Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1139

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты

Қазақ  тілі  пәнін   оқыту  мақсаты  -   жалпы  білім  беретін   негізгі  мектептерде  ана   тілін қадірлейтін  қоғамдық   мәнін  түсінетін  тұлға   қалыптастыру  және  қазақ   әдеби  тіл  нормаларын   сақтап  дұрыс  қолдана   білуге  еркін  сөйлесуге   және  сауатты  жазуға   үйрету. 

Қазақ  тілі  -   Қазақстан  Республикасының   мемлекеттік   тілі. Қазақ  тілі – барлық  тілдер   сияқты,  өзінің  табиғи   болмысымен және әлеуметтік маңыздылығымен  ерекшеленетін   бірегей  құбылыс. Қазак  тілі – қазақтардың  және қазақстандықтардың  мемлекеттік   тіл мәртебесіндегі  өзара   қарым–қатынас  құралы. Қазақ тілі - қазақ  ұлтының  тарихын, әдебиетін, мәдениетін, білімдік  мұрасын  сақтаған   баға жетпес  қазына. Қазақ   тілі  - қазақтың ұлттық  санасының   және  әрбір  жеке   қазақтың  өзіндік  санасының   көрініс  беруінің  басты   формасы. Қазақ  тілін  сапалы   меңгерген  әрбір  оқушы   қазақ  тілі  сабақтарын   өз  ана  тілінің   табиғатын  танытатын  процесс   ретінде  де, басқа  пәндерді   сапалы  меңгеру  құралы   ретінде  де  бағалап, өз   бетімен  іздене  алады . Қазақ   тілін  оқу  пәні   ретінде  меңгеру процесінде   әрбір  оқушы  қазақ   тілін  сауаттылықпен  өзінің   айналасындағы  адамдармен  күнделікті   қарым – қатынас  жасау  құралы ретінде  және  қазақ   тілінің  теориялық  тұрғыдан   терең  тани  отырып   сол  арқылы  басқа   пәндерді  де  сапалы   меңгерудің  оқу – таным құралы   ретінде  пайдаланудың  жоғары   деңгейлерін  игеруге  ұмтылып   отырады .

Жалпы  білім  беретін   негізгі  мектептерде  Қазақ   тілі  пәнін  оқытудың   мақсаты – ана  тілін  қадірлейтін,   қоғамдық  мәнін түсінетін тұлға  қалыптастыру  сондай–ақ   қазақ  әдеби  тілі   нормаларын  сақтап  дұрыс   қолдана  білуге,  еркін   сөйлесуге  және  сауатты   жазуға үйрету.

Жалпы  білім  беретін   негізгі  мектептер  қалай  білім  алу   керектігін  білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы  жоғары, сенімді, жауапты, ой – өрісі  дамыған   жеке  тұлғаны  қалыптастыруға бағытталған   қағиданы  ұстанады. Мұғалімдер  оқушылардың бойында  бұл қасиеттерді   қалыптастырып, дамытуда  оқытудың   түрлі  стратегияларын  қолданады. Атап  айтқанда:   

  • Оқушылардың  жеке  пікірін   тыңдай  білу, олардың  бұған   дейін  алған  білімдері   мен  қалыптасқан  түсініктерін   одан  әрі  дамыту   үшін  оларды  қолданудың   маңыздылығын  құптау;
  • Мұқият   іріктелген  тапсырмалар  мен  іс – әрекет  түрлері  арқылы   оқушыларды  ынталандыра  және ойы   мен  сөйлеу  тілін   дамыта  оқыту;
  • Проблемаларды   шешу  әдіс–тәсілдерін  оқушыларға   түсінікті  жолмен  құру   және  көрсету;
  • Оқушылардың   білім  алуына  Оқыту   үшін  бағалау  арқылы   қолдау  көрсету; 
  • Оқушылардың   сын  тұрғысынан  ойлау   дағдыларын  дамыту;
  • Оқушылардың  жеке , топтық  және  тұтас  сыныптық  жұмыс   түрлерін  ұйымдастыру.

Қазақ  тілі  пәнін   меңгеру  нәтижелері  критериалды   бағалауды  қолдану  арқылы   жүзеге  асырылады . Критериалды  бағалау   оқыту, оқу және   бағалаудың  өзара  тығыз   байланысында  негізделген. Критериалды  бағалау  нәтижелері   білім  беру  процесін   тиімді  жоспарлау  және ұйымдастыру  мақсатында  пайдаланылады. Критериалды  бағалау   қалыптастырушы  және  жиынтық   бағалаудан  тұрады. 

Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз   өткізіледі,  оқушы  мен   оқытушы  арасындағы  кері   байланысты  қамтамасыз  етеді   және  оқу   процесін   дер  кезінде  түзетуге   мүмкіндік  береді .

Қазіргі    кезеңде     білім      берудің     ұлттық    моделіне     өту    оқыту   мен    тәрбиелеудің    соңғы    әдіс–тәсілдерін,технологияларын игерген, нақты  іс-әрекет  үстінде   өзіндік  даңғыл  жол   салуға  икемді, ойшыл  мұғалім, зерделі  оқытушы   болуды  қажет  етеді.

Қазақ  тілін  оқытуда   талдау  әдісін  оқушыға   дұрыс  үйрету  арқылы   қазақ  тіліндегі  дыбыстарды, сөз  құрамын, сөз   тіркесін, сөйлем мүшелерін т.б өз  бетімен  анықтай   білу  дағдылары қалыптастырылады. Мемлекеттік тіл - аса  маңызды өзекті мәселе,  тіл – халықтың  жан дүниесі, ұлтты танытатын   басты  белгі. Ол – ұлт болмысын  ұғындырып, біріктіруші  фактор. Сондықтан  мемлекеттік   тілді  білу – өмір талабы, заман  сұранысы, қоғам  қажеттілігі.

Қазіргі  таңда  әдіс – тәсілдердің  тиімдісін   мұғалім  өз  еркімен   таңдайды. Құдайберген   Жұбанов   айтпақшы: Егер  мұғалім   пәнді жақсы  білсе, онда   дұрыс  әдісті де табады. Сондықтан  түрлі   әдіс – тәсілдерді  саралай отырып, тиімдісін  өзіндік  ой   еңбегімен  ұштастыра алса, әр   сабақ  өз  нәтижесін   беретініне  сенемін. Заман  талабына   сай шәкірт шығармашылығын   дамытуға, мұғалімнің   қажеттіліктеріне жан–жақты  жауап   беретін  тиімді  технологиялар   шексіз. Тәжірибеде  сол технологияларды  қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр  ұстаздың  міндеті. Қазақстанның  болашағы   алдымызда  отырған  мектеп   оқушылары. Сондықтан  осы  оқушыларға   жан-жақты  білім  беру, өз   пікірін  айтып, дәлелдей  алатын, білімді, білікті  тұлға   тәрбиелеу  ұстаздарға жүктеліп   отыр. Сондықтан  ұлтымыздың ұлы  ұстазы А. Байтұрсынұлының: Білімдіден  не   пайда білгенін көпке   айтпаса, үйреткеннен  не  пайда   қайырымы  қайтпаса  деген қанатты сөзімен аяқтағым  келіп отыр.

1 206 0
Жанат Искакова, №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі № 001602
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: