Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1151

Қожа Ахмет Иассауи хикметтерінің тәрбиелік мәні

 Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.

Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтеріне алтын арқау еткен басты мәселесі: Алла Тағаланың пенделеріне деген кеңшілігі мен олардың жасаған күнәларын кешудегі қайырымдылығы, нұр шапағатын талмай сипаттап бергендігі дер едік. Ол бұл мақсатта Құдай дидарына ғашық болған пенделерінің өзге қызықтың бәрінен баз кешіп, күндіз-түні тек Аллаға құлшылық етуі қажет, бұл жолда жан мен тәнін де аямауы керек. Сонда ғана хақ дидарын көруге болады деген пікір ұсынады:

 

 -Сүннатларын махкам тутиб уммат булгил,

Кеча, кундуз айтыб улфат булгил.

Нафсидан кечиб, жафасини рахат билгил,

Андаг ғашық еки кузи қирян иурур…

Лала дегил, ғалам сені кафир десун,

Кафир тию Мансур сифат дарға ассун.

Башиң берил хақ курсатсин,

Башиң берган хақ дидарын курар ирмиш.

      Бұдан байқалғандай, әулиенің Құдай салған қиыншылық пен азапты да шыдамдылық, сабырмен жеңе білу, төзімділік таныту жөн, тынбай жылап дертін тарт, Құдай көзді тек көру үшін ғана емес, жас ағызып жылау үшін де берген дейді. Бұлай болмаған күнде Хақ Тағаланың кісі күнәсін кешу-кешпеуі екіталай, өйткені бәріне де оның әмірі ғана жүреді дегенді ескертеді:

 

- Таубе қылсам кечармикун қадир Алла,

Иуқ ирса ниткум анда мен ру сияһ,

Таңла барсам имек аяғ барча куә,

Хақ алдида һар не шилар асан иурур.

      Өмірдің қызығы мен қиыншылығын пенде бастан қанша кешірсе де, қиыншылыққа төзіп, қуанышқа сабыр, шүкірлік етуі шарт. Бұл үшін ол үнемі бір Құдайға жалбарынып, соның кешірімін алуы қажет. Біздің халықта: «Аруақ ұрған оңалмайды, Құдай ұрған оңалады» деген мәтел бар. Немесе кейде: «Күнәсін мойындағанды Құдай да кешеді» – дейді. Сондықтан адам, алдымен, өзінің Аллаға деген көңілін, сенім-нанымын, пиғылын жөндеп алуы керек. Өмірдің қуанышынан қайғы-қасіреті көбірек, сол себепті ол Құдайға деген сенімін кемітпей, қайта оның шарапатына, кешірімділігіне нық сенгені дұрыс.

     Қожа Ахмет Ясауидің ендігі бір мән берген, аяусыз әшкерелеген тақырыбы надандық дер едік. Өйткені оның түсінігінше, надандық бүкіл жауыздық, зұлымдықтың таусылмас қайнар көзі. Мұнда арсыздық пен бәлеқорлық, өтірік-өсек, әділетсіздік те содан табылады деп түйіндейді. Жоғарыда айтылғандай, осы надандыққа ғылым-білім мен даналықты үнемі қарама-қарсы қойып отырады. Сондықтан наданның көзін ашып, Құдайдың сара жолына түсіруге ол бар ынтасы мен ықыласын сарқа жұмсайды. Тіпті өз ойын жинақтай келе ғұлама: «Надандармен бірге өткізген уақыттың өзі дозақпен тең», – деп қорытып, олармен бірге жүруге де, жолға шығуға да қарсы тұрады. Жалған молда, залымдарды да аяусыз түйреп, «Хал ілімін» үйренуге шақырады. Осындай әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы әділдікті ту ете отырып, Хақ Тағала ісіне ғана сабырлық, төзімділік танытудың қажеттігін бейнелі жолдармен өрнектейді.

     Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Сонымен қатар адамның рухани даму сатылары, адам типологиясы сияқты мәселелер кеңінен қамтылған. Құранда адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, төрдегі басын есікке сүйрейтін, «ең төменгі дәрежеге дейін құлдилатып моральдық азғындауға берілген анықтамаларда оның әлсіз, қан төгуші, жоюшы, залым, қиянатшыл, ашкөз, арамтамақ, сараң, надан» екендігі сыналып, осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Өйткені Құдайдың адамға қояр талабы – оның көркем құлықты, жамандыққа жаны қас, жақсылыққа жаршы, болатын, Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастықта болып, содан кейін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Бұл құндылықтар адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырудың негізгі қалыбы – тезі. Адамның жақсылық, парасат, парасатты іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені Құранда имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, риякерлік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуын ескертеді. «Құранда жақсы мен жаман, арам мен адал жолдардың негізгі ұстанымдары мен этикалық негіздері қамтылған. Суфи өзінің бойында осы моральдық құндылықтарды сомдау, хәлін өзгерту, жақсыға ұмтылу, ізгіліктің өзіне оралу мақсатында өзінің рухын үнемі бақылап отырады. Ал бақылаудың өлшемі де Құран. Өйткені, өзіңді-өзің бақылау және “сырттан бақылау” екеуі бірінсіз бірі болмайтын шарттың екі компоненті. Жүрек өзінің ақыл, жан және мен сипаттары арқылы әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен үндестік құра алатын дәрежеге жетуге ұмтылады. Бұл әрекет толығымен моральдық-практикалық жаттығу арқылы мүмкін болатын нәрсе» 

     Қожа Ахмет Ясауи бір Аллаға деген қалтқысыз сенім-нанымның ақыры оған жан-тәнімен берілген шын сүйіспендікке, ғашықтыққа ұласуын қалайды. Егер адам тек сырттан ғана құдайшыл болып, іштен басқа пейілде болса, ол екіжүзділікке, опасыздыққа ұрынады деп баяндайды. Мұндай алдамшы, аяр жандар сабырсыз, төзімсіз келеді, оның соңы надандыққа (жәһілдікке) ұрындырады деген ой ұсынады.

Сөйтіп, арамдық пен өтірік-өсектен, нәпсіқұмарлықтан жиіркенбейтін шәкіртсымақтарды ақын өлтіре сынай отырып, «ғарыптардың ұлығы, заты таза» Арыстан Бабты сондай пасықтарға үлгі етіп ұсынады. Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның өмірде алатын орнын оның ішкі жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді. Міне, Қожа Ахмет Ясауидің хикметінің тәрбиелік құрал болуы да сондықтан.

518 0
ЖАНАТ МАХАНОВА, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия КММ-нің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Шымкент қаласы Түркістан облысы Абай ауданы № 001706
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: