Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1218

Ынтымақ түбі -игілік


«Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» -деген ойдың мағанасына мән берсек, денсаулықтың қадірін кей кезде кеш біліп,  соның зардабын кеш сезінеміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытып жатамыз.  Дүниежүзін дүр сілкіндірген COVID-19  короновирусы халық үшін қазіргі кезде басты міндет тазалық және сақтық ережелерін сақтауды бірінші жолға қойды. Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және халықтың өмірін, денсаулығын қорғау  мақсатында қашықтықтан отырып (онлайн арқылы) жұмыс істеуге тура келді. Әрине қашықтықта жұмыс істеу яғни бір сөзбен айтқанда қарым-қатынас жасауда қиындықтар болмайды емес 

болады. Сол қиындыққа жол бермеу үшін мектеп директорыБолатаева Роза Аблакимовна алдын алу  шараларын ұйымдастырып отырды. Мектеп ұжымы үлкен, әрі ауызбіршілігі өте жоғары. Роза Аблакимовна санитарлық режимді сақтай отырып мұғалімдерді үш топқа бөліп «MICROSOFT TEAMS» бағдарламасымен қалай жұмыс істеу  керектігі туралы курсын өткізуді мектеп информатика мұғалімдеріне тапсырды. Курсты өткізген мектеп тренерлері: Тансикбаев Адилхан Абилович – информатика мұғалімі, Асқарбекова Балым Дайрашевна- математика және информатика мұғалімі, Есманова Салтанат Сейткадровна  директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары, информатика мұғалімі және мектеп тренері. Төтенше жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту форматы көптеген ізденісті талап етеніне бәріміз көз жеткіздік. Бұл кезде барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, белгіленген уақыт бойынша курсқа қатыстық. Курста өзімізді ойландыратын сұрақтарға жауап алып, тапсырмаларды дер кезінде орындап отыруға тырыстық.Курс соңында бағдарлама туралы сынақ тапсырып, оқығанымызды растайтын сертификат алдық. Қашықтықтан оқу кезінде интернет-платформаларды қалай пайдалану керектігі жайында түрлі түсіндіру жұмысын жүргізіп отырған директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Есманова Салтанат Сейткадровнаның еңбегі ерекше.  Мұғалімдердің әрбір сұрақтарына уақтысында жауап беріп, сабаққа кіре алмай қалған оқушылардың логин  парольдерін тексеріп, дер кезінде хабарламарды салып отырды. Осындай күрделі уақытта ешқандай қиындыққа қарамай барлық мұғалімдердің жұмысының алға жылжуына мүмкіндік жасап отырады. Осындай қиын қыстау кезде бір-бірімізге жанашырлық танытып, қамқор болу ұжымның бірлігін, ынтымағын арттырады. Сүйіспеншілік бар жерде ізгілік пен мейірім болады. Осындай қолынан іс келетін мамандарымыз көп болсын! Әріптестеріме шығармашылық табыспенен ата-аналарыңыздың алғысына бөлене беріңіздер дегім келеді. 

 

392 1
Айгуль Ержанова, Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі № 001810
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Ержанова Айнаш Турганбаевна
21 января 2022 06:49
Сәттілік. Көрер жетістігіңіз көп болсын!