Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1224

Абай әлемі

      Абай  Құнанбайұлы   ғұлама, ойшыл, ақын, композитор, ағартушы, аудармашы, қазақтың бас ақыны.  Әлемде Абай Құнанбайұлын білмейтін қазақ кемде – кем шығар. Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толды. Бұл мерекені бүкіл қазақ елі тойлауда. Осыған орай, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №34 орта мектепте  де қазақ тілі мен әдебиеті бірлестіктері «Абай әлемі» атты вебинар өткізді.   Мен өз мақаламды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың « Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылған «Абайдың ой – тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады, Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді... Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деген сөзімен бастауды жөн көрдім.  Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жазып бастаған болатын. Алғаш рет ақын ретінде Абай «Жаз» («Жаздыгүн шілде болғанда...») өлеңін жариялады. Одан соң өзінің поэмалары мен қара сөздерін жаза бастады. Сол уақытта ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы. Ол өзінің өлеңдерінде сараң байларды қатты сынады. Абай қазақ халқын еңбек етуге шақырды. Кейбір адамдардың бойындағы жаманшылық мінездерді, соның ішінде, жалқаулықты, еңбексіздікті әшкерелеп отырды. Абай 1880 жылы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол кезде халық қатты қиналды. Тіпті, қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де болды.Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді. Байлардың халыққа менсінбей қарауы Абайдың ашуына тиді. Абай халықты адал адамдар, халықтың жағдайын ойлайтындар басқарса екен деп тіледі.Абай жастарды адамгершілікке, ғылым – білім үйренуге шақырды. Ол өзінің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде, жастарды өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан алыс болуға, бес асыл іске – талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға үндеді.Абай жастарға тынбай еңбек етіп, білім алуды міндеттеді. Абай өзінің өлеңдерін ешқашан жинаған емес. Бір параққа жазып, жастарға таратып беріп жүрген. Сол кезеңдегі жастар Абайдың өлеңдерін жаттап алып жүрген. Абайдың өлеңдері қазақ даласында ауыздан – ауызға таралған. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағұл жинай бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдың арқасында Қазан қаласында басылып шықты.   Қорыта айтқанда, Абайдың қазақ әдебиетінен алатын орны орасан зор. Абай шығармашылығы тек қазақ халқының мұрасы ғана емес. Абайды бүкіл әлем таниды, ақынның шығармаларын бағалайды. 

      Абай поэзиясы – халық таңдауы, ол мәңгі жасайды, өлмейді, өшпейді.

 

 

 

 

 

198 0
Кунсулу Худайбергенова №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,Тараз қаласы № 001515
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: