«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл»
(Абай Құнанбаев)
Яғни, ұстаз болмаса шәкірт қайдан білім алар еді?! Егер ұстаз шәкіртсіз кімге білім беретің еді. Осы екі ұғым ажырамас бір-бірімен тығыз бойланысты. Менің ойымша мамандық атаулының ең жоғарысы ол – ұстаз. Барлық мамандық иесі ұстаздан тәлім-тәрбие, білім алады. Алғаш жазу мен оқуды үйретіп баланың өмір жолына қадам жасайды. Шәкірт ұстазға қарап бой түзейді. Ұлағатты ұстаздан сусындаған адам ғана жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып қалыптасады. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға терең білім мен қатар ептілік, ұйымдастырушылық қабілет, баламен жақсы қарым –қатынас орната білу керек. Ұстаз қандай қасиетті есім... Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаз жолы қиыншылықты, табандылықты, қажырлы еңбекті талап етеді. Әр мамандық иелерінің өз қиыңшылықтары мен қызықтары баршылық. Қазіргі кезде дүниежүзіне белгілі Covit – 19 короновирус індетті бәрімізді дүрдіктірді. Осы кезде оқушы мен ұстаз онлайндық оқу режіміне ауысты. Бұл жүйеге тез үйреніп, қыр – сырларын тез игеріп алып, ұстаздар онлайн түрде сабақтарын жалғастырып келеді. Осы індетпен күресіп жүріп балаларға білім беріп, оқысын деп сабағына әрдайым дайындалып берілген уақытта сабағын өткізіп зыр жүгіруде. Ұстаздарды батыр деп айтсақ әбден лайық. Қандай жаңа жүйе болсада тез, үйреніп, жасқануды білмей қабылдайды. Осы кезде бәрімізге белгілі болды оқушы ұстазды қаншалықты сағынғаны, оның жан-тәңімен білімді беріп түсіндіргенің ешкім бере алмайтының сезінді. Ата-ана ұстаз қадірін осы кезде сезінгендей болды, баласының сабағын күнде қадағалап, көп көңіл бөле бастады, ұстазбен керібайланыс жасап, мектептен алшақ кеткен, жұмысбасты ата-аналарды бұл онлайн сабақ жақындастыра түсті, Балада өзіне берілген жауапкершілікті сезіне бастады.