Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1240

Ақпараттық-коммуникациялық технология- сапалы білім беру кепілі

Қазіргі заман талабына сай биылғы оқу жылында қашықтықтан оқытудың тәсілдерін көптеп пайдаландым. Қашықтықтан оқытудың негізі – ақпараттық технологияны меңгеру болса, сол  компьютердің көмегімен бірнеше білім беруде өз нәтижесін берген білім беру платформаларына тоқталып өтпекпін. Өзім сабақ берген 6,7 және 9 сыныптарға электронды  оқулықтардың қосымшасын  тиімді қолдану математикадан білім беруде өте жақсы тиімділігін көрсетті. Электрондық оқулық тек оқушы үшін ғана емес, мұғалімнің де ең озық үлгідегі құралы болмақ. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамыта отырып, сабақ беру процесіндегі еңбегін оңтайландырады. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Сондықтан да болар қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл қосымшаларды  пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.Өзім пайдаланған Google форма арқылы тест алу сабақты қаншалықты меңгергенін, қандай тақырыптар қиындық келтіргеніне мониторинг жүргізуге тиімді екенін көрсетті. 

Қазіргі уақытта әр мұғалім қолданып жүрген, осы ақпараттық технологияның бір бөлшегі болып саналатын «ZOOM» платформасында және «МIRO» тақтасын үзбей қолданудамын. Қашықтан білім беру кезінде осы екеуіің атқаратын рөлі зор және ауқымды. Білім беруде аталмыш технологияны пайдалану мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 

Сабақта әр түрлі презентациялар , бейнебаяндар қолдану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, жан-жақты білім алуына мүмкіндік тудырады.Мысалы: LearningApps интерактивті модульінде  тапсырмаларды орындау кезінде дұрыс жауаптарының саны көрсетіледі.Сол арқылы оқушылар есептерде кеткен қателіктермен жұмыс  жасауына болады. Түрлі «LearninqApps» интерактивті молульін, «BilimLand», «Daryn.Online» платформаларын қолдану оқушылардың :

-      өз бетінше  тапсырмаларды орындауына

-      тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға;

-      пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісінің артуына;

-      ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамуына;

-      өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізуіне;

-      түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындауына;

-      түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексеруіне мүмкіндік береді.

        Сонымен бірге, Google Jamboard - интерактивті онлайн тақта да математика сабағында қолдануда тиімді екен. Әр бетке әр оқушының тапсырмасын жүктеп, дұрыс шығарылған есептерін және қиындық тудырған есептерін талдауға  көптеген дайын есептермен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырады. Интернеті баяу жасайтын оқушылар да осы тақтаның сілтемесін алып, кейін қайта жұмыс жасауға болады.

          «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» онлайн курсы мұғалімдердің педагогикалық қоржынын толықтырып,  жаңаша жұмыс жасау дағдыларын дамытты.Педагогикалық технологиялармен толығып, түрлі қазіргі әлеуметтік желілер -Telegram немесе WhatsApp  мессенджер арқылы оқыту аясын кеңейтілді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.

 

 Пайдаланылған   әдебиеттер:

 

1.      Журнал «Информатика және білім». – 2006. – № 7. – Б. 41-45.

2.      Журнал «Информатика және білім». – 2006. – № 2. – Б. 49-57.

3.      Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы

204 0
Рымжан Сағындықова, «№ 13 ЖББМ» КММ – нің математика пәні мұғалімі № 001819
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: