Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1153

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша көркем еңбек пәнінің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Көркем еңбек пәні арқылы əлемді эстетикалық жəне рухани түрде меңгеруге жəне тұлғаның өз ойын білдірудің бір тəсілі болып табылады.«Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, əлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті жəне көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем жəне басқа түрлі материалдар, құралдары мен тəсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын жəне көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.

Көркем еңбек – бұл көзбен көретін нысандарға қатысты, яғни «визуалды қарым-қатынас тілі» түсінігін дамытатын бастапқы көру әдісі. Оқушыларға мұның не екені, әртүрлі көркемдік үдерістер арқылы көру элементтерін дамыта отырып, оны қалай қолдануға болатыны туралы мәліметтер берілуі тиіс. Саутвиктің (2009) пікірі бойынша, «біз қазір түйсініп қабылдау туралы сөз етіп отырған жоқпыз: біз көру арқылы көркемдік тұрғыдан қабылдауды үйретуге тырысудамыз».

Əр пəннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы əр пəн қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тəсілдеме əрбір оқу пəнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім жəне білікпен алмасу, тілдік жəне сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты əдіс-тəсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу əрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, ақпараттар жəне идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Көркем еңбек пәніне  оқушылардың уәжін арттыру үшін  не істеу қажет? Жаңартылған бағдарлама негізінде оқушылардың жалпы білімге деген ынтасын арттыру тек негізгі пәндер арқылы ғана емес, сонымен бірге музыка және бейнелеу өнері сияқты пәндер негізінде де жүзеге асырылуы керек екенін көріп отырмыз.

Мектеп оқушыларының көркем еңбек  арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып табылады. Олардың кеңістіктегі заттарды көре алуы мен ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасай алуы керек. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде  бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттырудағы рөлі ерекше  екенін байқауға болады. Олардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қаты    настарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.

«Көркем еңбек» пәнінің маңызы

«Меніңше, білім беру аясындағы бейнелеу өнерінің басты құндылығы оның адамның тәжірибесін  байытып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға қосатын үлесінде. «Көркем еңбек» пәні адам санасының білімнің басқа салалары қамтымайтын қырларына қатысты: визуалды нысанды эстетикалық қабылдау».

«Көркем еңбек» пəні бағдарламасы:

- өнер түрлерін кіріктіру арқылы пəндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;

- ұлттық жəне əлемдік көркем мəдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

- көркем-шығармашылық пен кеңістік ойлау, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін визуалды жəне тактильді өнер тілдері арқылы қоршаған əлемге өз көзқарасын білдіру қажеттігін қалыптастыруға;

- еңбекті жоспарлау жəне ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;

- сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;

- оқушылардың визуалдық жəне эстетикалық қабылдаудың дамуы, көркем жұмыстарды сын тұрғысынан түсінуі үшін өнер жанрлары, стильдері туралы білімдерін қолдану;

- танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық жəне адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тəжірибесінің қалыптастыруға;

- өзінің көркем жұмысын орындау үшін, ақпараттың əртүрімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;

- бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен жəне топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;

Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді:

- ұлттық жəне əлемдік мəдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу жəне талдау;

- өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалай алу;

- көлемді жəне жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады;

- зерттеу, эксперимент жүргізу барысында əртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;

- шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес жəне сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нəтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;

- алған тəжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тəсілдерді дербес қолдану;

- өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру жəне конструктивті ұсыныс қабылдау;

- əртүрлі жағдаяттарда тиімді жəне бірегей шешім таба білу;

- əртүрлі материалдарды жəне құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсіну жəне түсіну.

Шығармашылық процесс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық процестің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.

Тұтас бөлімде,  жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын процесс, әсіресе, шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім, қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөледі.

Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар игерген процестерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады. «Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру бағдарламасының идеяларын басшылыққа ала отырып, оқушылар өнердің кең ауқымын бағалауда өз дағдыларын жетілдіріп, адамдардың құндылықтарын, қарым-қатынастары мен арман-қиялдарын бейнелеу өнері арқылы бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін кеңейтеді. Олар өздерінің көркемдік дағдыларын дамытып, шығармашылық шешімдерге жетелейтін өнер туындыларын жасауға қажетті мүмкіндіктерін арттырып, өздерінің көркем туындыларын дүниеге әкелуді жоспарлай білу қабілетін жетілдіретін болады. «Көркем еңбек» пәні үшін кез келген ықпал ету оқушылардың уәжін қолдауға, олардың білімі мен дағдыларының дамуына, өзін-өзі бағалау қабілетіне, оқу үдерісі мен нәтижесін дамыту үдерісіне сындарлы әрі сергек түрде ықпал ету маңызды болмақ (Key & Stilman, 2009).

Осындай жас ұрпаққа жан-жақты білім беруді жүзеге асыруда жаңартылған бағдарлама негізінде пәндік білімімізді арттыру өте қажетті және көп жаңалық әкеледі деп ойлаймын. Бұл курстан оқушыларға білім беруде қарапайымдылық пен пәнаралық байланыстың тығыз болуы керектігі, берілген білім оқушының білімге деген уәжін арттыру мақсатында белсенді оқу болу керектігі туралы білімді толықтырады.Соның ішінде көркем еңбектің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері мол. Көркем еңбек пәнінде Кембридж бағдарламасы бойынша барлық жеті модульді қолдану ерекшелігі бар. Оның ішінде белсенді оқыту мен формативті бағалау оқушылардың сабаққа деген уәжін арттырудың негізі екенін байқауға болады. Сабақ барысында қарапайымнан күрделіге қарай ауысу мен тақырыптардың жеңілден басталып, кең көлемде берілетіні туралы көп айтылды.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

2 471 1
Нигматжанова Назира Исмоновна, № 56 Ю.А.Гагарин атындағы ЖОМ КММ көркем еңбек пəні мұғалімі № 001605
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Аида
22 декабря 2023 12:56
Сәлеметсіз бе пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар ма?