Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI114

ТАБЫСТЫ САБАҚ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

         «Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, бүгінде білім беру саласына жаңартылған білім беру бағдарламасы тың өзгерістерді əкелді. Жаңаны табуға талпына отырып ұстаз үнемі ізденісте болады, сапалы білім беруге ұмтылады. Сабақ – əр ұстаздың жеке туындысы, жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Бүгінде табысты сабақ дегенді жиі естиміз, айтамыз. Табысты сабақ қандай болуы керек? Бұл сұрақты курс барысында тыңдаушыларға жиі қоямын. Ұстаздар түрлі ойларын білдіріп жатады. Ойларын саралай келе табысты сабақтың құрылымын құрастырды, қорытынды жасады. 

      Табысты сабақтың негізгі белгісі – белсенді сабақ. Белсенді сабақты жоспарлау дайындық жұмыстарынан басталады. Мұғалім оқу бағдарламасындағы сабақтың орнын белгілейді. Оқу мақсаттарына байланысты сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды. Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді. Өткен жəне келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды. 

        Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, əдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі əрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады: 

-    Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау).

-    Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау).

-    Оқу материалының мазмұнын саралау.

-    Оқыту əдістері мен тəсілдерін таңдау.

-    Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау.

-    Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау.

-    Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау.

-    Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу.

-    Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т. б.

      Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге жəне оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу жəне өмір жағдайында шығармашылық тұрғыда  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған. Мұғалім ең бастысы оқу мақсатына жету үшін бүгінгі сабақта қол жеткізетін мақсаттарын айқындап алуы тиіс. Яғни бүгінгі сабаққа барлық оқушының, көптеген оқушылардың жəне кейбір оқушылардың қол жеткізетін мақсаттарын қойып алу керек. Əр сабақ оқу мақсатымен нақтыланылады жəне мақсаттар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып SMART форматында құрастырылуы қажет. Курс барысында тренер ретінде байқағаным, көптеген мұғалімдер оқулықта қандай материал бар, оқулықта не берілген деп назарын оқулыққа аударып, сол оқулық аясынан шыға алмайды. Мақсат қоюда оқулықты басшылыққа алады. Оқулықтағы берілген материалдар оқу мақсатына жетуге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан əр ұстаз өз оқушыларының ерекшеліктерін есекере отырып сабақтың мақсатын қоюы тиіс. Мұғалім əрбір сабақты жоспарлағанда оқыту мақсаттарын дұрыс құру керек деп ойлаймыз. Сабақта мұғалім өз мүддесін, мақсатын ғана белгілемей, оқушының оқудағы мақсатын ескерген жөн. Егер сыныптағы мұғалімнің оқытудағы мақсаты мен оқушының оқудағы мақсаты бір болмаса, онда табысқа жету мүмкін емес. 

       Сабақ мақсатын анықтауда мұғалімдердің жіберетін кемшіліктерінің бірі –дəстүрлі сабақта қойып үйренген жалпы мақсаттарды қоюы. Мысалы, жаңа білімді игереді, өткенді еске түсіреді. Табысты сабақ – сабақ мақсаттарының талапқа сай болуынан басталады. Осы орайда жас мамандарға сабақ мақсаттарын анықтауға көмектесетін Блум таксономиясы бойынша қолданылатын етістіктерді назарға алыңыздар демекпін. 

        Бастауыш сынып пəндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге негізделген. Сондай-ақ оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тəжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу дағдылары да қамтылған. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді жəне оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқытудың 8 тəсілін үйретеді. 

       Оқу мақсаттарын анықтауда оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау жəне əр оқушының дамуын қадағалау қажет. Сабақты жоспарлау барысында екінші ескеретініміз белсенді оқу əдістерін қолдану. Сабақта белсенді əдістер қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастарымен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық əрекетін күшейтіп, өзінің кəсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді. Сабақтың əдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу əдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына əсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық ахуал орнату, оқушылардың жеке жəне жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мəселелерді басты назарға алу керек. 

      Таңдап алынған əдіс-тəсілдер оқушылардың сабақ тақырыбын толық меңгеруін қамтамасыз етіп, мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін, оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған болуы тиіс. Сабақты түрлі формалармен жəне əдістермен тым толтырып жіберу оқыту мақсатына жеткізуге əкеле бермейді. Қолданылатын барлық тəсілдердің өзіндік мақсаттылығы болуы керек. Сабақтың əр кезеңінде өзінің нақты оқыту мақсаты болады. Ол мақсаттар ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді болады. Белсенді оқу дегеніміз белсенді ойлану мен əрекет ету. Тəжірибе барысында байқағаным көптеген əріптестерім белсенді оқу əдісін топтық жұмыс барысында ғана болады деп қателесулері. Сонда жеке жұмыс орындау барысында бұл үдеріс жүзеге асапай ма? Əрине жеке жұмыс барысында да белсенді оқу жүзеге асады. Ол мұғалімнің берген тапсырмасы мен проблемалық сұрақтың жауабын іздеу барысында жүреді. Ойлау жəне практикалық іс əрекет үдерісінде оқушылардың белсенділігін қамтамасыз ететін əдістерді пайдалану қажет. 

      Үшінші ескеретін компонент – саралау. Тапсырмаларда оқушылардың қажеттіліктері ескеріліп, саралануы тиісті. Яғни тапсырмалардың оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталуы, олардың қабілеттері, дағдылардың қалыптасқандығы, қызығушылықтары, ақпаратты қабылдау қасиеті, берілетін ақпараттың түрі назарға алынады. Саралаудың əртүрлі тəсілдерін алдын ала жоспарлау. Оқуды қолдау мақсатында берілетін тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау тəсілдері сараланып таңдалануы керек. Саралау тек қана тапсырмадан ғана тұрмайды.

    бағаланатын оқу мақсаттарынан;

    бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау;

   бағалау критерийлері: оқушының оқу мақсатына жетуге анықталатын қадамдардан тұрады. Келесі оқу мен оқытуда оқушылар келесі əрекеттерді атқаруға дайындау керек: бірлескен жұмыс, танымдық, коммуникативтік, əлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту, бастамашылдық, кері байланыс жасау, проблема шешу, шешім қабылдау. 

      Қалыптастырушы бағалау тəсілдерін таңдауда мұғалімдергеайтарым, сіз қолданатын бағалау тəсілі оқуды қолдайтындай болуы тиіс. Бағалаудың əдістері мен оқыту мақсатының сəйкестігін назарға алу маңызды. Бүгінде əріптестерім жиі қолданатын «Бас бармақ», «Күлегештер», «Бағдаршам» бағалау тəсілдерінің тиімділігін ескеру керек. Осы бағалау нəтижесінде оқушы өзінің жіберген қателерін нақты көре ала ма? Əлде бұл бағалау тəсілдері ынталандыру үшін тиімді ме? Осы сұрақтар курс барысында жиі қойылды. Ұстаздар аталған бағалау түрлерінің ынталандыру мақсатында, оқушының уəжін ояту мақсатында тиімді деген қорытындыға келді. 

        Ұстаз өзінің əр сабағынан кейін рефлексия жасау арқылы келесі күнгі сабағын жоспарлайды. Яғни мұғалім рефлексиялаушы, ойлаушы болуы керек. Бұл əрекет келесі сабақты тиімді жоспарлауға көмектеседі. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең –ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!». Сондықтан да оқытудың тиімділігі мен нəтижелілігі алдымен мұғалімнің жоспарлау кезіндегі оқыту іс-əрекетін жан-жақты талдауы, оқыту көзқарасын жəне шешімімен анықталады. 

       Табысты сабақтың төртінші компоненті – бағалау. Бағалау критерийі – мұғалімдер мен оқушылардың оқу мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін өлшем. Барлық пəн бойынша критерийлер арқылы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға сүйенеді: 

Пайдаланылған əдебиеттер:

1.    Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым, 2012 ж. 72-73 бет.

2.    Мектептегі тəжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, үшінші басылым, 2012 ж. 18-19 бет.

3.    Бастауыш мектепте дарынды жəне талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру. Dаvіd Fultоn.

4.    Тиімді жоспарлау, Мұғалімге кеңес. НМЗ ДББҰ, 2015 жыл Астана

1 577 0
ДИДАР УСЕНОВА, Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының менеджер-əдіскері Ұлы дала ұстазы № 000067
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: