Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық.Сондықтан да біздің басты байлығымыз –білім.
Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай болса, елдің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылымим және мәдени қарым- қатынастар жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.
Сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші сынып білім алушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса, тағы бір ертеңгі сауатсыздықтың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап білім алушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.
Сондай-ақ тағы да бір, ресми деректерге сүйенсек, мектеп жасындағы білім алушылардың 40% әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Олар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті, олар әртүрлі жағдайда кездескен іс-қағаздарды (бланкіні) толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Жалпы барлық зерттеушілердің болжамы бойынша, адамдардың сауаттылық деңгейінің төмендеуі оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Ендеше, бүгінгі күні функционалдық сауатсыздықпен күресу – тіл мамандарына жүктелген міндеттің бірі. Елбасы сөзімен айтар болсақ, «білім беру тек оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет».
Міне, сондықтан да жоғардағы келтірілген деректер мен мәліметтер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды көздейтін бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті де білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту үшін олардың мәтінді оқу және түсіну қабілетін арттыруымыз қажет, яғни білім алушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрете білуіміз керек.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның басты талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасынан сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.
Бұл авторлық бағдарлама мәтінмен жұмыс жасауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім алушылардың мәтінді оқу және түсінудегі функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрастырылды. Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті білім салалары пәндерінің мұғалімдеріне арналады.
Бағдарламаны толық меңгеру үшін оқушылардың тек қана білімді болулары жеткіліксіз, олар бірізділікпен ойлана біліп, туындаған мәселелер жөнінде шешім қабылдай алулары қажет.
Факультатив сабақтары еркін, ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушыларға тапсырма шешімін өз беттерімен іздеп табуға ықпал етеді
- Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын ояту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, сауаттылық білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
- Бағдарламаның міндеттері:
- Функционалдық сауаттылыққа байланысты қызықты деректермен таныстыру;
- оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы білім алушының функционалдық сауаттылығын дамыту;
- Эссені талдау арқылы сыни ой, тіл сауаттылықтарын жетілдіру;
- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
- Бағдарламаны оқытудың әдістері:
- ұйымдастыру әдістері:
сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, репродуктивті, түсіндірмелі, зерттеу, проблемалық;
- Таңдау пәнінің жүктемесінің көлемі:
- ұзақтығы – 35-40 минут;
- жиілігі – аптасына 1 сағат;
барлық сабақ саны –8- сыныптың оқу жылында – 34сағат
- Күтілетін нәтиже:
- оқушылардың санасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен фукционалдық сауаттылық туралы түсініктер аясының кеңеюі;
- Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысын ұғып, пәнге өзгеше қырдан қарауға үйрену;
- Сыни ой, өзіндік көзқарастарын білдіруге ынталарының артуы;
- Мәтін және оның түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктерін меңгеру;
- Оқу сауаттылығын бағалау құрылымының басты аспектісін меңгеру;
- Түрлі әдістерді қолдана отырып, ойлау, талдау, саралау қабілеттерінің артуы;
- Әдеби талдау эссе жұмыстарын жүргізу арқылы жазба жұмыстарын талдау;
- Сыныпта, сыныптан тыс шынайы өмірлік жағдайларда жекелей немесе топпен жұмыс істеуге бейімдеу;
- Функционалдық сауаттылықтарын күнделікті өмірдеқолдана алу.
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Сабақ саны | Тақырыбы | Сағат саны | мерз |
1 модуль – Мәтін | 7 |
| |
1 | Мәтін және оның түрлері | 1 |
|
2 | Мәтін түрлері мен ерекшеліктері | 1 |
|
3 | Тұтас мәтін және дискретті мәтін | 1 |
|
4 | Аралас мәтін және құрамдас мәтін | 1 |
|
5 | Табу және алу | 1 |
|
6 | Біріктіру және түсіну | 1 |
|
7 | Түсіну және бағалау | 1 |
|
2 модуль – Дананың сөзі- ақылдың көзі | 4 |
| |
8 | Қорқыттың нақыл сөздері | 1 |
|
9 | Қожа Ахмет Ясауи «Даналық кітабы» | 1 |
|
10 | Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» | 1 |
|
11 | Шалкиіз Тіленшіұлының нақыл сөздері | 1 |
|
3 модуль – Грамматикалық тақырыптар
| 13 |
| |
12 | Синтаксис . Мәтіндегі сөйлемнің құрамы | 1 |
|
13 | Мәтіндегі тұрлаулы мүшелер. Жаттығу жұмыстары | 1 |
|
14 | Мәтіндегі тұрлаусыз мүшелер. Жаттығу жұмыстары | 1 |
|
15 | Мәтіндегі бірыңғай мүшелер.Жапылауыш сөздер. | 1 |
|
16 | Мәтіндегі сөйлемдерге морфологиялық талдау | 1 |
|
17 | Мәтіндегі жақты және жақсыз сөйлемдер | 1 |
|
18 | Оқу сауаттылығына тест | 1 |
|
19 | Мәтіндегі жалаң және жайылма сөйлемдер | 1 |
|
20 | Жаттығу жұмыстары | 1 |
|
21 | Мәтіндегі толымды және толымсыз сөйлемдер | 1 |
|
22 | Мәтінмен жұмыс | 1 |
|
23 | Мәтіндегі атаулы сөйлемдер | 1 |
|
24 | Жаттығу талдау жұмыстары | 1 |
|
4 модуль – Эссе | 10 |
| |
25 | Функционалдық сауаттылықты дамытудың бір жолы- эссе жаза білу | 1 |
|
26 | Эссе түрлері | 1 |
|
27 | Эссе құрылымы | 1 |
|
28 | Эссе жазу үлгісі мен талдау үлгісі | 1 |
|
29 | Әдеби талдау эссе | 1 |
|
30 | Әдеби талдау эссеге құрылымдық талдау | 1 |
|
31 | Әдеби – дәлелдеме эссе | 1 |
|
32 | Әдеби –дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау | 1 |
|
33 | Эссені бағалау | 1 |
|
34 | Сыни ой, тіл сауаттылығы | 1 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ. PISA-2018 «Компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары» Астана, 2016жыл.
2.ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ. PISA-2015 Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері. Ұлттық есеп. Астана, 2017жыл.
3.«Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана, 2020жыл.
4.«Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматия. Екінші кітап /құрастырған – А. Қыраубаева/ Алматы, «Ана тілі», 1991, 280 бет
5.Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулық Алматы «Атамұра» 2018 жыл / Б. Әрінова, Қ