Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1148

Али мен Айяның ауылға саяхаты

Білім беру саласы

 Коммуникация. Таным  

ҰОҚ

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

«Али мен Айяның ауылға саяхаты»

Оқу мақсаты:

Сөйлем құрап айтуға,сурет бойынша еркін әңгімелей білуге дағдыландыру.Үй жануарлары,олардың адамдарға тигізер пайдасы туралы мағлұмат беру.Тілдік қорын дамытып сұраққа толық жауап беру,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

ҰОҚ мақсат:

Үй жануарларын ажыратып, адамға тигізетін пайдасы туралы шағын әңгіме құрайды.

Дағды:

Өз тәжірбиесі     негізінде әңгіме құрастырып,толық жауап беруге ұмтылады. Қабылдау,есте сақтау,қиял дағдылары қалыптасады.

Ресустар 

Интерактивті тақта,мозайка,карточкалар,үй жануарлары суреттері

Оқу қызметіне тарту әдісі

Ширату  жаттығуы,саз әуенімен.

Әсерлі көңіл-күй орнату.

Негізгі кезең 

-Балалар бүгін  Али мен Айя тікелей байланысқа шығып,сіздерден көмек сұрайды.  

-Балалар Али мен Айя неліктен үй жануарлары туралы білмейді деп ойлайсыңдар?

-Үй жануарлары туралы сендер не білесіңдер?

 Тәрбиеші жаңа ақпаратпен балалардың жауабын толықтырады. 

 

 

 Саралау әдісі: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

Балалар өз таңдауымен суретті карточкалар арқылы  топтарға бөлінеді.

 

Топқа бөлу: сиыр,түйе,қой  суретін таңдайды.

1-топ сиыр                  II-топ түйе                       III-топ қой

 

              

                                                                           

 

Топтағы бір-бір баладан бұл суретті не үшін таңдағаны туралы  ақпарат алынады.

Түрткі сұрақтар:

-Нұрай, сен не үшін сиырды таңдадың?

-Ақнұр, сен не үшін түйені таңдадың?

-Ернар, сен не үшін қойды таңдадың?

-Жарайсыздар балалар.бұларды бір сөзбен «Төрт түлік» деп атаймыз.Міне, балалар мен сіздердің үй жауарларының     қаншалықты пайдалы екенін және не үшін жақсы көретіндеріңіз туралы білдім

 

Жеке жұмыс «Төлін табыстыр»

Балалар төлін енесімен табыстырып атайды.

(Балаларды деңгейлеріне қарай мазмұны бойынша саралау)

 

 Жұптық жұмыс «Конверт-сұрақ» 

Конвертте үй жануарлары орналасқан. Жұптар бір конверт алып, ішіндегі жануарды бір-біріне сұрақ-жауап әдісімен талқылайды.

(Коммуникативтілік дамыту, ресурсты саралау)

 

Сергіту сәті:

Топ-топ етіп басайық

Ауылға біз барайық

Қозыларды санайық

Бір-екі,үш деп

Алақанды соғайық

Төрт,бес,алты деп

Қораларға қамайық

 

Топтық жұмыс. 

«Үй жануарларының пайдасы» туралы ертегі құрастыру.

Смарт мақсаты: Балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, әңгімелейді.

 (4К моделі, Бала үні)

 

Рефлексия арқылы балалардың білімін қорытындылау

«Бүгін мен...» әдісі

- Белсенді болдым.

- Ойшыл болдым.

- Жан-жақты болдым.

- Шығармашыл болдым.

- Көп белсенділік танытпадым.

Күтілетін нәтиже

 Командалық жұмыс жасады. 4Кмоделі. Тілдік коммуникация,креативтілік байқалды.

Өз тәжірибесі негізінде көру арқылы  әңгіме құрастырады.

Сабақ барысындағы іс- әрекеттерде танымдық деңгейі артты. 

Баланың  үй жануарларына деген қарым- қатынасының деңгейі анықталды. 

334 0
Майжан Кенжегалиева, «Балдаурен» бөбекжай-бақшасының І-санатты тәрбиешісі Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті № 000187
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: