Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1144

Бастауыш мектеп-білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы

Тәрбиенің  сан саналы,күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын,күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдығы –бастауыш мектеп.Бастауыш мектептің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,білімге деген сенімін нығайту,шеберлігі мен іскерлігін,дүниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын ояту,білімге деген ынтасын арттыру болып табылады.

Ендеше,осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-Ұстаз.Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

     Бастауыш мектеп мұғалімі-ерекше тұлға.Өйткені ол балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер бүгінгі мектеп,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр»,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі ғана емес, танымдылық,педагогикалық -психологиялық сауаттылық талап етілуде.

 «Ұстаз болу-жүректің батырлығы»,Ұстаз тәлім мен тәрбие беруші кең пейілді кемеңгер жан.

Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес,көрсеткен үлгісімен,тәрбиесімен байланысып жатады.Ұстаз- бәрінен бұрын тәрбиеші.Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші.Ұстаз шәкірттерге білім бергенде,қазақ тілін үйреткенде,олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді.Мен ұстаз еңбегін жеміс ағашына ұқсатқым келеді.Мұғалім жас жеміс ағашының тамырына нәр беріп,қуаттандырып,көктетіп,көгертеді.Жеміс ағашы өсіп,өніп жапырақтары жайқалып гүлдейді.Сонан соң осындай еңбектің арқасында жемісін береді.Сол сияқты білім беру процесі жаздың ыстығына,қыстың суығына төтеп бере алады.Бала жаны жаңалыққа құмар,білмегенін білгісі келіп,белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан ,бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Мұғалім сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп,оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру-мұғалімнің басты міндеті.Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

Мұғалім-мектеп оқушылары үшін еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан.Олар ұстазының іс қимылына,жүріс тұрысына сөйлеу мәдениетіне,мәнеріне,адаммен қарым-қатынасына еліктейді.

             Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдері алдында тұрған міндет-педагогикалық қабілеттерін балалардың шеберлігін шыңдау,оқушы белсенділігін арттыру,қабілетті,ізденімпаз,

шығармашыл тұлға болуын қамтамасыз ету.

             Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп,аса жоғары қастерлеп бағалаған.Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. 

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек,оларды ақылды,парасатты,білімді саналы азамат етіп тәрбиелеу-әрбір ұстаздың борышы.

315 0
Алтынгул Кадирова, Игілік шағын жинақталған бастауыш мектебінің бірлестік жетекшісі Түркістан облысы, Кентау қаласы № 000184
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: