Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI113

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

         Қазіргі уақытта əлемде болып жатқан індетке байланысты орта білім беру жүйесінде IV тоқсан қашықтан оқыту арқылы ұйымдастырылды. Қашықтан оқыту басталғанға дейін мектеп қабырғасында мұғалім оқушының əр өтілген тақырыпты меңгерген деңгейін анықтау үшін жəне орындаған тапсырмаларын жақсарту мақсатында ауызша жəне жазбаша тиімді кері байланыстар беріп отырды. Бұндай тəжірибеге мұғалім де, оқушы да жəне ата-ана да үйреніп қалған. Ал қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту арқылы оқушы өзінің оқу үлгерімін жақсартуға қолдана алатындай кері байланысты қалай дұрыс жүзеге асыруға, жұмыс жүктемесін қалай түзетуге болатыны туралы сұрақтар əріптестерімізді мазалауда. Дегенмен қашықтықтан оқыту білім беру жүйесінде алғашқы тəжірибе болса да мұғалімдер онлайн сабақ өткізіп, тапсырмалар беріп жəне орындаған тапсырмаларына ауызша, жазбаша сапалы кері байланыстар беруде. Ал сапалы кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес, оның жақсы не төмен деңгейде жасалынғандығын анықтап, дер кезінде өзгеріс енгізуге, түзетуге мүмкіндік беру жəне не жасалуы керектігін көрсету.

          Қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүргізу үшін оқыту мақсаты басынан бастап нақты анықталуы керек, бұл оқушыға да, мұғалімге де өте маңызды. Маңыздысы мұғалім жоспарлауды оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтаудан бастайды жəне «Еlarna», «Балапан» телеарналары бойынша жүргізілген сабақтардан алатын білімдерін ескере отырып, оқушыларға қажетті нəтижеге жету үшін шаралар əзірлеуде. Мұғалімдер күтілетін нəтижеге жету үшін BilimLand, Kundelik.Kz, Daryn.online платформалары арқылы берілген сабақ мазмұны мен тапсырма түрлерін анықтап, оқу мақсаты мен сабақты жоспарлауда Youtube арналарының мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Аталған оқу платформасы арқылы қашықтан оқытуда оқушының жұмысын үздіксіз бағалай отырып, мұғалімдер оқушылар меңгермей қалған кейбір оқыту аспектілерін анықтауда. Бұл жағдайда кері байланыс мұғалімдерге жүйелі түрде бағалауға, өз оқыту əдістерін жақсартуға жəне оқушыларға сабақ беру уақытында кері байланыстың сапасын арттыруға мүмкіндік беруде. Жəне де осы əдістер дəстүрлі сыныптардың шегінен тыс, мұғалімнің жұмыс күнін арттырмай, оқытудың аясын кеңейтеді, яғни қашықтан оқыту оқушылардың сайттарға өздігінен кіріп, өз бетінше білім алу дағдысын жетілдіруіне көмектеседі. Егер мұғалім қашықтан оқыту үшін жағдай жасаса, онда оқушылар бейнежазбаларды жəне басқа да оқыту материалдарын кез келген уақытта оқып, жұмыстарын жалғастырады, сондай-ақ басқа да оқушылармен онлайн форумдар, чаттар жəне видеоконференциялар арқылы бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе алады. 

     Мұғалімдер үшін кері байланысты ұсынуда оқыту платформаларда портфолиолар тамаша үлгі болып табылады, бұл белгілі уақытқа дейін оқушылар өз жұмыстарын жақсарту үшін қажет. Мысалы, оқу үрдісі кезінде оқушыда екі портфолио болуы мүмкін: жұмыс (жұмыстарын жақсарту үшін) жəне бағалау (біткен жұмыстары үшін). 

     Бұл мұғалімдерге оқушылардың дамуы кезіндегі жұмыстарын қарауға жəне конструктивті қалыптастырушы пікір қосуға мүмкіндік береді, нəтижесінде оқушы материалды қайталап жəне уақытының аяғына дейін жұмысын жақсарта алады. 

     Дилан Уильям секілді ғалымдардың зерттеулеріне сəйкес, мұғалімдер оқушылардың материалдарды меңгерілуін бағалайды жəне оқыту үрдісін олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады. Бұл оқыту платформасының ішінде қарапайым ыммен, сұрақ-жауап жəне т. б. түрімен жүзеге асуы да мүмкін. 

    Мысалы, мұғалімдер Padlet, Vocaroo, kahoot, Quizizz, Тriventy, Flippity, Рlickers, Sli. do жəне тағы басқа оқушыларға қолжетімді оқыту платформалар арқылы сұрақтарды, зерттеулер мен нөмірленген тестілерді жіберіп, оларға сабақ аяқталғанға дейін жауап берулерін сұрап, содан кейін ол жауаптарды олардың қаншалықты жақсы түсінгендерін анықтау үшін пайдаланулары мүмкін. Сондай-ақ мұғалімдер осы əдістерді сабақ аралық түсініктерін тексеру үшін жəне нəтижелерін келесі сабақтың жоспарын реттеу үшін пайдалана алады. Мұғалім тапсырманы қайтарып берген кезде жазбаларға арналған жеріне тек түсініктемелер ғана жазады, мысалы: 1–3 дейінгі тапсырманы дұрыс орындады немесе 1-3 тапсырманы қайта дұрыстау керек. Бұл түсініктемелер мұғалімдер мен оқушыларға бүкіл оқу кезіндегі бағалауға мүмкіндік береді. Осы технологияны пайдалана отырып мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланыстың жақсарғанын ескереді, өйткені мұғалім оқушының дамуы туралы үнемі хабардар болып отырады. 

          Қашықтан оқыту кезінде оқушының түсінігін үнемі бағалау маңызды. Сондықтан сіз оқушылардың неден қиналып жүргендерін жəне оқыту кезінде нені жақсарту керек екенін біле аласыз. Оқушылардың пікірін жəне оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін білу үшін жеңіл жəне жылдам əдістерінің бірі бұл – əртүрлі оқыту платформасын пайдалану. Онлайн режиміндегі талқылаулар оқытуға арналған бағалаулар үшін таптырмас құрал бола алады. 

       Мысал келтірейік, сіз 2 сағат бойы «демократия» түсінігін оқытасыз жəне оны оқушылардың қаншалықты түсінгенін білгіңіз келеді. Сондықтан онлайнда пікірталасқа уақыт бөлген дұрыс болар еді. Мысалы, жай ғана үй тапсырмасына байланысты сұрақтан бастаңыз. Оқушылар өз ойларымен, пікірлерімен, қызықты фото суреттерімен, музыкаларымен, видеофайлдарымен бір-бірімен алмаса алады жəне өз ойларын қалдыра алады. Сіз олардың жауаптарын олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін пайдалана аласыз жəне қажетінше сабақ жоспарын қайта қарастыра аласыз. Сондай-ақ сіз де кері байланыс қалдыра аласыз. 

        Нəтижесінде онлайн талқылаулар кез келген жағдайда балаларға өз ойларын ашық түрде жеткізулеріне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, форумға қатысушылар пікірталастың бағытына əсер етеді жəне жұмыс кезінде бір-бірінен үйренеді. 

          Кей кездері оқушылардың барлық сұраққа жауап бергенін тыңдау қиынға соғады жəне бұл оқыту үрдісіндегі көптеген мəселелердің бірі болып табылады, əсіресе қазақ тілі, орыс тілі жəне шет тілінің мұғалімдері үшін. Бірақ бұл мəселенің де шешімі бар. Қашықтан оқытуда тасырмаларды орындау кезінде оқушылар өздерінің дауыстарын аудиотаспаға жазып алуларына болады, сол арқылы мұғалім оқушының жұмысына баға береді. Бұл əрқайсысын тыңдауға жəне сол айтылғанға байланысты кері байланыс арқылы жауап беруге мүмкіндік береді (Сіз оны өз дауысыңызды аудиотаспаға жаза отырып, жазбаша немесе ауызша түрде жауап бере аласыз). Бұл əдіс оқу қызметінің əр түріне келеді. Мысалы, оқушылар оқыған кітаптың мазмұнын аудиотаспаға жазып, сізге жіберуі мүмкін. Əрі қарай сіз бұл аудиотаспаны онлайн талқылауға салып, басқа оқушылардан кері байланыс жасауларын сұрай аласыз. 

           Келесі тағы бір мысал, WhatsApp1 – бұл бағдарлама арқылы оқушылардың меңгерген білімін анықтауға жəне орындаған тасырмаларына тиімді кері байланыс беру үшін қолдануға болатын құралдың бірі. Бұл құралды көптеген мектеп мұғалімі қолданды. Соның бірі, 7«Б» сыныбы физика пəнінен «Механикалық энергия. Энергия түрлері» тақырыбы бойынша оқу тапсырмасын бірігіп орындады (1-сурет). 

1-сурет. Ұйымдастырылған сабақты талқылау

Тақырыпты бекіту үшін шағын мəтіндік тапсырмалар шешу арқылы өз бетінше орындалатын оқу тапсырмаларына бағыт-бағдар, нұсқау беру қатар ұйымдастырылған. 

Егер өзіңізге қажетті смайлик немесе мəтін жазғыңыз келсе, смартфоныңызға stickers қосымшасын жүктеп, қалаған түрде жасап алуыңызға болады. 

Whatsap қосымшасының тағы бір мүмкіндігі – қарындашты пайдалану. Ол үшін оқушыдан келген жауапты Галерея бүктемесінен ашып, қарындашпен түсті таңдап, оқушы жауабын тексеруге болады (2-сурет). 

2-сурет. 7 «А» сыныбының физика пəні бойынша

«Энергия, қуат тақырыптарына есептер шешу» сабағы 

Кері байланысты қашықтан ұйымдастыруға тағы бір Quizizz онлайн бағдарламасын пайдалануға болады. Ол бағдарлама арқылы кері байланыс сұрақтарын қойып, оқушыларға сілтемесін (https://quizizz.com/join?gc=643955) топқа жіберсеңіздер, қолма қол жауап алуға мүмкіндік бар. Оқушының кері байланысын экраннан көре аласыз (3-сурет). 

3-сурет. Quizizz онлайн бағдарламасын пайдалану

Сонымен қатар өздеріңізге белгілі Күнделік. кз (https://messenger.kundelik.kz/archive. aspx?user=1000004461272) арқылы да кері байланыс жасауға мүмкіндік бар (4-сурет). Мысалы: 

 

4-сурет. Күнделік. кз порталы арқылы кері байланыс орнату 

        Қорытындылай келе, бұл мысалдар қашықтан оқытуда мұғалім өз тəжірибесінде оқытуды бағалауды тиімді ұйымдастыра алғандығының бірден-бір дəлелі. Осы əдістердің көмегімен оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында қарым-қатынас жақсы бағытқа артқаны байқалады. Сонымен бірге, осы əдістердің оқушының өзін-өзі дамытуына, өз білімін толықтыру жолдарын тауып, өз сұрағына жауап іздеп, жан-жақты білім алуына, бір-біріне көмек көрсетуіне ықпалы зор. Жылдам дамыған ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы қалыптастырушы бағалау нəтижесі көрсеткендей, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы жəне ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етті. Себебі мүделі топтарға оқу жетістіктерін жақсарту мақстында бірлесіп жоспарлауға, бақылауға мүмкіндік берді. 

Пайданылған əдебиеттер:

1.    Байкенова Б. А. , Ислямова С. А. Оқыту үшін бағалауды жүзеге асыру (Оқыту үшін бағалау жолын жүзеге асыруды оқыту платформасы қалай жеңілдете алады?), «НЗМ»ДББҰ ПШО, Астана қ. 2015.

2.    Осуществление оценивания для обучения. Research based principles of assessment for learning www. Its learning. edu

Кері байланысты тиімді ұйымдастыру оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды

1 154 1
С.А. ИСЛЯМОВА1, Ж.Ш. ОРАЗБАЕВА2, З.К. КАДИРОВА3, 1Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері, 2ШҚО, Дарынды балаларға арналған мамандандырылғанмектеп-лицей-интернатының информатика пəні мұғалімі, 3Өскемен қаласындағы «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің физика пəні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000066
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Тэгсшил Ермекгуль
6 марта 2024 09:55
презентеция керек