Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1096

Мектепке даярлық топқа ойын арқылы орыс тілді үйрету

«Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Көптілділік таным мен ой-өрісті де кеңейтетіні рас. Мұны сол кездегі атақты ғалымдар жасап, кейінгі ұрпаққа жеткізген. Мәселен, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жетпіске жуық тілді білгені тарихтан белгілі. Өйткені, ғылым мен білімнің дамуы тіл үйренуге тікелей байланысты. Көптілділік заманауи технологияның көмегімен балабақшадан бастау алатыны бәрімізге мәлім. Орыс тілін білу – халқымыздың тарихи артықшылығы екені белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.

Орыс тілін оқыту сабақтарында ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері, ойынның түрлері (дайындық   ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) қарастырылады. Автор қазіргі мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде ойын әрекеті,ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін жаңа технология ретінде, жалпы технологияның элементі  ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі  ретінде қолданылады деген қорытынды жасайды. «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В. А. Сухомлинский. Ойын – мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Әр түрлі топтарда орыс тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолданады.

Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз: сенсорлық тәрбиелік ойындар, сөздік ойындар, табиғатпен таныстыру ойындары, математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары, дидактикалық ойыншықтармен ойындар, үстел-үсті ойындары,  сюжетті –рөлді ойындар, саяхат-ойындар, ойын-тапсырмалар, ойын –сөйлемдер, жұмбақ ойындар, диалог-ойындар,  қимылды ойындар.т.б Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол балалардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды.Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Қазақ топтарының балалары орыс тілі пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі педагогқа бүлдіршіндерді пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, табиғат, өз қалаң туралы әңгімелеу. Қазақ тілінде оқытылатын балабақшада орыс тілін оқытудың негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерді орыс тілінде сөйлеуге үйрету. Орыс тілін үйретудің  бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өткізілсе, білім мазмұнының сапасы да артпақ. Мектепке баратын балалардың бұл кезеңде сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, кейін олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалын өткізуге материалды толық меңгеруге   көмектеседі.

Қорыта келгенде, балабақша тәрбиеленушілердің, мектеп оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.  Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке ,өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланды.Орыс тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылғанойындар балалардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп,алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ойын баланың ой –өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік, тапқырлыққа шақырады. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.

 

 

481 0
ТУРКМЕНБАЕВ САТДАР АБИБУЛЛАЕВИЧ, «Дариға апа» бөбекжай бақшасы МКҚК-нің орыс тілі пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы. № 001701
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: