Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1211

Адамгершілік – асыл қасиет

    

                                   

Адамгершілік – асыл қасиет

                        Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым,       жақсы ата,   

                          жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 

                                                                   

   (Абай) 



Бұл өмірдегі адамға қойылатын ең басты талаптың бірі – адами асыл   қасиеттерді бойына сіңіру. Адамгершілік – адам бойындағы баға жетпес құндылық, жалпы адамзаттың ішкі жандүниесінің айнасы. Бұл қасиет бізді ізгілікке, мейірімділікке, өзгелерге құрмет көрсетуге, Отанды сүюге үйретеді. Адам өз бойындағы адами қасиетінен айырылса, өзін-өзі реттей алмай, абыройын жоғалтып, өзгелерді құрметтеуден қалар еді. 

     «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі»,-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерді бойға сіңіре білу, рухани бай адамды қалыптастыру адамның бала күнінен бастау алуы тиіс. Баланың бойына сәби күнінен ізгілік, мейірімділік, кішіпейілділік, адамгершілік секілді асыл қасиеттерді сіңіре білсек, келешекте ол баланың қоғамға сыйлы болары сөзсіз. Өз-өзіне сенімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты қалыптастыру жолында біздер ,ұстаздар ,маңызды рөл атқарамыз. Меніңше, адамгершілік тақырыбы- ол мәңгілік талданатын тақырыптардың бірі. Келер ұрпақтың бойына осы асыл қасиетті сіңіре білу - ата-ана мен ұстаздардың ең басты міндеттерінің бірі. Атақты педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» ,-дейді. Ол дегеніміз, алдымызға келген білім алушыларға сапалы білім беріп, білім алушының жүрегіне адами асыл қасиеттерді ұялата білсек, болашақ жеке тұлғаның өмірге деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына, өмірден өз орнын табуына, баланың өз бойындағы қабілеттерін аша білуге себепші болар едік. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бала тәрбиесін мектеп ұстаздарына сеніп тапсырып қана қоймай, баланың ата-анасы да, араласатын ортасы да өз үлестерін қосуы керек. Осы екі тарап бірлесе отырып, баланың тәрбиесіне баса назар аударса, келешек жастарымызосал болмайды. Себебі бала тәрбиесі жанұясына, өсіп жатқан ортасына тікелей байланысты. «Адам бойында асыл қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады» деген сөздің бекер айтылмағаны анық. Адамгершілік мәдениеті адамның өмір сүріп жатқан кезеңінің барысында қалыптасып, сол дәуірмен біте қайнасып, жетіліп отырады. Әрбір қоғамның даму процесінде адамгершілік ұғымының деңгейіне, мән-мағынасына өзгерістер еніп отырған. Адамгершілікадамдардың күнделікті өмірінен бастау алып дамиды. Адамгершілік туралы сөз бола қалса, ең алдымен, ойыма оралатыны Абай атамыздың қара сөздері. Абай шығармаларында адамгершілік, ар, ұят, намыс- ең негізгі ұғымдар. Бұл ұғымдардың мазмұны адам өзімен-өзі қалып, ішкі жан дүниесімен сырласқан кезде ғана айқындалады. Адам бойындағы ең бағалы қасиеттерді Абай өз шығармаларына арқау етті. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту жолында қажетті жағдайлардың барлығы жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты- адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашу.Осыларды ескере отырып, Сара Алпысқызының бастамасымен 2001 жылы «Өзін өзі тану» бағдарламасы оқу жүйесіне енгізілді. Бұл пән жастардың  бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты құндылықтарды қалыптастырады, жас ұрпақты адамгершілік нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану- адамның рухани жан дүниесін дамытудың алғашқы қадамы. Бағдарлама авторы Сара Алпысқызы өз сөзінде айтып кеткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің   күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс».Ол дегеніміз ата-ананың, баланың жүрегіне жылулық ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыздың ерекше екенін білдіреді. Баланың өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектеп қабырғасында ғана емес, өз отбасында да ата-анасының көмегімен жалғасын тауып отыруы керек. Өзін-өзі тану пәні білім алушыны адамдарға қуаныш сыйлай білуге, өмірге құштар болуға, айналадағы адамдардың мейіріміне бөленуге, барлық жаратылыстан тек жақсылықты көруге баулиды. «Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» деген сөздің жаны бардай. Ата-бабамыздан қалған көне мұралар, өсиеттер, мақал-мәтелдер арқылы келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, сан қилы ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік бағытта тиімді қолдану-өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаттарының бірі. Бұл пән бастауын ертеден алған, ата-бабаларымыздан келе жатқан қазақы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес. 

           Өзін-өзі тану пәні арқылы біз адами қасиеттерімізді толықтыра аламыз. Жан дүниемізге адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтарды жинаймыз. Адамгершілік- адам бойындағы ең асыл қасиет, ол жоғалсаадам адамдығынан айырылады. Баланың бойына жастайынан адами қасиеттерді сіңіре білу оның болашағы үшін өте маңызды.Сондықтан, өзін-өзі тану пәнінің басты міндеті баланы болашақта бірегей тұлға етіп шығару. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз айтқандай, өзін-өзі тану пәні арқылы балалар шынайы өмірде орын алатын түрлі мәселелерді жылдам шешуді, өз ойын анық айтуды, іштегі сезімін, көңіл күйін өзгелерге жеткізуді, бойындағы қабілеттерін аша білуді үйренеді. Келер ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу қай уақытта болмасын өте өзекті мәселе. Жастарымызға білім беріп қана қоймай, оларды жан-жақты дамытып, жаңаша дағдыларға тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі дамыған заман, жаңа ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, озық білімді, адами қасиеттерге бай болуын талап етеді. Өзін-өзі тану пәнінің қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт болмаса да, мектеп оқушылары бұл пәнге ерекше қызығушылық танытуда. Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, өзгенің ойын тыңдауды үйренеді, өз мүмкіндіктерін ашып, қабілеттерін дамытады. Өзгелерге жақсылық жасап, қамқор болуды, мейірімділік танытуды үйренеді. Бұл пәннің әр тарауының өзіндік сыры бар, баланың рухани адамгершілік қасиетін шыңдау үшін өте маңызды пән деп айтар едім. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деп» деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Өзін-өзі тану» пәні де тыңғылықты дайындықпен қатар , оқытушының сөйлеу шеберлігін, білім деңгейін көрсететін пән екенін түсіндім. Айтқан әр сөзімізге үлкен мән бере отырып, оны оқушыға түсінікті етіп жеткізіп, оқушының шығармашылық қасиетін дамытатын пән. Әр тақырыптың арқауы болатын ата-баба өнегесі, сыйластық, мейірім, адамгершілік, ақыл, ой, жүрек, ар, намыс секілді ұғымдар. Сонымен қатар, өзін-өзі тану пәні сәбилік кезінен балалардың ата-аналарына, үлкендерге қоятын сан түрлі сұрақтарының жауабын тауып, балаларға жан-жақты тәрбие беруге көмектеседі. Өзін-өзі тану пәнінің тағы бір міндеті оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңіліп, оларды тек тазалық пен жақсы қасиеттерге баули білу деп білемін. Қазіргі таңда келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы оларды білім нәрімен сусындату мәселесі алға қойылып отыр. Жаңа ғасыр толқынымен бірге жеткен жаңалықтарға сәйкес қазіргі таңда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, өскелең ұрпаққа берілетін білім негіздері олардың жеке қабілеттерін дамытуға қызмет етеді. Әр баланың қабілеті мен мүмкіндігін дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары баланың өзін-өзі дамытуының ең негізгі шарты болып табылады.Осы ретте өзін-өзі тану пәнінің қолданысқа енгізілуіне себепші бола білген Сара Алпысқызының да сөзін тілге тиек етейін. «Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады. Бұл пән - қазақ халқының сан ғасырлық тыныс-тіршілігі барысында қалыптасқан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай. Өзін-өзі тану - қазіргі қоғамда өте керекті пән. Пәннің аты айтып тұрғандай, адам өзгелерді тану үшін ең алдымен, өзін-өзі жақсы танып білуі керек. Бұл пәннің негізгі бағыты да жастардың бойына адамгершілік, жауапкершілік секілді қасиеттерді сіңіру. Мектеп партасында отырған әр оқушыдан болашақта жеке тұлға қалыптастыра білу. Себебі, адамға ортасына сыйлы болуы үшін ең әуелі білім емес, тәрбие керек. Осы қасиеттерді бала бойына сіңіру үшін де оларды тәрбиелейтін ұстаз жылы жүзді, мейірімді, адамгершілігі мол, бала жанын түсінетін, бала жүрегіне жол таба білетін адам болуы қажет деп білемін. Сонда ғана бала жүрегі мейірімге толып, пәнге деген қызығушылығы артып, айналасындағы адамдарға шуағын төге біледі. Дәл осындай екі жақсы үйлесімділік орнаған кезде ғана үлгілі, алға қойған мақсаты анық, өмірдегі өз міндетін білетін, рухани бай жастарды тәрбиелей аламыз. Өз ісімізге аса тиянақтылықпен қарап, алдымызға келген баланы жан-жақсы дамытып, бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіре білсек,еліміздің дамуына қосқан үлкен үлесіміз деп білер едім. Қазіргі таңда қоғамда ақырындап жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, татулық, төзімділік сынды асыл қасиеттерді толықтай жоғалтып алмас үшін, баянды болашағымыз үшін, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі көрсетіп, жақсы істерге баулуымыз өте маңызды. Оған түрткі болатын аталмышпәндегі қолданылатын әдістер. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақ Елінің жастары білімді, көкірегі ояу болуға ұмтылу керектігін атап айтты. Елбасы айтқандай, өте білімді, адамгершілігі мол, зерек, талантты, ұлттық рухта тәрбиеленген ұрпақ қана бәсекеге қабілетті болары сөзсіз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абай Құнанбаевтың «Жетінші сөз» кітабы. Алматы «Мектеп» 2007жыл
  2. Баспа материалдары, Мақал-мәтел жинақтары
  3. Өзін-өзі тану кітабы 9-сынып. «Алматы 2019жыл»

 

 

15 646 11
Жаркынай Жумашова С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,Қызылорда қаласы № 001512
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гулжан
Гулжан
19 января 2022 17:50
Өте жаксы жазылған мақала. Қазіргі қоғамда коп адамдарға адамгершілік қасиет жетіспейді.
Жанерке
19 января 2022 19:13
Қазіргі заманда кей адамдарға жетіспейтін қасиет. Керемет жұмыс.
Karakat
19 января 2022 19:21
Өте жақсы жазылған екен👏🏻
Хадиша
Хадиша
19 января 2022 19:23
Мағынасын ашып,керемет жазыпты👏🏻
Шынар
19 января 2022 19:29
Керемет.Өте жақсы жазылған екен.
Akmaral
19 января 2022 19:51
Жақсы жазылған . Осы қасиет барлық жанның бойынан табылса...
Арайлым
19 января 2022 19:57
Керемет✨😍жақсы жазылған мақала
Ботакан
19 января 2022 20:19
Жаркынай Жумашовна, тамаша жұмыс! Шығармашылық табыстар тілеймін 🔥
Меруерт
19 января 2022 20:27
Бұл мақала өте керемет жасалған! Ар адамның боиына қажетті қасиет.❤😍
Төлеубекова Алуа
19 января 2022 20:58
Өте тамаша мақала👌
Кулайша
Кулайша
19 января 2022 23:40
Мақала өте керемет жазылған. Біздің келешек ұрпағымыз арлы да, адамгершілік, ізгілік қастеттерімен даралану керек.