Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1239

Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу пәні бойынша жаттығулар жинағы


Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу  пәні бойынша жаттығулар жинағы– оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс. Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді. Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға, диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін. Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет. Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э. К., 1997). Осындай қателіктердің алдын алу үшін:

 • негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою; 

• егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау; 

• сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету; 

• әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру; 

• оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. 

Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады. Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарымқатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: 

- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

 - Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы: 

- Сіз қазір не істеп жатырсыз? 

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады? 

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба? 

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға: 

• жаңа идеяны тұжырымдауды; 

• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

 • идеяларды бағалауды;

  1. топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; 
  2.  сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады. Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.


Тауар айналымы. Ақша.

Адам еңбегінің нәтижесі болып табылатын өнім_________-ға айналады. Себебі, ол өзің ғана емес, басқа адамның ____________-ына арналады. Айырбасқа және сату-сатып алуға бағытталады. Тауардың орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осы ___________ деп аталады. Ақша __________ құралы ретінде қызмет етеді. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады. Тауар құнының ақшалай көрінісін____________деп атайды.

Қажетті сөздер: құн өлшемі, тауар, тұтыну, баға, нарықтық құны, құн заңы.

Енді сөзім дәлелді болу үшін қалыптастырушы бағалау жүйесі, кері байланыс сабақтарында қалай іске асып жатқандығы туралы нақты тоқталып, ой бөліссем деймін. Атап айтсам 3- сыныпта өткен Ыбырай Алтынсариннің "Баланың айласы" әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі  сабағы. Бұл сабақты әдеттегідей топтарға бөлуден, оқушыларыма бүгінгі күндеріне сәттілік тілеуден бастадым. Алдымен сыныпты әңгімедегі кейіпкерлердің суретін таңдату арқылы топтарға топтастыра отырдым. Мотивация тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жетуіміз екіталай. Барлық алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынды. Ой қозғау әдісі арқылы гиперсілтемемен көрсетілген әр ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұралды, өйткені сабаққа тартылып өз ойларын жинақтайды. Сабақтың мағынаны тану кезеңінде топтарға  шығармашылық бағыттығы тапсырмалар берілді. Оқушылар бұл тапсырманы да жекелей жұппен, топпен ақылдаса отырып әркім өз деңгейіндегі тапсыраларды ойдағыдай орындап шықты. Топтық жұмыс мәтін бойынша берілген суретке қарап ,сұрақтарға нақты өз ойымен жауап беру.I- топ Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің?  II-топ Жақсылыққа жамандық бар ма дегенді қалай түсінесің? Бұл сұраққа мәтін кейіпкерлері қалай жауап берген? ІІІ -топ Қалай ойлайсың, жақсылық жасасаң, ол өзіңе жамандық болып қайтама? Сұрақтарына жауап берді. Бұл тапсырмаларды өте жоғары деңгейде шығармашылықпен орындап шықты.  Жұмыстарын қорғау кезінде топ мүшелері ашылып сөйлей алды. Осылайша өнім жасату арқылы да сыни тұрғыдан мүмкіндігің шыңдалатына көзім жетті. Топ жұмысын қорғаған кезде оқушы бойында мақтаныш сезімі туындайтынын байқадым. Мен тапсырманы қаншалықты дұрыс орындадым деген сұрақтарын оқушылар оларды бағалаған кезде байқауға болады екен. 

Іс – тәжірибиемді қорытындылай келе мынадай түйін түюге болатынына көз жеткіздім. 

  1.  Оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады
  2. Сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді?
  3. Шығармашылық ой өрісі артады. 
  4. Оқушы өз ойын еркін айтуға дағдыланады.

Қорытындылай келе, бала мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасындағы сезім байлансын орнатып, үйлесімімділікке қол жеткізуге болады.   Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Заманымздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің " Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе -  білім деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес.

 

2 611 153
Гулнар Мамырова, №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы № 001818
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Бердикулова Шолпан
Бердикулова Шолпан
21 января 2022 13:23
Сәттілік! Жарайсыз. Еңбегіңіз жана берсін!
Тасбулатова Гульжан
21 января 2022 13:36
Керемет. Өте түсінікті, нақты екен
Тілеухан Айгүл
21 января 2022 14:36
Сәттілік,өте керемет
Ердаулет Адилхан
21 января 2022 14:37
Жарайсыз Саттилик
Тілеухан Айгүл
21 января 2022 14:40
Өте кереметт жарайсыз сәттілік
Гүлдариға
21 января 2022 14:42
Жарайсы өте керемет
Жикеева Баян
21 января 2022 14:44
Жарайсыз!
Сәттілік тілеймін!
Меруерт Әділхан
Меруерт Әділхан
21 января 2022 14:44
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Элиза Турсыналы
21 января 2022 14:45
Керемет😍жарайсыз👍🏻💐
Асел Турдимуратова
21 января 2022 14:46
Өте Керемет жарайсыз👍👍👍👍👍👍👍
Карима Кожанова
21 января 2022 14:47
Керемет, тамаша!
Асел Турдимуратова
21 января 2022 14:48
Еңбегіңіз жана берсін
Тілеухан Айгүл
21 января 2022 14:50
Еңбегіңіз жана берсін,биіктерден көріне беріңіз
Асыл Омарова
Асыл Омарова
21 января 2022 14:51
Сәттілік,табыс тілеймін!!🌷🌷
Мамырова Гулнар Умиртаевна
21 января 2022 14:52
Бердикулова Шолпан, рахмет
Ерденова Жанерке
Ерденова Жанерке
21 января 2022 14:52
Өте тамаша, керемет
Сәттілік апай
Сәттілік апай
21 января 2022 14:53
Жұмысыңыздың жемісін көріңіз
Майдагүл
21 января 2022 14:55
Өте керемет,жақсы жазылған.
Акнур Анварова
Акнур Анварова
21 января 2022 14:56
Керемет, тусиникти кең ауқымды жұмыс
Өтеева Зағима
21 января 2022 14:57
Жарайсыз!Керемет!👍Тек қана алға!
Adilkhan Karlygash
Adilkhan Karlygash
21 января 2022 14:59
Өте керемет! Еңбегіңіздің жемысын көріңіз! Тек алға!
Эльмира
21 января 2022 15:01
Керемет ! Еңбегіңіз жана берсін ! Сәттілік !
Алия Дюсеновна
Алия Дюсеновна
21 января 2022 15:02
Тамаша! Жарайсыз! Ісіңіз алға баса беріңіз!
Khanum
21 января 2022 15:02
Керемет!Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
Мамырова Молдир
Мамырова Молдир
21 января 2022 15:05
Керемет, сәттілік, еңбегініздің жемісін көре берініз!
Жарайсыз
Жарайсыз
21 января 2022 15:13
Мамырова Гулнар Умиртаевна,
Исак Айгерім
21 января 2022 15:28
Керемет .Сәттілік.
Гульнар Ширинова
Гульнар Ширинова
21 января 2022 15:31
Өте керемет . Жарайсың! Сәттілік!
Жанар
Жанар
21 января 2022 15:35
Мамырова Гулнар Умиртаевна,
Сәттілік
Абылайхан Мамыров
21 января 2022 15:45
Сәттілік, өте керемет.