Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1150

Қасиетті мекен, киелі өлкем - Түркістан

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан- ер түріктің бесігі ғой - деп ұлтымыздың мақтанышы ақиық ақын Мағжан Жұмабаев текке жырламаған. Қаншама ғасырлар, жылдар өтсе де өз қасиетінен айырылмаған құтты да, киелі мекен. Тарих қойнауына көз жіберіп, ой тастасақ, асыл қазына кітаптарымыздың ішіне үңілсек, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Яссауи қат-қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде өмір сүргенін аңғарамыз. 

ХІ ғасырда бұрынғы шағын қыстақ Иасы, ол кезде мәдениет орталығы болып, оның Орта Азия елдерімен қарым-қатынасы да арта түскен кезі. Сол тұста қанатын кеңге жайған мұсылман дінінің ықпалы бәсеңдеген тұста ақын ислам дінінің қайта өрлеу мақсатын өзіне өмірлік  мұратына негіздеп мәңгі өшпес мұра етіп қалдырған еңбегі «Диуани хикмет» яғни ақыл, даналық кітабын таратқан. Кітап шағатай тілінде, яғни көне түркі тілінде жазылған. Арыстан баб Қожа Ахметтің ұстазы атанған. Жастай әке-шешеден айрылған ақынның шариғатқа бұғынып ерте жетілгенін өзінің хикметтерінен білеміз.

Дін жолында ораза ұстап әдет қылған.

Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп тапты,

Әр сырымды көріп бүркет жатты.

Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды,

Хикмет айт деп басыма нұр шашылды,

Сол себептен алпыс үште жерге кірдім, - дейді. Адамға құдайды танып білуге қандай уәжіп, парыз амалдар орындау керектігін орнымен жеткізумен қатар, адамгершілік, адалдық, мейірім, рақым, Аллаға деген сүйіспеншілікті ғашықпын деп жазған.

Осы жылдың тамыз айында бабтардың бабы атанған Арыстан баб әулиенің мазарына зиярат етіп, құран бағыштап, киелі Түркістанға да ат басын бұрдық. 

Зәулім сәулет өнерінің озық үлгісі Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне арнайы кіріп, құран бағыштадық. Түркістанда құрылыс нысандары қарқынды жүріп жатыр екен.  Мавзолейдің бөлмелерін аралып, ондағы көне тастарды көріп, 817, 919, 946-жылдар деген қашалған сандарға еріксіз көзің түседі. 

Араб әрпімен қашап жазылған жазулар, күмістен жасалған ат  әбзелдері, үлкен құран кітабы және тайқазаны, бәрі тарихтан сыр шертіп тұрғандай. Түркістанның жазира даласы, салқын самал есіп жанға жайлылық сыйлайды. «Менің хикметтерім дертке дәрмен. Кімдер бойсынбаса жолда қалғаны. Менің хикметтерім Алладан пәрман, оқып ұққанға бар мағынасы: құран» Қожа Ахмет Яссауидің қай хикметін оқысақ та тұнған тәлім-тәрбие, саф алтындай  жарқыраған тазалықты  аңғарамыз.

Түркістан күллі түркі елдеріне ортақ мекен. Бүгінгі Түркістан күн сайын дамып, жайнап, гүлдеп көркеюде. Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін көзіміздің қарашығындай сақтайық. Яссауи хикметтері мәңгілік мұра, даналық дастан болып ұрпақтан-ұрпаққа жете береді. Қожа Ахмет Ассауи 60 хикметінде былай дейді:

Иманы жоқ халайықтан әркім қашса

Білімділер кеңесінен безер болар,

Күйіп жанып ғашық жолына жасын төксе,

Субхан ием ғарыш үстінде мейман қылар

Мұндағы иманы жоқтың бойында құдайменен ісі жоқ, иманы жоқтан бәрі қашар, күйіп жанып ғашық болуы Аллаға жақындауды айтады. Ғарышты, кеңістікті жырлап Жаратушының келбетін армандаған көктің ғаламат күшке ие екенін де хикметтерінен аңғарамыз. Яссауи хикметтері сүрінгенге демеу, адасқанға жол көрсетер шырақ, жанға сая, жүрекке медет сыйлайтын мәңгілік даналық мектебі. 

Сарқырап аққан сарқылмас бұлақ

Арық таза болса, әркез жеңіс сенде

Іші сырты жалған жанға әсте сенбе - деп қай жастағы адамға адалдық қашанда серік екенін жырлаған. Адам жанының адалдығының абыройы қашанда асқақ тұратын өз хикметтерін де көркем келтірген. Жастай әке-шешеден жетім қалып қиындықты көп көріп өсені, оның зерек те зейінді болуына ерте есейуіне де тағдыры әсер етсе керек. Тым жас кезінен шариғатқа мойынсынып тәнті болғанын хикметтерін оқи отырып көп мағлұмат аламыз. 

Дін жолында ораза ұстап  әдет қылғаныл

Бес жасымда шариғатқа белін бұлғаныл

Күндіз түні зікір айтып тәубе қылдым

Сол себептен алпыс үште жерге кірдім.

Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты 

Әр сырымды көріп бүркеп жапты

Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды

Хикмет айт деп басыма нұр шашылды

Сол үшінде алпыс үште кірдім жерге - дейді.

Әр хикметінде құдайды танып білуге пайғамбарымызды пір тұтып еш қарсы келмей жан тәнімен Аллаға ғашықтығын аңғарамыз.

Қожа Ахмет Яссауи  хикметінде 

Мұхаммедті білгейсің, заты оның араб дүр,

Білсеңіз ол еш нәрсеге ұқсамас дүр

Әлемде теңдесі жоқ екенін біліңіз

Шәк шүбә келтіруге болмайтынын біліңіз - дейді. Пайғамбар жайлы өте мағыналы түсіндіріп, мұсылманның бір парызы пайғамбарды аса құрметтеу екенін де жазады. Шүбә, пәк келтірме деп те нақты жазған.

Бісміллә деп баян еттім хикмет айтып

Қайда жүрсең де көңілің жұмсақ сыпайы бол

Аят, хадис айтқандарға қанағат қылғыл - деген өлең жолдары.

Ұлы ақын Абай атамыздың да жырлары Яссауи хикметтерімен сарындас үндесіп тұрады. Абайдың  38 қара сөзінде:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген жолдары екеуінің ой пайымы, топшалаулары егіз ой өрбітіп тұрғандай. Яссауидің «Диуани хикметі» бастан аяқ ақыл-өсиет, үлгі өнегеге бай,  мейірім шапағатқа толы қазына, бауырмалдық қасиеттерге ие дүние. 

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев Түркістан облысы деген атты тегін қоймағаны мәлім. Бүгінгі күн- ертеңгі тарих. Рухани Астана Түркістан бүгінгі таңда күн сайын көркейіп кемелденуде. Қасиетті Мекенге айрықша әр беріп тұрған  Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі – біздің мақтанышымыз.

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында қарқынды құрылыс жүріп жатыр Түркістанда. Қасиетті Түркістанның мәңгілік төлқұжаты Қ.А.Яссауи мавзолей екені даусыз. Күмбезі күнмен шағылысып кірпіші әсем қаланған, үлкен сәулет өнерінің түпнұсқасы атанған мавзолейді көзіміздің қарашығындай қастерлеп, келер ұрпаққа аманат етіп, дәріптей беру баршамыздың парызымыз.

 

569 12
Ләззат Жұмабекова, «Ш.Уәлиханов атындағы №2» ЖОМ-нің қосымша білім беру педагогы № 001604
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айгул
Айгул
14 января 2022 17:20
Улкен белестерден корине бер саттилик жолдасын болсын
Галия Муталиева
14 января 2022 17:24
Сәттілік тілеймін
Айгуль Сенбековна
14 января 2022 17:40
Құрметті Лаззат. Тамыры тереңге кеткен мәдениетімізді, әдебиетімізді, ұлы данышпан ғұламаларымызды толғап толық қанды тамаша мақала жазған екенсіз, оқып сусындап қалдым. РАХМЕТ. Жас ұрпақты тәрбиелеуде сізге зор денсаулық және творчестволық табыс тілеймін. Еңбегіңіз жанып, шәкірттеріңіз білімді, бәсекеге қабілетті білікті азамат болсын.
Балжан
Балжан
14 января 2022 17:57
Керемет мақала! Қайырлы болсын!
Манас
14 января 2022 18:00
ӨТЕ ЖАҚСЫ ШЫҒАРМА
Дуйсенбиева  Гүлсім
14 января 2022 19:27
Ләззат Жұмабекова материалдарың өте құнды. Сен керемет, шәкірттеріңнің жүрегіне жол таба білген ұстазсың! Саған шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңнің жемісін көре бер!
Жулдызай
14 января 2022 19:57
Лаззат апай өз ісінің шебері, мықты мамансыз. Шығармашылық табыс тілеймін. Тек қана биіктен көріне беріңіз💐💐💐😘😘😘
Айгуль Керимбекова
Айгуль Керимбекова
14 января 2022 21:01
Ләззат сәттілік тілеймін! Биік белестерден көріне бер!!!
Жазира
14 января 2022 22:20
Ляззат ханым жұмысыңыздың жемісін көріңіз.Өте құнды ақпарат жазғансыз.Өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі,өнеге болатындай.Жарайсыз 😘🥰🥰🥰
Инжу
Инжу
15 января 2022 12:40
Еңбегіңіз жана берсін!Сәттілік тілеймін 💐👍👏
Айдын Досмаганбетова
15 января 2022 16:39
Лаззат жаным өркенің өссін ,биік белестерді бағындыра бер ,өте керемет шығарма.
Айман
15 января 2022 19:48
Ләззат керемет жазылған,биіктен көріне бер 👍👏🌹