Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1225

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі


 


Қазіргі таңда мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті жан-жақты дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жеке, жұппен, топпенжұмыс істей алатын мұғалімдер қажет. Жай мұғалім емес, ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үдерісін ұйымдастырушы технолог сонымен қатар педагог-тренер бола білуі керек. Ұстаз тренер оқушылмен болсын, ұстаздармен болсын үнемі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдап, өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған теориялық-әдіснамалық мәселелерден шет қалмауы керек. 

Мен  «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында, «Тәжірибедегі рефлексия » тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын оқып аяқтадым. Осы курста алған әсерім осы эссені жазуыма арқау болды. Біздің көз алдымызда жанарлары жәудіреп, білсем екен, үйренсем екен деп шәкірттеріміз отырады. Біз осындай қарқынды дамып жатқан заманда дәстүрлі білім берумен шектеліп қала алмаймыз. Педагог жазушы Ж.Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген сөздерден ұғатыным өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады.Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Мен өз сабақтарымда  жаңа модульдердермен, білім беру технологиясын және педагог кадрлер біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында сындарлы, белсенді оқыту теориясын негізге аламын. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осындай жаңа технологияларды қолданамын. Курс негізінде оқып білген жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруге келсем, жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық. Жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс–тәсілдері: белсенді оқу, бірлескен оқу, модельдеу, саралау, т.б.

   Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейінқиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. 

   Әр ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Оқушының жеке басын құрметтей отырып білім беру- қазіргі оқытудың негізгі талабы.

200 0
Такишева Жайнагуль Егинтаевна, С.Торайғыров атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі № 001816
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: