Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1202

Мен қазіргі заман тәрбиешісімін

  Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше  мейірімділікті қажет ететін мамандық-  тәрбиеші  мамандығы. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір балаға   деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін,  шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір балаға  асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Тәрбиеші   шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 

    ХХІ ғасырдың ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін, ерекше талантты, күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

    Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті.  Тәрбиеші – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Тәрбиешінің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» дегендей, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте бір үндестігі, ынтымақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын. Сондықтан тәрбиеші тәлімгер ретінде балалардың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін. Бала  жанын, ойын, өнерге деген құштарлығын байқап, баланың бал қылығын музыкамен, сахналық өнермен, спортпен байланыстырса, тұлға үлкен жетістіктерге жетпек. 

     Тұрмысы төмен, толық емес от басында дүниеге келген, мінез, тәртіптегі кемшіліктері бар, қиын балаларды түзу жолға салып, олардың жүректерін ізгілікке баулуда, эстетикалық сезімін оятып, парсаттылық қасиеттерін қалыптастыруда өнер арқылы тәрбиелеудің жемісін көріп келемін. 

Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Тәрбиешінің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. 

     Жақсы тәрбиеші — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның  ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.

 Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарды инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалды. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың  негізгі міндеті:  әдіс   тәсілдерді  дұрыс таңдау, жаңаша  педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу. Мектепке дейінгі   білім беру орындарында  , педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге  асыруға бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде  ересектер мен балалардың қарым қатынасы болып  табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға  мынадай жағдай туғызу  қажет.

«Бала біздің болашағым, қоғамыздың азаматы» Оның мақсаты : Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.  Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

-Денсаулық сақтау технологиясы

-Жобалы-іс шығармашылығы 

-Ізденіс –шығармашылық технологиясы

-Қатынастық-ақпараттық технологиясы 

-Жек тұлғаға бағыттау технологиясы

-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы

-Триз технологиясы

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды  пайдалану білім мазмұнының заман талабына сай  болуына , балалардың болашақта қажетті білімді , толығымен алуына өздігінен меңгеруіне , өзін-өзі бағалай  алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.

    Қазіргі заманда  жастарға ақпараттық технологиямен байланыста әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру  өте қажет. 

Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінде қалай өткізуге  және не істеуге болады деген сұраққа , өз тәжірбемде мынадай бағыттарын ұсынар едім:

-Илюстративті   (насихаттау) көрнекіліктер

-Ақпараттық видио роликтерді құру және көрсету

-Слайд шоу, ертегілер

-Электронды ойындар

-Электронды   логикалық тапсырмалар 

-Электронды дыбыстар

    Қазіргі таңда  мен осы айтылған ақпараттық құралдарды үнемі ,өз тәжірибемде оқу іс-әрекетімде пайдаланып келемін.

     Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр тәрбиешінің борышы. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны не бір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі тәрбиеші болып қалады.   Біздер, тәрбиешілер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, ұстаз мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.  Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы балаға  қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

    ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 831 0
Қожамұратова Гулбахыт Нұрғаликызы "Достық" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі № 001807
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: