Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1166

Интерактивті білім беру қосымшаларын қолдану тиімділігі

«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады...»

 Константин Дмитриевич Ушинский

 

   Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейіндегі тиімділігін, нәтижелілігі  мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, қоғамның әрбір мүшесі  компьютерлік сауаттылықты меңгеріп қана қоймай, оның білім алудағы, білім берудегі және еңбек үрдісіндегі барлық мүмкіндігін жете меңгеруі қажет.

Сабақта қандай жаңа интерактивті бағдарламаларды ноутбук, смартфон, гаджеттерге қолдануға болады, оқушылардың білім алуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?  Білім саласында тиімді бағдарламалық кешендерді жасауға көмек болатын  жаңа технологиялық шешімдерді іздеу мақсатында екі қосымшаларды жүктеп, зерттедім.Интерактивті оқыту қосымшаларына мынадай бағдарламаларды жатқызуға болады:  Quizlet, Кahoot, яғни осындай бағдарламалар негізінде мұғалімдер барлық оқушыларды білім алу үрдісіне қызығушылықпен, ауыртпалықтарсыз және барынша мұғалім мен білім алушылар уақытының аз жұмсалуы нәтижесінде жетуімізге болады. Quizlet-электронды әдіс,оқушының білімін  тексеруде, жаңа сөздер мен терминдер үйренуде, ережелерді еске сақтауда аталған әдісті қолдану оқушының есте сақтауын жақсартады.Бұл сайт электронды білім тексеру жолы.Оқушы бұл жұмысты мұғалімнің қатысуымен немесе өзі жеке үйде де, аудиторияда да орындай алады. Жұмысты орындап болған соң, дұрыс бұрыстығы тексеріліп, ұпай беріледі.

 

Kahoot — сервиз, Ол арқылы көптеген тест тапсырмаларын сурет, видео қойып жасауға болады. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу үшін интернетке қосылу керек. Бұл  сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге болады. Мысалы мұғалім компьютері арқылы бір мезетте бір тесті әртүрлі гаджеттермен қатыстыра аласыз. Ең маңыздысы  Kahoot — тегін білімді тексеруде ыңғайлы қызықты ресурс болып саналады. Сервис арқылы құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін оқушы  қатыса алады. Веб сервис оқушылардың  әр тақырып бойынша білімін бекітуге, тексеруге мүмкіндік береді. Викторинаны жүргізу барысында оқушылар арасында байқау ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар, қашықтан оқыту мақсатында да қолдануға болады. Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе электронды пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа әріптестермен бөлісуге болады.

Бағдарлама оқушыларға  интерактивті тапсырмаларды, сұрақтарды, тест сұрақтарын, дискуссияларды онлайн түрінде интерактивті тақтаны пайдалана отырып орындауға мүмкіндік береді.   Ең бірінші сайтқа бірнеше процедураларды орындап тіркелу керек.  Тіркелгеннен кейін сізді - сіздің жеке акаунтыңызға жібереді. Мысалы, менің өз аккаунтым: Өз акаунт парақшаңызда оқушыларыңызға қандай тапсырма құрасыз соны таңдау керек болады .  Атау береміз де ары қарай сұрақтарды құрастырамыз. Сұрақ құрастырумен бірге әр сұраққа қанша уақытта жауап беру керегінде енгіземіз. Сұрақта (сурет) иллюстрация және видео қосып жасауға болады.  Сұрақтарға суреттерді, кестелерді, аудио және видео жазбаларды да тіркеуге болады. Командный ойын да өткізуге болады. Тақтада көрінген пин-код деп аталады. Осы санды тапсырма орындау үшін оқушылар смарфондарына немесе компьютерлерде жазады. Оқушыларда интернетке қосылған ноутбук, смартфон немесебасқа гаджет болу керек. Nickname деген жерге аты жөніңізді толық жазып Ok, go! деген кнопканы басасыз!

Қорыта келе,бүгінде әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Соның ішінде, интерактивті тақтаны пайдалану сабақты өткізуге жеңілдікбереді,жаң асабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту кезінде пайдалану, әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын  арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге және сабақтың қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Оқушылардың қазіргі замаңғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын, сабаққа араласу белсенділігін арттырады. Оқушының жігерлілігін , өзіне деген сенімділігін және пәнге деген қызығушылық әрекеттерін қалыптастырады.

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, оқушыны білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тыңбай еңбек етіп, ұнемі ізденісте болуы керек.

826 2
Динара Рысбекова, Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі № 001804
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айдар Сапаров
17 января 2022 17:15
Жарайсыз!Мақаланыз тамаша👍👍👍
Алданыш
Алданыш
8 февраля 2022 16:53
Мақала тамаша жазылған. Биіктерден көріне бер!