Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1122

Ұлт шамшырағы - Ыбырай Алтынсарин

 

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,

 өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

 

      Әрқайсымыздың «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңіндегі білімге шақырған атақты жолдар есімізде. 

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

 Дәл осы жолдарды ұлы ағартушы 1864 жылы қаңтарда алғашқы зайырлы халық мектебінің ашылуына арнап жазған. Ыбырай Алтынсарин бүкіл саналы ғұмырын туған халқын ағарту ісіне арнады. Ы.Алтынсарин патша әкімшілігінің талаптарына қайшы, ескі феодалдық дәстүрді елемей, еңбекқорлығының арқасында қазақ даласында көптеген мектептер ашып, қазақтың ұл-қыздарын оқытып, қоғамдық өмірге шақырды.Ы.Алтынсарин былай деп жазды: «...Қойға шапқан аш қасқырдай мен балаларды оқытуға ынтамен кірістім... Кейіннен парақор болып кетпеуі үшін олардың имандылығына бар күш-жігеріммен әсер етуге тырысамын». Алтынсарин адамгершілік туралы кездейсоқ жазған жоқ, өйткені оның мектебінде бала тәрбиесі гуманистік принциптерге негізделген.  Балаларды   адамгершілік рухта тәрбиелеу мектептің басты міндеті. Ы.Алтынсариннің педагогика – ұлы еңбек деген пікірімен келіспеске болмайды. Алтынсарин үшін ұстаздық қызмет «қызмет емес, Құдай берген шақыру». «... Барлық уақытта мұғалімдер шүберек киген. Ол үшін ешнәрсе талап етпей, өз жалынын өзгеге бере алатын рухы биік болуы керек», – деп жазған қазақ даласының тұңғыш ұстазы . Әр жолы оқыту әдістемесінің жүйелі және мағыналы болуы керектігін айта келе, мұғалімдерге «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша оқуды жеңілдететін жаттығуларды қолдануға кеңес берді, сонымен қатар материалды оқушыға қызықты формада беруге кеңес берді. Ыбырай Алтынсариннің педагогика саласындағы ой-пікірлері адамды асыл етуге көбірек бағытталғандықтан, ол үшін қоғаммен, дүниемен байланыстың қаншалықты маңызды екенін көрсететіндіктен, бүгінгі күнге дейін өзекті және заманауи болып қала береді деп үлкен сеніммен айта аламыз. «...Қазақ ұлдарын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшы өмірдің артықшылығына баулудың қазақ даласында тәрбиелік мәні бар», – деп ұлы ұстаз-ағартушы тәрбие жұмысын қоғам талабына сай ұйымдастыру туралы осылай ойлаған. Ыбырай Алтынсарин өз халқын білімді болуды армандады. 

Міне, биыл   өздерініз білетіндей ағартушының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл біз үшін  мереке, ұлы той. Өзінің саналы ғұмырының соңына дейін өскелең ұрпақ үшін барымды берем, жанымды салам деген қазағымыздың әрбір біртуар азаматтары мен үшін де, сіз үшін де әрдайым қымбат, бағалы,  қадірлі, қасиетті болып қала бермек. 180 жылдық мерей тойдың құрметіне орай еліміздің түкпір түкпірінде әртүрлі іс-шаралар мен дөңгелек үстелдер және басқада жиын,мерекелер өткізілуде .  Менің ойымша біздің мемлекеттіміздің әрбір тұлғасының осындай мерейтойын атап өту өте дұрыс дағды. Себебі «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр"  демекші өткенін білмеген ұлт болашаққа еш қадам баса алмайды. Жарқын болашаққа нық қадаммен басу үшін  ұлы ғұлама   ғалымдарымыз бен   зиялыларымыздың жүріп өткен жолы мен ,біз үшін, болашақ үшін жасаған ерең еңбектерін ұмытпаған жөн. 

Білсін, ұқсын келешек ұрпақтары,

Алтынсарин Алаштың ірі адамы.

Жалғыз ұстаз ең ұлы тұрпаттағы,

Бұны қазақ бояусыз біле алады.

 

Елі үшін еткенде ерен еңбек,

Ашылғандай көздері балалардың .

Оқ бойы озып шықты, терең үндеп,

Бейнетін Ыбырайдың шамалар кім?!

 

454 0
Айым Калданова, Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамбыл обылысы,Талас ауданы № 001703
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: