Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1245

Эссе арқылы оқушылардың тарихи мәтінді салыстыру дағдысын дамыту

Назарбаев зияткерлік мектептердің бағалауы халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалған. 10-сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінің бағалауы UK National Qualifications Framework екінші деңгейі болып есептелінетін  Cambridge International  IGCSE Level деңгейіне сәйкес келеді.10-сынып жиынтық бағалауы Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 және 10-сыныптағы  оқу бағдарламасының мазмұнын бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады. Емтихандар білім алушылардың білім деңгейін және жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін қаншалықты пайдаланатынын анықтауға бағытталады.

Біріктірілген білім беру бағдарламасы Қазақстан тарихы пәнінің тест спецификациясы емтихан парағының   сұрақтары бойынша эссе  жазуға оқушыларды дағдыландыру басты мақсат болды. Бұл кәсіби  даму мақсатымен байланыстырылды. Кәсіби мәселенің туындауы  оқушыларының  сыртқы бағалау көрсеткіштерінен туындады.Сыртқы бағалау нәтижелерін   талдау арқылы, оқушылардың эссе жазуда   тарихи мәтінді салыстыру дағдысының жеткіліксіздігі анықталды. Сондықтан кәсіби даму мақсатта оқушылардың   салыстыру дағдысын дамыту арқылы тиімді оқыту  мәселесі тұрды. Оқушылардың осы дағдысын жетілдіруде қандай әрекеттер жасау керек деген сұрақ туындады. Алғашқы әрекет мектепте эссе жаздыру мәселесімен жиі кездесетін   әріптестерден кеңес алудан басталды. Әріптестердің тақырыпқа қатысты тарихи мәтінді оқу барысында екі (немесе одан да көп) тарихи оқиғалардың ұқсастығын сәйкестендіру мен айырмашылығын салыстыру жөнінде берген ұсыныстары пайдалы болды. Әрекеттер мен әдістерді сабақтарға енгізудегі мақсат оқушылардың оқиғаны өздігінен түсінуіне, мәселеге әр жақты көзқарас, дәлелді пікір келтіру арқылы өзіндік туынды жасай алуына дағдыландыру болды. Әдістемелік бірлестікте оқушылардың эссе жазуда тарихи мәтінді салыстыру дағдыларын қалай дамытуға болатындығы туралы мәселе талқыланып, зерттеу сұрақтары нақтыланды. Олар:

  1. Неліктен оқушылардың тарихи мәтінді салыстыру дағдысы төмен? 
  2. Эссе жазуда оқушылардың тарихи мәтінді салыстыру дағдысын қалай дамытуға болады? 

Зерттеу сұрақтары бойынша оқушылардан сауалнама  алынды. Сауалнаманы талдаудан кейін 10-сынып (17 оқушы) эссе жазуда төмендегідей қиындықтармен кездесетініні анықталды:  

  1. “мен үшін талдау жасау қиын” - 27,4%; 
  2. “мен бағалау міндеті 1 және бағалау міндеті 3 түсінбеймін” -27,4%
  3. “мен үшін тарихи мәліметтерді байланыстыру қиын» -17,6% 
  4. “мен үшін салыстыру кестесін толтыру қиын» -17,6%
  5. “мен үшін салыстыру кестесін толтыру қиын және бағалау қиынға түседі» - 5,8%

Сауалнаманы талдау барысында жоғарыдағы көрсетілген сұрақтар бағытында іс әрекеттер мен қадамдар жоспарланды. Бірінші әрекет зерттеу құралдарын қолдану болды. Олар:зерттеу күнделігі, сауалнама алу және оқушылардың жұмыстарын талдау. Әрекеттерді қалай және қай уақыттарда жүргізу кестесі жасалды. Оқушылардың эссе жазуда тарихи мәтінді салыстыру дағдысының жақсаруына ықпал ететін құралдарды ұтымды қолданудың төмендегідей жоспары құрылды:

  1. сабақта  эссе жазу құрылымын  бөлшектерге бөліп әрбір қадамдарын оқушыларға бөлек талдату және жазғызу;
  2. сабақта қолданылатын тапсырмаларды оқушылардың салыстыру дағдыларын дамытуға лайықты етіп құрастыру;
  3. эссенің құрамында болуы қажет мәселелер көрсетілген үлгі жасау;
  4. бірлескен сабақ жоспарын жасауда тақырыпқа   қатысты жоспарлау;
  5. сабақ жоспарлары, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары,ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) тапсырмалары, сыртқы бақылау сынақтарына дайындауда тиімді әдістерді қолдану, оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасау. 

Жоғарыда аталған әрекеттер сабақ барысында бақылауда болды. Басты әрекет эссе жаздырудың техникасын жетілдіру құралдары мен стратегияларын іріктеу және үйлесімді қолдану болды. Сауалнама талдауынан кейін оқушылардың эссе жазуда кездесетін қиындықтарын нақтылау мақсатымен диагностикалық тапсырма берілді.

Кесте -1. 

Тарихи эссе жазудағы кедергілер

Сұрақтың мазмұны мен өз білімін біріктіріп тұжырымдау

Бағалау міндетін түсінбеу

Тарихи мәліметтерді салыстыра алмау

Салыстыру кестесін толтыру қиын

Деректердің құндылығын бағалау қиынға түседі

 

Диагностикалық тапсырмалар қорытындылары:

Сыртқы бағалау тест спецификациясы критерийлері бойынша оқушылардың жазған эссе жұмыстарын талдау барысында мынадай мәселелер анықталды: оқушылардың тарихи мәтінді оқуда белгілі бір мәселенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыруда, белгілі бір оқиғаның әлсіз және күшті жақтарын анықтауда, ойды жинақтауда кедергілермен кездесетіні белгілі болды. 

Диаграмма-1











Диаграмма-2









Диаграмма-3










Оқушылардың эссе жазудағы негізгі кедергілері

Диагностикалық тапсырманы талдаудан кейін анықталған кемшіліктер мен  қателер қатарында: екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалар, сөздің тым ұзақтығы, детальдардың жетіспей тұруы, негізсіз деректерді келтіре беру, көпсөзділік орын алды. Оқушылардың эссе жазуда жіберетін негізгі кемшіліктерін анықтап алғаннан кейін, оларды жою мақсатында келесі әрекеттер жоспарланды. Сабақтағы іс-әрекеттерді қайтадан жоспарлау. Сабаққа қажетті ресурстарды іріктеуге, оны ұтымды қолдану жолына қарай бағыттап, эссе жазуға арнайы дайындалған тәсілдерді қолдану. Яғни, эссе жаздырудан бұрын оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында салыстыру кестелерін қолдану. Оқушылар мәтінді талдау кезінде аталмыш кестелерді толтыру арқылы мәселенің тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап, салыстыруға дағдылана бастады. Оқушылардың эссе жұмыстарында өзгерістер байқала бастады. Бұған ықпал еткен эссені бағалау критерийлерімен жазғызу болды. Оқушыларды жоғары деңгейде жазылған эссе үлгісімен таныстырып, бағалау критерийлері бойынша оқушылардың өздеріне кері байланыс ұйымдастыру тиімді болды. Оқушылар өз эсселерін үлгімен салыстырып, өздерінің кемшіліктері мен сәтсіз тұстарын тауып, өздеріне белгілеп алды.Келесі қолданған стратегия кестелерді бөлшектеп үзінділермен беру. Бұл стратегия арқылы мәселенің жағымды, жағымсыз жақтары, себептері мен салдарлары, пайдасы мен зияны, ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша талдау және өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту міндеті қойылды. Оқушылардың осы дағдыларын дамытудағы кедергілер оқиғаларды салыстыру, тарихи мәтінді талдау, деректің құндылығын  бағалау болды. Шешу жолы тарихи мәтінді бірнеше бөлшектерге бөліп, жұптық талдау жасау арқылы оқушылардың өзара үйрену жаттығуларын ұйымдастыру болды. Осыдан кейін оқушылар эссе жазуда жағдайды, оқиғаны  нақты детальдармен сипаттауға, дәлелдерді келтіруге дағдыланды. Шағын нұсқаулық дайындап, эссені бағалау парағы берілді. Бағалау парағы эссенің кіріспе бөлімінде тақырыпқа анықтама беру, тақырып маңыздылығын көрсетуден  тұрды. Сонымен, сабақта қолданылған мынадай стратегиялар оң нәтижесін берді:

  1. Эссе жазу алдында арнайы құрал арқылы оқушылардың ойын жинақтау және тарихи мәтінді талдау;
  2. Эссе жазу алдында салыстыру кестесін толтыру;
  3. бағалау міндеті 1, бағалау міндеті 2, бағалау міндеті 3 қатысты кестені толтыру;
  4. Эссе жазудың үлгісін беру;
  5. Оқушыларға эссені бағалау критерийлерін ұсыну арқылы бірін-бірі бағалату.

Зерттеу сұрағы бағытындағы жасаған әрекеттер неге әкелді? Эссе жазуда тарихи мәтінді салыстыру дағдылары: деректерді қолдану дағдысы, ойды дамыта алуы. Бұл нәтижелер үшінші тоқсанда анықталды. Төртінші тоқсанда  жоспарлаған қадам оқушылардың екі компонент бойынша эссе жазуын бақылау. Бұл үрдісті бақылауға әріптестер сабаққа қатысып, кері байланыс ұсынды. Оқушылар өз жұмыстарына  дайындалған бағалау критерийлері бойынша төмендегідей кері байланыс жасады:

  1. критерий бойынша барлығы бар, бірақ факт пен дәлел  толық емес, В сұрағына дереккөзді қолдану орта деңгейде; 
  2. критерий бойынша барлығы жазылды, бірақ А сұрағына дереккөздерді қолдану қажет;
  3. дереккөздер А, В, С сұрақтарында қолданылған. Дереккөздердің құндылығын бағалау жеткілікті дәрежеде;
  4. А, В, С сұрақтарына пайымдау, талдау және бағалау тиісті. 

   Оқушылардың кері байланысы арқылы олардың эссе жазуда алға ілгерілеу болғандығы анықталды. Демек жасалған әрекеттер мен қолданылған құралдар оқушылар дағдысының дамуына ықпал етті. Кәсіби даму мақсатына жетуге мүмкіндіктер берді.

 

330 1
Есжанова Ғалия Кеңесбекқызы, Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Тарих пәні мұғалім-эксперті № 001620
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жанар
22 января 2022 10:57
Мақала сабақ аларлықтай деңгейде жазылған. Осындай тәжірибе алмасу мақалалары көптеп жазылса екен.