Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1124

Қазақ тілі халқымыздың рухани тірегі

                                         Қазақ тілі -сұлулығымен бой балқытып,

                                                  тамыр   шымырлататын,жан жүйеңді жандырып,

                                                 құлақ құрышын қандыратын,өткірлігімен          

                                                  қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп,                        

                                                  адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын 

                                                  ғажайып кемел тіл.

                                                                      Бауыржан Момышұлы


Тіл-қоғамның жемісі. Сонымен қатар, тіл-аса маңызды қатынас құралы. Ұлы Абай: “Қайран тіл, қайран сөз наданға қадірсіз” десе, қазақтың көсемі А.Байтұрсынов: “сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалатынын” ерте ескерткен.Қазақтың көрнекті сөз зергері Ғ.Мүсірепов: “Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ,тілден терең теңіз жоқ” деген. Тіл мен халық-егіз. Қазақтың тіліндей көркем тілдің қадірін білмеу-ұят. 

Өз елің,өз жеріңде тұрып, тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік тілін “сылтау-себептермен” үйренбеу - елдігімізге сын. Ел дегенім-қазақ халқы. Ал оның тілін сыйламасам, не болғаным? “Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп  Бауыржан Момышұлы айтып кеткен. Ана тілі - ең басты байлығымыз. Ана тілі-халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы өсіп-өніп төрлене беретін, мәңгі қаламайтын бәйтерегі, -деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін,жерін сүйген   әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болу керек. Тіл-халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі-оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов: “Өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өркендейді” деген. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, “мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы” деген болатын. Қазақ тілі – елдің қазынасы. Тіл – көңілдің бұлағы, ой – қоңырауы. Екі сөзінің бірінен мақалы мен өсиеті қалмайды. Қазақ тілінің шырыны – бабалар өсиеті. Өлмейтін өсиетті естіген кеуде еріксіз тулайды. Ол қасиетті қазақ тілінің құдіреті. Суға салса батпайтын, адуын ағысқа ақпайтын, мәңгілік мағынасы мен бояуын сақтайтын, саналы жан сүйсіне жаттайтын сөз жәннаты. Өсиет – тамырын терең жайған киелі мама ағаш. Жалынын таптаса, күлі сөйлеген, тасты балқытып, темірді илеген қызыл тіл. Тектілігі тұлғасын сомдаған, қуанышы-қайғысын қара өлеңмен толғаған, көктің сырын ұғып, шөптің тілін білген, шеніне қарай шапан киген ел. Қазақтың тілі – тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. Өз тілін білмеген ұрпақ, алыстан бақыт тапқанмен, түптің түбінде өз кемшілігі үшін өкінетін болады. Өйткені, көп нәрсенің байыбына барып, зерделей алмайды. «Еліңді сұраса, тарихын айт. Оны білмесең, тамыры жоқ тас екенсің, әркімнің аузынан қалған қағидасын айт» – депті сыпыра шежіреші Байғұтұлы Әлиасқар атамыз Ана тілді жетік меңгермеген ұрпақ, қазақы мінездің қадірін аяқ асты етеді.Жоғарыда келтіріп жатқан қаншама дәлелдемелеріміз тілді қадірлей білу арқылы біршама жетістіктерге жететініміздің айқын дәлелі болмақ.Ал қадірлеу деген сөзді дұрыс мақсатта түсіне білсек өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегенді меңзегеніміз болмақ.Әрине өзге тіл білу ол өте жақсы жетістік.Неғұрлым көп білсең соғұрлым білім кеңістігің кең көлемді болары айқын. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар.Десекте, ұлт ретіндегі және ұрпағымыздың алдындағы басты жетістігіміз ол-тілімізді жақсы деңгейде біліп,мақтан тұту болып тұр.

Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі.Қай жағынан алып қарастырғанда да қазақ тілінің біз үшін маңызы жоғары, яғни бірінші сатыда тұруы шарт! 

Көнеден тілімізді ұлықтаған халық болғандықтан,тіліміздің ғұмырына бей-жай қарамастан оны ары қарай ілгері дамытып ,болашақ ұрпаққа маңыздылығын ұқтыруымыз қажет.

216 0
Шохбутова Зубайра Оразалиевна "Жан-Нұр" жалпы білім беру мектебі" ЖШС-нің бастауыш сынып мұғалімі № 001505
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: