округі әкімі мен учаскелік полиция инспекторы қызметкерімен бірлесе отырып құқықтық тәрбие кеңесі құрылады. Кеңестің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық санасын кеңейту, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру.

. Бұл тәрбие кеңесіндегі топ мүшесінің әрқайсысы белгіленген жұмыс мазмұнына жауапты болып тағайындалады. Мысалы, психолог, әлеуметтік педагог және белгіленген сынып жетекшісі оқу жылы басынан әр сыныптың оқушыларына психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын, жас ерекшелігіне сәйкес түрлі сауалнамалар мен диагностикалар жүргізіледі.

Нәтижесінде: жеке басымен басқа оқушыларға үлгі болатын, яғни, көшбасшылар тобы;

Оқу үлгірімі жақсы, тәртіпті оқушылар яғни, белсенділер тобы;

Сынып жетекшісінің бақылауын қажет ететін, яғни, үнемі назарға алынатын оқушылар тобы;

Құқық бұзушылыққа бейім болуы ықтимал оқушылар тобына жіктелді.

Соңғы екі топтың санатына жататын оқушылардың қатарынан көбіне әлеуметтік тұрмысының төмендігі байқалған отбасы балалары мен барлықпен өскен не киейіні, не ішейіні жоқ ерке шолжаң өскен балалар, балаларына тиісті көңіл бөлмей, өз міндеттерін дұрыс атқармай жүрген ата-аналардың балалары, жетім немесе асыраушысының біреуінен айырылған жартылай жетім, яғни, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың табылатынын байқадық. Бұл жанұялармен мектеп директоры, ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторы бірлесе отырып, отбасының жағдайына қарай материалдық көмек беру, жұмыспен қамту т.б. қажетті көмекті ұйымдастыруды жақсы жолға қойып отыр.

Мектебіміздегі өтетін тәрбиелік шара болсын, топтық жұмыстар немесе сайыстарға ең алдымен жоғарыда аталған отбасылардың балаларын қатыстыру дұрыс ұйымдастырылып келеді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден – бір жолы – бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағыттағы жұмыстардың біздің мектебімізде оң жолға қойылғанын атап кетуге болады. Егер де бала өз уақытын тиімді іске арнайтын болса, оған ұстаздары үлкен сенімділік артып, белсенділігін қолдайтын болса, бала тәртіпсіздік жасау түгіл, тіпті жаман әдетке бойын алдырмауға да дағдыланып кетеді. Себебі, балалар бір – бірінің тәрбиешісі, өзгеге ұқсап алға ұмтылудың портретін жасайды. Ал біздің мектебімізде әр баланың жеке ерекшелігіне ұштауда сыныпаралық, мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарда көрінулеріне ұстаздардың шығармашылық шеберлігі мол.

Күні бүгін мектебімізде әр жеке тұлғаның қабілеттерін ұштау, ой – өрістерін дамыту, ортада өз ойларын еркін жеткізуге, достық ортаны қалыптастыруда, белгілі бір мамандыққа баулу мақсатында әр түрлі спорттық (волейбол, футбол, баскетбол), домбыра тарту,ұлдар мен қыздар арасында «Шебер қолдар»,   қолөнер және «Айкөркем» бишілер тобы, дарындылықты ұштауда «Дебат клубы»,     қазақ халқының ұлттық (асық, тоғызқұмалақ т.б.) ойындарын насихаттау  мақсатымен ақылы және ақысыз барлығы 15 үйірме жұмыс жасайды.

СӨС қалыптастыруда Жолда жүру ережелерін үйрету, төтенше жағдайлардың алдын алуда «Жас құтқарушы» клубы, өзін – өзі басқаруды ұйымдастыруда   «Ұлан», «Жас қыран» ұйымы мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда «Қыран» жас полицейлер үгіт – насихат топтары құрылып, тиісті міндеттерін атқаруда.

Жалпы оқушылардың жас ерекшелігіне сай бос уақытын тиімді өткізуде мектепте үйірмелер мен қосымша тәрбиелік мазмұнды шаралар, спорттық сайыстар, тренингтер, сондай – ақ,  құқықтық кеңесі мүшелері, учаскелік полиция инспекторының ұйымдастыруымен бірлескен түрде кезекшілік рейдтер дағдылы өтеді. Бұл топ мүшелері - осындай игі шаралардың негізгі ұйтқысы.

Мақсатты жұмыстардың нәтижесі мектептегі құқықтық тәрбие бағытындағы жұмыстардың жақсы жемісін беріп отыр. Оның дәлелі, күні бүгін тәртіпсіздік жасап, мектеп бойынша ішкі істер бөлімінде есепте немесе мектепішілік бақылауда тұрған оқушы жоқ.

Қазір білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман.   Өскелең ұрпақтың дұрыс білім мен тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етудегі ауылдық жерде адал қызмет атқарып жатқан ауыл ұстаздарының еңбегі де ұшан-теңіз. 

 Ары қарай да осы жолда аянбай еңбек етіп, құқықтық санасы жоғары  патриот тұлғаларды қалыптастыруда еңбек ететініне сенімдіміз.

 

 

1 108 1
Карагойшина Сулужан Жадигеркызы М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батыс Қазақстан обылысы, Сырым ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000371
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гулим
29 октября 2024 21:19
реферат құқықтық тәрбие