«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың
қасиетті жеріміздің әрбір қадамын
қорғау үшін төгілген өлшеусіз
қаны мен терінің өтеуі......»
Н.Ә.Назарбаев
Биыл – Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде Ұлы даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді абыроймен өткерді.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар өтіп, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Алайда, аштық, соғыс, талас-тартыстардан әбден азайып, әлсіреген ұлтымызды соңында орыстар отар етті. Қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы адыра қалып, «отыр» деді отырдық, «соғыс» деді соғыстық, бұйрығына бағындық. Амал нешік... Отар болдық екен деп қазақтың қанында қайсарлық өшкен жоқ, күш-қуат азайған жоқ. Есімізге түсірсек, сонау майдан даласында да өзінің өжеттігін көрсеткен қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қайратты жігіттері Бауыржан мен Қасымдар естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі аңыз! Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік, алайда, сүйініш ұзаққа созылмастан қазақтың басшылығына орыс келетінін естіген ел тыныштала алмады. Кешегі саф алтын рухты «сақтың» ұрпағы ұрандап тағы да алаңға шықты. Асан қайғы бабамыз іздеген жерұйықты армандаған жастардың арманына ешкім тосқауыл қоя алмады, қырылды, тартысты, қан төкті, жан берді, түбінде азаттыққа қол жеткізді. Бабаның арманын бала орындап – Қазақстан Республикасы болып, өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайладық. Біз –бақытты ұрпақпыз...
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 30 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынан мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш! Бұл - «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді.. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Иә, елімізде әлі де істелінетін жұмыстар көп. Халқымыздың «Отызында орда бұзбаса, қырқында қамал алмайды» деген аталы сөзі бар емес пе? Ал менің елім осы 30 жылдың ішінде талай жетістіктерге жетіп отыр. Алдымызда істелінетін жұмыстар көп, жеңетін жеңістеріміз де алда. Оның бәрі біздің, яғни Тәуелсіз елдің ұрпақтарының еншісінде. Біз тәуелсіз, азат елміз, біз Мәңгілік елміз! Тәуелсіздігіміздің 30 жыл бойы басынан өткерген жетістіктеріне қуана отырып, біз қазақпыз, мен қазақпын!-дегім келеді. Қазақ болып туылғаныма әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам. Сол мұраны көзімнің қарашығындай қорғау менің және бүкіл қазақтың азаматтары мен азаматшаларының қасиетті борышы.
Тәуелсіздік - Қазақстанның алтын тұғыры. Сондықтан, алтын тұғырымызды төменге түсіріп төмендетпей, оның орнына қайта биіктетіп, шарықтау шегіне жеткізіп, мәңгі ұстап қалайық. Басқа қонған бағын бағалайтын ел байлығын еселей отырып, тек алға ұмтылады. Біздің басты байлығымыз – пейілі даладай дархан, бірлігі болаттай берік, Алатаудай алып халқымыз! Тамыры терең, қазығы берік осын дай елі бар мемлекеттің Тəуелсіздігі де баян ды болады. Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін! Жаңа жылда – Тəуелсіздіктің 30 жылдығында алар асуларымыз көп болғай!