Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1085

Тәрбие үрдісін жоспарлауда инновациялық тәсілдер мен интерактивті құралдар

Кешегі өмір-бүгінгі тарих емес пе, бүгінгі өмір ертеңгі тарих болатынын ұмытпағанымыз жөн. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30-бабында «Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сай болуы тиіс» деп көрсетілген. Осы талапқа сай «Қарашоқы» орта мектебінің ұжымы нәтижелі жұмыс атқаруда. Шәкірттер тәрбиелеуде, мектептің тарихында өзіндік із қалдырар ұстаздар аз емес. Ұстаздар ұлағаты туралы сөз қозғағанда, осынау жандар туралы айтпау мүмкін емес. Десекте те, жас өскіндерді білім нәрімен сусындатудан еш жалықпай, заман ағымына сай уақыт көшінен қалмауға, әр жылдары еңбек еткен ардақты ұстаздар: Сапиев Батымбетов  Рақымберді, Букабаева Кульшар Сейдолақызы, Салимбаева Культай Елтаевна, Қойшыбекова Ғалия Кенжебекқызы, Жаинбаева Айгүл Абдырахманқызы. 

Мектепте оқушыларға саналы тәрбие беру ісі де жолға қойылған  әсіресе, халық педагогикасы тұрғысында тәрбиелеу ісінің майталандары болып табылатын ұстаздар жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбегі зор. Әрбір мектептің ұжымы жеке тұлғаның еркін дамуына, заман талабына сай білім алуына жағдай туғызуы керек. Осындай қағидаларды алдыға қоя отырып, Қарашоқы орта мектебі «Ұлт намысын қорғайтын сапалы білімді, саналы азамат қалыптастыру» атты мәселе бойынша еңбек етеді. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Себебі ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын-білім. Тек білімді ұрпақ қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз. Қазіргі кезде оқушының білімінің, мұғалімнің еңбегінің нәтижесін анықтайтын білім бағытын және мазмұнын жетілдіру, оқу бағдарламасын, оқулықтардың технологиясын дамыту. Оқушылардың бойына парасаттылық, отаншылдық, имандылық қасиеттерді қалыптастыру үшін, оларға жан-жақты білім берумен қатар, дүниетанымын жетілдіруде-имандылық эстетикалық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Осының нәтижесі мектепте тәрбиенің 8 бағыты бойынша сынып жетекшілер жұмыс атқаруда. Эстетикалық бағытта білім беретін Қарашоқы орта мектебінің оқушыларының жандүниесін байытатын, ұлттық тарихты зерттеп білуге, мәдени мұраны, халық дәстүрлерін игеруге ынталандыратын, өнер туындыларын құштарлығын арттыратын имандылық-эстетикалық тәрбие жүйесін таңдады. Жас ұрпаққа имандылық-эстетикалық тәрбие берудің жаңа сапалық деңгейге көтеру, олардың парызы. Мектептегі имандылық-эстетикалық тәлім-тәрбие жүйесі отбасымен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, баланың бойындағы имандылық, ізгілік, сезімталдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыстың дұрыс болуы мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері ата-аналармен балалар бірлестігі нақты тәрбие ісімен тікелей байланысты. 

Т.Мажекеевтың «Білім мекемесінің дамуын стратегиялық жоспарлау» кітабында «Бала тұлғасының шығармашылық қабілеттерін, әлем мәдениетін қалыптастыру үшін, баланың Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетін түсінуіне жағдай жасау қажет» деген. Осыған орай, біздің мектепте имандылық-этетикалық тәрбие беруге, оқушылардың бойына адамгершілік, ізгіліктік заңдылықтарын қалыптастыруда факультативтік сабақтардың, сыныптан тыс жүргізілетін үйірмелердің маңызы зор екендігін заман талабы дәлелдеп отыр. Мектептегі педагогикалық жүйенің бөлінбейтін ең негізгі бөлігі- бала тәрбиесі. Білім беруден бұрын бала санасына айналадағы болып жатқан құбылыстарға, іс-әрекеттерге, үлгі-насихаттарға, өзінің көз қарасын, пікірін, іс-әрекетін қалыптастыруды үйретіп, тәрбиенің озық үлгілерін сіңіру қажет. Баланың жақсыға еліктеп, жаманнан жиіркенуді үйрететін ата-ана, өскен ортасы және білім ордасы-мектеп.

217 0
Аида Дауылбаева, Қарашоқы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы № 0001502
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: