Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI119

SMART ОҚЫТУ – БҰЛ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ

   SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және SMART қала, SMART фон, SMART қондырғы, SMART  орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Яғни , Е-learning орнына SMART- learning келуі, ақпараттық. қоғам орнына «SMART қоғам»  қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер –АҚШ , Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір елордамызда да           SMART мектептер қалыптасып келеді. 

SMART оқытудың құралдары:

-сандық оқыту құралдары;

-ақпараттық оқыту құралдары;

-технологиялық оқыту құралдары;

 SMART оқытудың бағыттары:

-сандық  басты ресурстарды арттыру;

-онлайн сабақтардың белсенділігін арттыру;

- SMART контенттерін пайдалану жүйесін құру;

-контент–ақпараттық ресурстарды, кез-келген  веб- сайтты маңызды ақпаратпен не мазмұмен толтыру.

-оқу контенттері көптеген қаражатты қажет етеді.

SMART оқытудың өзі:

-Кез-келген жерде ,кез-келген ортада оқыту;

-өзіндік оқу;

-мобильді оқыту;

-электронды оқыту

АКТ дамуының қазіргі кезеңінде классикалық білім беру технологияларын ғана емес,  электрондық оқыту технолгоияларын қанағаттандыратын қажеттіліктер  жиі туындауда .

     Қазіргі уақытта Е-learning электрондық оқытудан  SMART – білімге (ақылды білім беру) көшу жүруде.

   Мектептерді ақпараттындыру мәселесін шешуде мұғалім мен оқушының негізгі құралдары туралы    ( тақта, бор, қалам, дәптер.) туралы ұмытуға болмайды .  Бірақ бүгін осы  дәстүрлі құралдар жаңа сипатта пайда болады. Оларды  интерактивті SMART- тақта сияқты ұтымды компьютерлік оқыту құралдары ауыстырып жатыр. Оқыту құралы ретінде  электрондық тақтаның педагогикалық мүмкіндіктері, көрсеткіштердің саны жағынан, оқу процесін жүзеге асырудың  дәстүрлі құралдарынан  әлдеқайда асып түседі. Қазіргі кезде әлемнің  түкпір-түкпіріне SMART  Технология  компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып , жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті . Бұл компанияның жұмыс нәтижесін  тапсырыс берушілер : бұлар мұғалімдер , оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге , бірлескен  жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде  пікірлерімен анықтауда.  SMART   құрылғыларының  ең танымалы  1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы, интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз «грифельді» тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұүрылғыларды ұсынып келеді.

       Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жалжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады.

    Әрине, интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және мұғалімнің сабаққа дайындалуына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауына уақыт қажет.

      Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Мұғалімдердің сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуіне толық мүмкіндік бар. Әрине, ең алдымен мұғалімдер арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның толық игеруі тиіс. Сонымен бірге, интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды.

       Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.

     Жоғарыда аталғандай, интерактивті тақта, компьютер дисплейі, яғни, компьютердегінің бәрін SMART тақтасында көрсетуге болады. Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады.

         Атап айтқанда: 

  1. презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету; 
  2. мәтін редакторлары;
  3. CD-ROM-дар;
  4. интернет;
  5. көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер, фотолар);
  6. бейнефайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
  7. дыбыстық файлдар (басқа да мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса, CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі;
  8. интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
  9. әр түрлі пәндерген қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету.

Мұғалімдерге экранда қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға, барлық идеяларды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда, әр түрлі түстер интерактивті тақтаға қолайлы. Мысалға, географиялық картамен жұмыс істеуде немесе адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің схемасын көрсетуде.

SMART қандай да бір қызмет түрі үшін қоршаған ортаны қалыптастыру үшін интеллектуалдық құрылғылар деңгейін көтеру дегенді білдіреді. Соңғы онжылдықта жаңа технологиялардың пайда болу жылдамдығы жыл сайын айтарлықтай өсуде, өндірушілер кәсіби қызмет және байланыс саласына жаңа құрылғыларды ұсынуда. Жаңа интеллектуалды SMART-технологиялар білім беруде пайдаланатын SMART-құрылғылардың платформаларын өзгертуді және оларды кеңінен қолдануды талап етеді. Осының айғағындай, қазір мектептерге де жыл сайын жаңа платформадағы тақталар келуде. 

 Оқушылар үшін интерактивті тақтаны пайдалану артықшылықтары:

  1. интерактивті тақта сабақты қызықты етеді;
  2. мотивацияларын дамытады;
  3. ынтымақтастық үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болады; 
  4. нәтижесінде оқушылар анығырақ және неғұрлым серпінді берілген күрделі идеяларды түсіне бастайды; 

Мұғалім үшін интерактивті тақтаны пайдалану артықшылықтары:

  1. Мұғалімге кез келген қосымшалардың және веб-ресурстардың үстінде сызбалар жасау мен жазу мүмкіндіктерін береді;
  2. Сабақ материалын беру сапасын арттырып, тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
  3. Мұғалімдердің бір-бірімен материалдарымен бөлісуіне мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу кезінде мұғалім мынадай ресурстарды пайдалануына болады;

  1. презентациялар.
  2. модельдер.
  3. бейнеүзінділер.
  4. Өзінің мультимедиалық өнімдері.

  Сонымен бірге, сабақтарда оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында интерактивтік тапсырмаларды пайдалануға болады. Ол өз бетімен жасалатын тәжірибелік жұмыстар немесе жобалау тапсырмалары, тақырып бойынша интерактивті сөзжұмбақтар, интерактивті тестілеу болуы мүмкін. Интерактивтік тапсырмаларды басқару жүйесі бірден жауаптарын тексеруге және бағалалау ұпайларын есептеу мүмкіндігін береді. 

Интерактивті SMART – технологиялардың оқыту үрдісіне енгізілуі оған  сапалы өзгерістерге әкеледі және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.Менің ойымша, интерактивті тақтаның дидактикалық әлеуетті әлі де толық   көлемде   ашылмаған және шексіз, ол білім беру үрдісін жетілдіру үшін  мұғалімдерге кеңінен жол  ашады.

 

Қолданылған әдебиет: 

  1. Smart-технологиялар: Кәсіби құзыретті педагогтен табысты білім алушыға (әдістемелік құрал) Ақтөбе 2019
5 843 0
Айдана Жапакова, №1 Қандыағаш қалалық ЖББО мектебінің орта білім беру ұйымдарының педагогі Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Ұлы дала ұстазы № 000068
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: