Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1146

«Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар – ел»жобасы халқымыздың рухани құндылығын арттыратын жүйелі жоба

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.

Смартфондар мен ғаламтор жайлаған мына заманда жастардың басым көпшілігінің кітапқа деген қызығушылығы төмендегені бәрімізге де мәлім. Адамның қателігі ме немесе заман ағымына ілесу деген осыны білдіре ме деген сұрақ бірден ойға келері анық.

Ғаламтор мен смартфонның тек зиянды тұсын көруіміз дұрыс емес әрине десекте кітап оқып дүниетанымымызды кеңейтіп рухани байлығымызды арттырып жүру әрдайым біздің басты құндылығымыз болмақ.Кітапты жиі оқитын адаммен кітапты мүлдем оқымайтын адамның да айырмашылығы болады,оны сіз адаммен сұхбаттасу кезінде анық байқап аңғара аласыз.Кітапты үнемі оқитын адам тілге шешен,көркем сөздің хас шебері болады. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын еліміздегі мектеп қасындағы кітапханалардың жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыру жоспарланғандықтан сол жоспарға сәйкес біршама жұмыстарда атқарылды. Ең әуелі осы тапсырма бекітілген күннен бастап күнделікті мектеп оқушыларына бір кішігірім іс-шара болса да ұйымдастырып отыру басты назарға алынды. Бұл жердегі айта кететін жайт мәселе іс-шараның ауқымдылығында немесе уақытының ұзақтылығында емес,бастысы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып,жастарды рухани байыту бағытын қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі таңда кітапханамызда осы жобаға байланысты бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ:

  1. «Каникулда кітап оқимыз» атты марафонға оқушылар тіркеліп, онлайн кітап оқыды;
  2. «Ұйқы алдында отбасымызбен кітап оқимыз» атты жобасыда ұйымдастырылды;
  3. «Bykrossing» бұрышы ашылды;
  4. «Оқы, талқыла, суретте» және «20 минутты кітапқа арна»  жобалары өткізілді.

Тағы бір айтып өтерім бұл жоба тек мектеп оқушыларына қатысты емес. Тақырыптың өзі нұсқап отырғандай бүкіл қазақ халқына ортақ іс болып отыр.Әр адам елімді дамытуға үлес қосамын десе әуелі өзінен бастауы шарт!

Тынбай ізденіп біз үшін еңбектеніп жатқан жазушылармыздың еңбегіне құрметпен қарауды үйрететін бұл бастама қазірдің өзінде біршама адамның көңілінен шығып үлгерген,мысалы әр аптада кітап оқуға байланысты түрлі мектепішілік сайыстар мен  байқаулар ұйымдастырылып отырады.Соның нәтижесінде балалардың кітапқа деген қызығушылықтары артып кітапханаға жиі бас сұғатын болған бұл анық байқалып келе жатыр.Ал үлкендер арасында «отбасымен кітап оқы» «Ата-ана кітапқа құштарлық танытайық» сынды іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.Себебі бала ата-анадан көргенін жасайтыны анық.Мектептен бөлек үйде берілетін тәрбиенің де маңызы зор болғандықтан ата-аналармен де ұдайы жұмыс жасап отыру қажет.

1 859 0
Қорлан Кумусбекова, Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ , Кітапханашы № 001603
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: