Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1232

Студенттердің оқу – зерттеушілік әрекетін компьютерлік технология арқылы қалыптастыру

    Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді. Әбу Райхан әл–Бируни. Үшінші мыңжылдық кезеңі, яғни XXI ғасыр ақпарат ғасыры деп аталады. Бұлай аталуы тегіннен тегін емес. Қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпарат алынып, ол оның ең анықтаушы рөлін атқаратын болды. Ақпарат стратегиялық ресурсқа айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан былай білім құны ең негізгі байлық болып санала бастады. Ақпаратты сақтау, жинау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымының қалыптасуы жүріп жатыр. 

   Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағыттар, қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады

         Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі – техникалық оқу құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер – оқу ісін жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:

         Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.

         Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.

         Қазіргі көздері – компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.

         Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан – жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

         Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін — өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.

         Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.

Компьютерлік технология – адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.).

         Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет – сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет – сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс — әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын,  тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс — әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс — әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін «қабілетті» компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды. Оқыту үрдісіндегі компьютер мен оқытудағы  жаттығу сатысы – білім алушылар үшін тамаша құрал. Себебі компьютер оқыту үрдісінің жоғары саналылығына әсер етеді де, оқушының зерделілік және қисындылық деңгейін жоғарлатады. Компьютердің көзбен шолу және басқа да күрделі бейнелерді құрстыру қабілеттері. Оқыту үрдісінің ақпаратық каналдарының өткізгіштік қабілетін аттырады. Зерттеушілердің көзқарасынша, компьютердің оқыту үрдісіне енгізілуі білім саласын нақты дүниеге жақындата түседі. Компьютердің әмбебаптық және программаланушылық қасиеттері, көп мақсатты қолданылу мүмкіндіктері пәндерді интеграциялап оқытуға жағдай жасайды. 

         Компьютер – оқу ісін жекелендіруге мүмкіндік бере отырып, яғни адамның психикалық, педагогикалық, жеке, жас ерекшеліктерін, оның іс — әрекетке даярлығын ескере отырып, соларға сәйкес жұмыстың мақсатын, жоспарын, әдіс — тәсілдерін белгілеп оқыту. Компьютер — әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін құрал. Өйткені әр оқушы өз қабілетіне сай жылдамдықта жұмыс істей алады. Сонымен бұл техникалық оқу құралы оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерінің жақсы жағынан қапыптасуына ықпал етеді. Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т.б. принциптерге негізделеді. 

         Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс — әрекеттері өте көп, күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген оқыту тәжірибесі ғылыми — практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы – бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс – қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдіс -    тәсілдері мен құралдарының жүйесі.

         Оқытудағы компьютерлік бағдарламаның екі компоненттер тобын бөліп қарауға болады. Олар:

         Оқу материалдары, оған мәтін, суреттер, кестелер, репликалар, ережелер.

         Арнайы алгоритмдер (бағдарламалы). Олар оқу материалын, олардың оқушыларға әсерін қарастырады. Бірінші компонентті оқытыушы жүзеге асырса, екінші компонентті программист қолға алады, бірақ оқытушы тарапынан идея тасталынады. Компьютерлік бағдарламаларды жасауда төмендегідей факторларды ескеру қажет:

а) оқушы мен компьютер байланысының ерекшеліктері: педагогикалық, ойынды, ойтүрткілік, ақпараттық мазмұнда;

ә) оқу әрекетін басқару  ерекшеліктері: жауап кезінде бақылау, оқушы әрекетін жекелеген қасиетіне сай бағалау. 

         Компьютерлік бағдарлама оқушының әр әрекетіне “Жарайсың”, “Дұрыс”, “Өте жақсы”, “Қате”, “Қайта жасап көріңіз” деген реплика түріндегі сөздер, дыбыстық әсерлер мен түрлі музыкалық әуендер негізінде, түрлі түстер әсерінде, сыйлық, құттықтау, тартулар түрінде жауап қайтарады. Бұл оқушының өз іс — әрекетіне бақылау жасауына ықпал етеді. Ал компьютер экранының және кітап бетінен оқу түрлі психологиялық ерекшеліктерге ие екенін ғалымдар атап өтеді:

         Жүйке жүйесінде қол мен көз қимылын бақылайтын арнайы механизм бар. Психологтардың айтуынша, үстел үстіндегі тұрған кітаптан қолға ұстап бақылау жүргізу арқылы оқу қолайлы.

         Қол мен көз қозғалысы қағаздағы мәтінді тез қамтуға жағдай жасайды. Кітап оқу мен құжаттарды қараудағы ақпаратты қабылдау компьютер экранынан оқумен салыстырғанда әртүрлі айырмашылықта болады. Компьютерлік бағдарламада қарапайым кітаппен салыстырғанда арнайы бет ашудың автоматтандырылған қызметі қойылған.

         Кітап оқу табиғи жарықпен жүзеге асса, компьютер экраны арнайы ішкі жарықты тудырады (бір ескеретін жайт: ішкі жарық біраз сағаттан асқан соң көздің шаршауына әкеліп соғады).

         Компьютердің келеңсіз көрінісі де жоқ емес. Атап айтқанда, ол адамның (әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың) көру қабілетін нашарлатады, тез шаршатады, т.б. әсерлері бар. Мұндай жағдай дисплейді тым ұзақ пайдаланудан болатыны түсінікті. Сондықтан оқу үрдісінде мұғалім дисплеймен жұмыс істеу кезінде бұл мәселелерді ескеріп отыруы керек. Бұл мақсатта сынып іші жүйелі түрде тазаланып, желдетіліп тұруы қажет. Оқушылардың экран алдында көп отырып қалмауын қадағалаған абзал.

         Көздің демалуы үшін компьютерде экран өзгеріп отыратын бағдарламалар жасалынған. Негізінен, психологтар компьютердің адам жүйкесіне әсерін, оны реттеудің жолдарын қарастыруда.

         Пәнді оқытудың сапасын жақсарту үшін қолдану берілген ерекшіліктерге байланысты:

         Бірнеше мәрте қайталау есебінен оқушылардың ойлау, сөйлеу және тілдік материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы қасиеті үшін ғалымдар компьютерге “төзімді оқытушы” деген ат берген.

Компьютер оқытылып жатқан пән мазмұнының әдістемесінің және көрнекілігінің өзгеруіне тез бейімделеді.

         Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға түзетулер, өзгертулер енгізуге болады.

         Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай болса, компьютермен жұмыс істей отырып, оқушы таңдаулы адамдармен “жұмыстас” болады. Аталған ерекшеліктер оқушылардың жұмыс жасауына оң әсерін тигізеді. Компьютердің оқытуды жекелендіруге мүмкіндік жасауы әр оқушының әрекетін басқара алуына, оған керегінше уақытын бөле алуына оның дидактикалық мүмкіндіктерін аша түседі. Дисплей экранындағы сілтемелерге сүйене отырып, берілген тапсырманы дұрыс орындау үшін не істеу керектігін оқушы өзі шешеді. Компьютер оқушылардың білімін автоматты түрде бағалап, әділ бағасын беріп отырады. Оның көмегімен оқытудың мотивациясын күшейтуге мол мүмкіндік бар. 

 

Оқытудың компьютерлік технологиясы

         Мақсаты мен мағынасы: Студентті “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту студенттің тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады, жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімделеді .

         Білім берудегі жаңа компьютерлік технология деп, білім беру саласындағы жаңа әдістер мен мағлұматтарды түбегейлі өңдеу, тасымалдау, сақтау және оларды оқу процесінің заңдылықтарын ескере отырып көп шығынсыз мәлімдей білуді айтамыз.

         Компьютерлік технологияны қолданудың басты талабы адамның интелектуалдық мүмкіндіктерін кеңейту.  Қазіргі уақытта адам баласы білімінің өсу жылдамдығы ақпараттық дағдарысқа әкеліп тіреді. Ақпарат ғасыры ағымында білім беру ауқымы өзгеруде: білім алу, ақпаратты қолдану біліктілігімен ұштасуда. Заманға сай ақпарат тасқыны білім беру жүйесіне көптеген қиын  мәселелерді   көлденең тартуда. Сондықтан да, компьютерлік біліктілік, компьютердің көмегімен керек ақпаратты қолдана білу оқытудың негізі.

         Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану «оқытудың педагогикалық технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиясы» деген жаңа ұғымдардың туындауына себеп болды.

  Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі бағытын көрсетуге болады:

  1) жалпы компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету, мұнда компьютер – оқу объектісі болып табылады.

  2) компьютердің оқыту тиімділігін оқытудың  құралы ретінде пайдалану, яғни компьютер басқа пәндерді оқыту құралы болып табылады.

3) компьютерді іс-қимыл әрекетін шешу құралы ретінде пайдалану.

Осыған сәйкес оқытуды компьютерлендірудің міндеттері қандай және ол қалай жүзеге аспақ деген сұрақ өзінен – өзі туындайды.

Оқытуды компьютерлендірудің негізгі міндеттері:

1. Ғылымның негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектегі тәжірибелік іскерлікке дайындаудың мақсатында барлық жастардың компьютерлік сауаттылығын көтеру.

2. Жаңа ақпараттық технологияларды, есептегіш техниканы  колледждегі барлық пәндерге және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану негізінде білім беру және тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.

3. Халыққа білім беруді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында компьютерлік техниканы кеңінен енгізу. Бұл ағарту жүйесін қоғамдағы жалпы ақпараттық жүйеге қосуға мүмкіндік береді.

         Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік техниканы оқу – тәрбие процесінде пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын тәжірибе дәлелдеп отыр.

         Колледждегі білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде өзекті мәселе – студенттердің оқу-тәрбие процесінде компьютерлік технологияны кеңінен пайдалана отырып, студенттердің ақыл – ойы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту. 

         Көптеген ғалымдар компьютердің зор мүмкіндіктерін айта келіп, оның басқа техникалық құралдармен салыстырғанда төмендегі басымдығымен түсіндіреді:

         Біріншіден, компьютер оқу материалының берілу түрлерінің мүмкіндігін кеңейтеді; түрлі – түсті бояуды, графиканы, дауысты пайдалану, шындық жағдайды құруға көмектеседі.

         Екіншіден, компьютер студенттердің оқуға деген ынта – ықыласын дамытады.

         Үшіншіден, компьютер студенттерді белсенді түрде оқу процесіне итермелейді. Бағдарламалап оқытудан ерекшелігі компьютер тек студенттердің іс – қимылын бағыттап ғана қоймайды, сонымен бірге өзі де олардың көмегімен басқарылады.

         Төртіншіден, компьютер көмегімен бұрын игеруге қиындық келтірген аумағы үлкен ақпараттармен жұмыс істей алады.

         Бесіншіден, компьютер студенттердің іс – қимылын бақылауын сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.  Компьютер өзі студенттердің қатесін түзейді, педагогтың қатынасынсыз – ақ өзі  бағыт беріп отырады. Бұл мұғалімдерді тексеру жұмысынан босатып, олардың  тәрбие мәселесіне, студенттермен орындалатын жеке дара жұмыстарға көп көңіл бөлулеріне көмектеседі.

         Алтыншыдан, компьютер шектен тыс төзімді репетитор. Студенттердің жіберген қатесіне ұрыспайды, оны түзетуге мүмкіндік береді.

         Жетіншіден, компьютердің көмегімен әрбір студент жеке жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл оқу материалын тез меңгере алмайтын студентке  жағдай жасайды.

         Қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан оқу үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде студенттердің интелектін шығармашылық пен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу.

          Қазіргі, адамға қажетті білімдер көлемі қауырт әрі тез өсіп отырған жағдайда, студенттердің белгілі бір деректер жиынтығын ғана меңгеруіне ден қоюына болмайды. Сондықтан студенттердің өз бетінше білімін толтыруға ғылыми және саяси ақпараттардың ағымын да ұстай білу біліктілігіне дағдыландыру қазіргі кездегі аса маңызды іс. Оқу – зерттеушілік әрекет шығармашылықтың бір формасы болғандықтан студенттердің зерттеушілік қабілеттерінің дамуы жайлы мәселенің құрамды бөлігі болып табылады. 

         Оқыту үрдісінде оқу – зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру  және студенттердің оқу – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды қалыптастыру мынадай жағдайларда орын алады:

1. Студенттердің  оқу – зерттеу жүргізуіне жетекшілік етуге мұғалім дайын болса;

2. Студенттердің өз бетінше зерттеу жүргізуге икемділігі болса;

3. Оқу – зерттеушілік тапсырмалардың анық жүйесі бар болса.

914 0
Ибраимова Кундыз Назарбайқызы, "Үздік мақала" номинациясының иегері, Қарақия кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері № 001616
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: