Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытүдың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Экологиялық мәдениетті оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі қоғам дамуының экологиялық болашағын ақпараттық моделдеу. Өркениетті экологиялық даму болашағын моделдеусіз қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің тиімді жолын таңдау мүмкін емес. Қазіргі кезде ғалымдар арасында өркениет дамуының үш түрлі сценарийі туралы сөз қозғалуда. Біріншісі – жақын онжылдықтарда Жердің экологиялық апатқа ұшырауы. Екіншісі – биосфера күйреген жағдайдың өзінде техникалық құралдардың көмегімен адамзаттың бір бөлігі тірі қалуы мүмкін. Үшіншісі – утопиялық сценарий, бүткіл адамзат саяси, әскери қарама – қайшылықтарды ұмытып, экологиялық кризистен шығудың жолдарын табады. Дамуға сәйкес келетін компьютерлік моделді жасап, сандық параметрлерді өзгерту арқылы даму болашағын анықтауға болады. Алайда ол болашақтың ісі. Қазіргі кездегі негізгі міндет – ақпараттық және экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Қоғамның қазіргі экологиялық жағдайын анықтау оның компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік береді. Модель «экологиялық дағдарысты жеңіп, болашақ ұрпақтың қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бола ма?» деген сұрақтың жауабын табуға септігін тигізеді. Яки экологиялық информатикадағы компьютерлік моделдеудің маңызды міндеті де міне, осында.
Осыған байланысты экология факультетінің студенттері және информатиканы оқытудың мақсаты олардың ақпараттық мәдиенетін қалыптастыру, ақпаратты технологияларды оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, ақпараттық қоғамда өмір сүру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.
Ақпараттандырудың өсіп - өркендеуінің нәтижесінде біз оны басқа ғылым салаларымен де біртұтас байланыстыра алатын болдық. Атап айтқанда экология және информатика, физика, математика т. б.
Экологиялық информатика – тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатнастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым мен қатнастар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау, беру, өңдеу және түрлендірудің заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін информатиканың түйісуіндегі ғылым саласы. [1]
Мұғалімнің информатика мен есептеуіш техника әлеміне енуінің үш деңгейін атауға болады: ЭЕМ - мен бастапқы танысу, компьютерлік сауаттылық және ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет – ең алдымен ақпаратты өңдеу процестерінің мәнін түсіну, сауатты адам еркін жазып және оны оқи алатындығы сияқты әрқандай есептерді дербес компьютерде жеңіл әрі жылдам шеше алатын деңгейде түсіну. Ақпаратты өңдеу процесінің мәнін түсіну үшін әрқандай ақпаратты дұрыс қабылдау біліктілігі, ақпаратты формалдаудың әрқандай түрлерін пайдалану, түрлі обьектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін математикалық және ақпаратты моделдеуді кеңінен пайдалану, тиімді алгаритмдерді жасау, оларды дербес компьютерде орындау, алынған нәтижелерді талдау, құрастырылған моделдің дұрыстығын тексеру үшін есептеу тәжірибелерін жүргізу қажет.
Ақпараттық мәдениет мазмұнының маңызды бір бөлігі электронды техника мен телекоммуникация жүйелеріне негізделген автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану біліктілігі. Олардың дамуы мен жетілдіруі өндірістің,ғылыми зерттеулердің, білім берудің сипатына қатты әсер етеді. Экологиялық информатикадағы мұндай ақпараттық жүйенің ең маңыздысы – геогрефиялық экологиялық ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық мәдениеттің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі алгаритмдеу негіздерін меңгеру болып табылады. Атап айтқанда алгаритмді құрастыру принцптері, негізгі алгаритмдік құрылымдар. Болашақ кәсіби қызметте қажет болатын бағдарламалау деңгейі де осы қатардағы мәселе.
Жалпы болашақ эколог моделінің параметірі жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдалануға қажетті деңгейде анықталған жағдайда ақпараттық мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігіне айналады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагокикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық барлық білім беру жүйесінде қолданылады. Электрондық оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану сапалы білім берудің бірден бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Осыған байланысты, оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
Компьютерлік класты басқа пәндерді оқытуға пайдаланатын кездер де болып жатады. Ондайда сол пәнді оқытуға компьютерді қалай пайдалануға болатанын және соған керекті технологияны іздейтін сәттер туындайды. Көбінесе мұндай мәселе былай шешіледі: осы пәнге лайық программалар ізделеді де, оның бірен-сараны оқушыларға ұсынылады. [2]
Экология ғылымының құрамында басқа ғылым салалары бар болғандықтан, экологиялық ақпараттың басқа ғылым саласындағы ақпаратпен салыстырғанда ерекшелік белгілері көп болмайды. Экологиялық ақпараттың ең негізгі мазмұны – адамның оны қоршаған орта мен қатынасын сипаттайтын ғылымдардағы ақпаратпен байланыстыру яғни, экологиялық қатынастар туралы ақпарат. Екінші ерекшелігі экологиялық ақпарат қажет ететін мақсатқа байланысты анықталады. Бұл жағдайда мақсат анық, ол адамның қоршаған ортаның шарттарының өзгеруіне байланысты орнықтырылған арттыруға себеп болу. Экологиялық ақпараттың өзегі тірі зат және әлеуметтік биалогиялық түр ретінде қарастырылған адам болып табылады. Барлық басқа шамалар осы биологиялық ядроға қатынас арқылы қарастырылады. Қатынастар туралы ақпарат қарапайым немесе күрделі логикалық тұжырым ретінде беріледі. Қарапайым жағдайда ақпарат сандық тұрақтылардың математикалық жазылуы ретінде беріледі. Жоғарыда айтылған қатынастарды анықтайтын ақпарат әр түрлі бақылаулар кезінде алынады. Бір мезгілде, ортақ кеңістікте жүргізілетін бақылау нәтижесінде алынатын ақпараттың түрін экологиялық – географиялық деп атауға болады.
Қазіргі кезде негізгі міндет – ақпараттың және экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Қоғамның қазіргі экологиялық жағдайын анықтау оның компьютерлік моделін жасауға мүмкіндік береді. Модель “экологиялық дағдарысты жеңіп, болашақ ұрпақтың қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бола ма?" деген сұрақтың жауабын табуға септігін тигізеді. Яки экологиялық информатикадағы компьютерлік моделдеудің маңызды міндеті де міне, осында. [3]
Информатика ғылымының іргелі ұғымдары мен экологиялық
информатикадағы ұғымдар сабақтастығы:
Информатика
Информатика негіздері
Ақпарат
Алгоритм
Ақпараттық
Моделдеу технология
Экологиялық информатика
Экологиялық
әр түрлі эколог
экологиялық
экологиялықиялық есептер
ақпарат түрлері
жүйелерді шешу
ақпаратты моделдеу
өңдеу технологиясы
Экологиялық мәдениетті оқытудың технологиясы
Презентациялар технологиясы. Бұл технология,жаңа материалды жаңа түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге осы матералды дайындауды және қолдануды жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамассыз етіп оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы- мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологиярды пайдалануға дағдыландырады. Осыларға қоса мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдер жұмысын біріктіре отырып сабақ бере отырып жаңа технологияларын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.
Үлгерімді тексеру және оқушылар білімін жетілдіру компьютерлік технологияларды осы мақсатта пайдалану біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады, үшіншіден бақылау технологиясына ғылыми технологияларды енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп білім мекемелерінен алынатын білімді стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады.
Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Оларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта кететін жайт, сонғы бақылау баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай менгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін әрі қызықтылығын көрсетті. Мұндағы негізгі мәселе объективтілік, сенімділік және дұрыстылық талаптарына сай келетін, ғылыми тұрғыдан негізделген компьютерлік тесттер жасау керек екендігі белгілі.
Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу. Модельдермен жұмыс істеу бір жағынан балаларға таңдау еркіндігін беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады. Екінші жағынан оқушыларға өз теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Модельді пайдаланудағы орындауға тиіс ең басты шарт- ол құралдың оқыту есептеріне сәйкес келуі.
Қашықтан оқыту –ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама, нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді.
Қашықтан оқыту жүйесіндегі негізгі формаларға мыналар енеді:
- бекітілген дәрістер, консультациялар;
- телеконференциялар;
- түрлі деректер қорындағы білім деректерімен тыңдаушылардың жұмыс жасайтын ақпартатық сеанстары;
- имитациялық модельдер формасындағы практикалық сабақтар , іскерлік ойындар, жобалар мен рефераттарды қорғау нақтылықтың виртуалдық моделімен білімдер деректерін жасақтау, пікірталастар.
Аталған формалар жеке тұлғаның өзіндік білім алуын жүзеге асырады.
Жоғарыдағы аталаған ұйымдастыру формалары мамандардың өзiндiк бiлiм алуын қамтамасыз ететін даралық, оқыту принципiнiң жоғарғы деңгейiн ұсынады.
Қашықтан оқытудың артықшылықтары:
- компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;
- телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды;
- ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне, байланыс арналарының да сапасы жоғары болуы керек, бізде ол жағы әлсіздеу. Дегенмен осы оқыту түрінің элементтері көбейіп, оны жақтаушылар саны күннен күнге көбеюде. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда
Қорыта айтқанда, жоғары да айтылған ойлар информатика ғылымының ілгері ұғымдарымен экологиялық информатикадағы оларға сәйкес ұғымдар өзара сабақтастықта болатындығын дәлелдейді. Экологиялық информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда осы сабақтастықты ескерген жөн. [4]
Пайдаланылған әдебиеттер:
- А. А Лютый, Г. В Сдасюк Системы информации и глобальные экологические проблемы Известия РАН. Серия географическая. Москва. 1993 -94 с
- Қ. С. Әбдиев, К. М. Беркінбаев Экологиялық информатика мен есептеу техникасы курсының бағдарламасы –Кентау, 1994, 12 б .
- В.Е.Соколова. Экоинформатика. Теория, практика. Методы и системы. Санк – Петербург,баспасы 1992 ,235 с
- Магилев, Пак и др Информатика уч/пр – Омск. ОКПиП 2002 ж,47-49с