Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1223

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУ


Аңдатпа. Мақалада бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жайлы қарастырылған. 

Анотация. В статье рассматривается использование информационно-коммуникационных технологий в дистанционном обучении учащихся младших классов.

Кілттік сөздер: қашықтықтан оқыту, бастауыш сынып, онлайн, интернет, математика

Ключевые слова: дистанционное обучение, начальная школа, онлайн, интернет, математика

 

Бүкіл әлемді шарпыған індет құрсауына іліккен еліміздің білім беру жүйесі тұңғыш рет қашықтықтан оқыту жүйесіне 2020 жылдың сәуір айынан бастап көшті. Көз алдымызда білім саласындағы және бүкіл елімізді дүр сілкіндірген тарихи өзгеріс орын алып жатыр. Осы жағдайға байланысты сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда ұстаздардың  атқарар рөлі орасан.Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Мұғаліммен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Мектебімізде оқушылар толықтай онлайн режимде білім алуда.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• шығармашылық есептер шығару;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

• экономикалық тиімділігі;

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Сабақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану арқылы өту үшін не істеу керек? Алдымен құрал-сайман, яғникем дегенде бір компьютер, планшет немесе смартфоны болу деген сөз. Біз үйден интернет-платформалары арқылы оқушыларға тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауды автоматтандыра аламыз. Біз қашықтықтан оқыту дегенді сырттай оқытумен шатастырмауымыз керек, және бұл үй жұмысы секілді күнделікті және үздіксіз процеске айнала алады.Оқушыларға онлайн тапсырма беріп, одан кері байланыс алу үшін осы құралдардың болғаны жақсы.

Бастауыш сыныпматематикасындаақпараттық-коммуникациялық технология:

  1. бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудағы қазіргі заман талаптары;

– бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту;

– бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақ үлгілерінқұрастыру.

Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Онлайн тапсырма беруді біздер интернет-платформаларды пайдалану арқылы жүзеге асырамыз. 

Оқушылар BilimLand.kz платформасына логин, пароль беру арқылы кіріп, өтілген тақырып бойынша қысқаша мәлімет алып, сол тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Орындап болған соң неше балл алғаны көрініп тұрады, егерде сабақ түсініксіз болса WhatsApp желісі арқылы мұғаліммен байланыс орнатып сұрауына болады.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. 

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, білімге деген қызығушылығын дамыту, үнемі ізденіске, сабақ барысында бір ғана кітаппен шектелмеуге шақырамыз.


 


531 1
Темиржанова Самал Уатаевна, І.Жансүгіров атындағы №37 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі № 001813
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Самал
Самал
20 января 2022 13:06
Жарайсыз апай!👍