Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1222

«Мектепке дейінгі ұйымдардың талабына сәйкес болашақ мамандардың кәсіби даярлығын нығайту»

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстанда МДҰ-да орын саны айтарлықтай арттырылды. 3-6 жастағы балаларды МДТО (Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту) қызметтерімен 100% қамтуға қол жеткізу үшін әрине одан әрі ұлғайтуды талап етеді. 3-6 жастағы балаларды қамту және қолжетімді орындардың саны туралы 2014жылғы мәліметтерге негізделген есептеулер бойынша 2015-2020 жылдары 3-6 жастағы балаларды толық қамтуды қамтамасыз ету үшін 125 мың орын қажет. 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің қарқынды дамуы кәсіби және өз мамандығына қызығушылығы тұрақты, нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық білімдерді пайдалана алу үрдісін терең меңгерген, іскер мамандарды көптеп қажет етеді. Күтілетін мамандардың жетіспеушілігі байқалады. МДТО үшін қосымша кадр ресурстарына, негізінен педагогтерге қажеттілікті көрсетеді, себебі олар тікелей балалармен жұмыс жасайды және баланың дамуына сапалы қызмет көрсетулерге қолжетімділікті қамтамасыз ете алады. Қазақстанда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында 3-6 жастағы және 2 жастағы балалар үшін желіні кеңейтуді өтеу үшін, сондай-ақ зейнетақы жасындағы педагогтерді ауыстыру үшін  2020жылға қарай МДТО қосымша 25мың талап етілген қызметкерлерге қажеттілік көрсетіледі. Бұл 2020 жылы қажет болатын 15 мың дерлік тәрбиешілер мен басқада 2700 психолог, 3000 нан астам музыкалық қызметкерлер мен дефектологтар, 5000 дерлік басқа қызметкерлер қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда МДТО –да жұмыс істейтін 67мың тәрбиелеуші бар. [1.91бет] Егер Қазақстанда ЭЫДҰ елдеріне сәйкес кеңейтілуді жоспарласа, нақтырақ айтқанда 2-3 жасқа дейінгі балаларды қамтуды қолға алынса, МДТО жүйесі қызметкерлердің үлкен санын талап етеді. 

Бүгінгі таңда заман талабына сай қоғамның әр түрлі экономика, мәдениет, білім, т.б. салаларында даму қарқынды жүруде. Осыған орай қазіргі тәрбиеші имиджіне қойылар талап та күн сайын арту үстінде. Сондықтан да қазіргі уақытта қызмет барысында әр түрлі педагогикалық қиыншылықтарды жеңе білетін, бала мен тәрбиеші арасындағы жақсы қарым-қатынасты орната алатын , білімді педагог-тәрбиешілерді дайындап шығаруда оқытушы педагогтар қауымының сіңірер еңбегі зор. Ал, студенттер яғни болашақ мамандарымыздың сапалы және саналы даярлығы қай деңгейде? Оларды жоғарыда айтылған талаптарға сай етіп қалай дайындауға болады? 

Болашақ педагог-тәрбиешілер педагогикалық-философиялық және мәдени тұжырымдар жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын меңгерген, жантану ғылымы мен педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын жетік түсінген, мемлекеттік тілді жетік білуі және шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай білуі тиіс. Сонымен қоса, табиғаттың, қоғамның, адам өміріндегі өзгерістерді тұжырымдай отырып, техникалық дамудың қарқындылығын сезіне алу, суреттей алуға машыққан, сөйлеу тілі нақты және анық, ақпараттық коммуникативтік технологияны еркін игере алатын, оқытудың техникалық құралдарын меңгере білетін болуы тиіс.

Педагог мамандардың кәсіби даярлығын шыңдауда, жеке және жас ерекшелік психологиясы мен түзету педагогикасының негіздерін оқытудың маңызы зор.  Сонымен қоса, тәрбие теориясын оқыту және сараптауға үйрету,  студенттер яғни болашақ мамандарға елдік және шетелдік қажетті бағдарламаларға шолу жасалу, кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық тәжірибе кезінде мамандық туралы ақпараттың маңызды дереккөздері дұрыс ұсынылса педагогикалық көп міндеттің шешімі табылары сөзсіз. 

Болашақ педагог балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін кәсіптік білім шеңберінде арнайы ғылыми негізделген технологияны меңгеруі қажет. Болашақ тәрбиеші мамандарды кəсіптік дайындаудың мақсаты – олардың кəсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, практикалық шығармашылығымен байланысты маңызды стратегиялық бағытымен байланысты мəселелерді тиімді шешуге қабілеттілігін қалыптастыру. 

Сонымен қатар, болашақ кәсіби мамандарды дайындауда олардың әдіснамалық мәдениетін жетілдіру негізгі міндеттің бірі. Педагогика ғылымындағы негізгі түсініктеріне қатысты мәселелерді түсіндіру, абстрактылыдан нақтылыққа өту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгерту, педагогикалық білімнің өз тарихи даму бірлігін түсіну және өзіндік жол көрсетуге деген ұмтылыс, педагогикалық сананың шындығына сыни көзқарас қалыптастыру, педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ойпікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия, педагогиканың гуманистік, дүниетанымдық қасиетін түсіну. Педагогикалық процестің ережелері мен принциптері, мақсаттары, заңдылықтарының өзара байланысын болашақ педагогтың түсінуі дегеніміз әдіснамалық мәдениетті меңгеруі деген сөз. 

 Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына тікелей байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші, тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын самғатып, үлкен өмірге қадам басуға көмектесетін басты тұлаға тәрбиеші.

Сондықтан да, педагог төмендегі талаптарға сай болуы тиіс деп есептейміз, ақпаратты сақтау, талдау, жеткізу негіздерін білуге, қосымша білім беру бағыты бойынша білім беру саласының мазмұнын білуге, бағдарламаға, оқу-әдістемелік кешенге талдау жасай білуі, сондай-ақ, қажетті дидактикалық материалдарды әзірлей білуі тиіс. Педагогикалық зерттеу жүргізе білуге үйрету, қосымша білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін жекеленген әдіс-тәсілдерді қолдана алуға үйретуге міндеттіміз. Негізгі құзыреттіліктерді, кәсіби коммуникативтік, мәселенің шешімін тауып,  ақпараттық құзыреттіліктерді игере білуге бағыттау, нақты әдебиеттермен қамтамасыз ету міндетіміз. 

Міне, осы жоғарыда айтылған талаптар, болашақ педагог мамандарға кәсіптік білім беру мекемелері қабырғасында және өндірістік тәжірибелік сабақтарда қамтылса, елімідегі МДТО талабына сәйкес білікті кәсіби мамандар шығатынына сенеміз. 

 


 


205 0
Кенжесариева Фариза Ариповна Қостанай гуманитарлық колледжі «Педагогика» пәнінің оқытушысы № 001812
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: