Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1163

Ұстаздық еткен жалықпас...

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың, біздің  қолымызда.

Ұстаздық жолымның бастау алғанына 30 жылдай уақыт болды. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап әлі күнге есімнен шықпаған бастауыш сыныпта сабақ барген Ұлдан ұстазым. Оның мектептегі қызметі мұғалім болуды алдыма асқақ арман ретінде қоюыма үлкен әсер етті. Мектеп бітірген сәтте ұлттық домбыра асапабына деген сүйіспеншілігім ұстаздық жолды саз сырын дәріптеуге жетелеп, кейін тарих және география пәндерінің ұстаздық мамандығын еш ойланбастан таңдадым. 

         Ең алғашқы еңбек жолымды Күреңбел аймағының көрікті жерлерінің бір Қоғалы  ауылынанбастап, кейін тарих және география пәндерінің педагогы ретінде осы 78 жылдық тарихы бар Талдықорған агро-техникалық колледжіне келіп қызмет жасағалы бері, ұстаздықтың қыр-сырының қаншалықты жауапкершілігі жоғары, қиындығы мол қызмет екендігін түсіндім. 

«Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін өзімнің күнделікті ұстанымым ретінде ұстанып, колледждегі әр мұғалімнің тәжірибесімен алмасып, олардың үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне үлесімді қосып, үлкен тәжірибе жинақтадым. Қажырлы еңбек пен тынымсыз ізденіс  жетістіктер мен биік белестерге осы жалықпай жүріп, шәкірт тәрбиелеудің арқасында жеткенім айқын болды. Колледж ұстаздарынан көп үлгі-өнеге алдым, кәсіптік қызметтің қырларын үйрендім.

Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді-өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім. Студенттердің жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, жаңартылған бағдарламалар мен жаңа технология платформаларын жете меңгеріп, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.

Педагог қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуге байланысты. Ол студенттергесаналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі  мен ынтасын тәрбиелейді.  Ол үшін бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың елін сүйетін, адал, шыншыл, білімге құмар, мықты кәсіби маман болып өсуіне ықпал ете алғаным деп түсінемін. 

Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат, заман талабына сай маман иесі болуы үшін білім мен тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізіп келемін.

Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ, мықты кәсіп иесі. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақтыдамыған мықты маман иесі және жеке тұлға даярлау – бүгінгі педагог қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім алған әрбір студенттің мықты маман иесі болып, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген сөзін өзімнің еңбек жолыма арқау етемін. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, мықты маман дайындап шығару мен тәрбиелеуді бізге – педагогтарға тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, өз заман талаптарына сай маман дайындап, баланы тәрбиелеу – педагог қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай болып шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамыздың

Ақырын жүріп анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға. 

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.

 

324 0
Ғалия Тойлыбаева, Талдықорған агро-техникалық колледжі Тарих және география пәнінің педагогы Талдықорған қаласы № 001801
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: