Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде баламен жұмыс жасаудың тиімді жағы- зерттеу жұмыстары. Дегенмен зерттеу жұмыстары өз алдына бір сала болып енгізілген жоқ. Балабақшадағы баланың іздену жұмыстарының негізгі әдістерінің бірі - зерттеу. Бұл әдістің негізгі жетістіктерінің бірі - баланың затпен, материалмен тікелей қарым - қатынасы. Зерттеу кезінде бала өзінің қажетін қанағаттандырады, ойлау, есте сақтау, зейінін тұрақты қалыптастырады, бақылау, салыстыру, орнына қою сияқты дағдыларды бойына дарытады.
Эксперимент– – қоршаған айналаны білу мен түсінудің тиімді әдісіЭксперимент әдісінің артықшылығы:
- Бала бойындағы бар қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді:
Белсенді, қызыға білуді үйренеді; ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас орнатуды және тіл табыса білуді үйренеді; зияткерлік және жеке мәселелерді шешуге қабілетті болады; өзі, әлемі және табиғаты туралы алғашқы ойлары бар; өз мінез-құлқын басқаруға және әрекетін жоспарлауға қабілетті; оқу әрекетіне қажетті білім, тәрбие алу үшін алғышарттар меңгереді.
- Бес білім беру салаларды біріктіруді қамтамасыз етеді:
«Танымдылық дамыту- Таным саласы», «Сөйлеуді дамыту-Қатынас саласы», «Әлеуметтік дамыту- Әлеумет саласы», «Көркем және эстетикалық даму-Шығармашылық саласы», «Физикалық даму-Денсаулық саласы».
Практикалық жұмыс барысында баланың қызығушылықпен қоршаған әлемді танып білу үшін белсенділігін, бастамасы мен дербестігін дамытады
Балалар зерттеу жұмыстарын өте жақсы көреді. Бұл дегеніміз зерттеу жұмыстары баланы - қызықтырудың бірден бір әдісі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға зерттеу әдісі бастаушы, ал алғашқы 3 жылда қоршаған ортаны танудың тиімді бөлігі. Балалармен зерттеу жұмыстарын әртүрлі үлгіде ұйымдастыруға болады.
Саяхат, серуен, еңбек, бақылау, өзіндік жұмыс.
Зерттеу- іздену жұмыстарын төмендегідей бөлуге болады:
- Жұмыстың түрі мен бағытын анықтау;
- Зерттеудің шешімін табатын жол іздеу;
- Зерттеудің жүргізілуі;
- Алынған нәтижені талқылау;
- Қорытынды.
Зерттеу бағытындағы ұйымдастырылған оқу - қызметінің құрылымы:
- Зерттеу мақсатының қойылуы;
- Баланың есте сақтауына, зейініне, ойлауына арналған тренингтер ұйымдастыру;
- Өмір қауіпсіздігін анықтау;
- Зерттеудің жоспарын анықтау;
- Құрал - жабдықты немесе орынды таңдап алу;
- Балаларды шағын топтарға бөлу;
- Зерттеу жүргізілген жұмыстың нәтижесі.
Осы жағдайда ғана іздену зерттеу жұмыстары балаларды өз қоршаған ортасын жан - жақты тануға көмектеседі.
Өйткені, бала - қоршаған ортаны табиғи зерттеуші. Бізді қоршаған ортаны бала зерттеп қана айырады. Қазіргі уақытта балалардың танымдық қабілеттерін зерттеу жұмыстары арқылы дамытудың, рөлі ерекше, зерттеушң бала отырып, бала өзін жеке тұлға етіп қалыптастырып алады. Себебі, әр баланың жеке танымдық қабілеті бар. Бала өзі қолдан жасаған зерттеуінде қоршаған ортаны жақсы тани алады. Зерттеу жұмыстарында балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
2-3 жастағы балаға арналған зерттеу жұмыстарында тәрбиеші балаларға зерттейтін затын анық көрсету қажет. Ал 3-4 жастағы балаларға жұмыстың түрі күрделінеді және әртүрлі болады. Пайдаланылатын құрал маңызды болуы тиіс. 4-5 жаста жұмыстың түрі күрделіне түседі, 5-6 жаста барлық құмыстың құрал - жабдықтары күрделі, әрі жан - жақты болуы қажет. Кіші топ балаларында зерттеу жұмыстары үлкен - кіші, жуан - жіңішке ойыншықтарды салыстыру және орналастыру, жіптерді байлау, ірі мозайкалармен болады. Ал ортаңғы, ересектер топтарында зерттеу жұмыстарының көпшілігі су, құм, жарма, фасольмен тиімді. Балалардың зерттеу жұмыстарына бейімделуі оның қаншалықты құнды материалдармен жұмыс жасауына байланысты, себебі неғұрлым балаға қызықты болса соғұрлым зерттеу жұмысы нәтижелі болады. Тәрбиеші зерттеу кезінде неден шығу керек? Оған не нәрсе керекті? Ең алдымен тәрбиеші баланың өзі ізденуіне жағдай жасау керек. Зерттеу жұмысы іздену бағытының негізгі түрі. Сондықтан ол қызықты және әртүрлі болу өажет. Жұмыстың түрі түрленген сайын бала одан жаңа жаңалықтар алып жылдам және жан жақты дамып отырады. Зерттеу - бала үшін өзін қоршаған ортасын моделдеу құралы болып табылады.
Өзектілігі.
Қытайдың ғалымдарының мынандай сөзі : «Айтсаң- ұмытамын, көрсетсең - есіме сақтаймын, қолдансам- түсінемін». Бала көріп өзі жасаған нәрсесін көпке дейін есіне сақтайды. Сол үшін балалардың зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі жастан басталуы маңызды. Себебі, мектеп жасына дейінгі бала өзіне қалай? Неге? Деген сұрақты көп қояды.
Орыс ғалымы Н.Н.Поддьяков мектепке дейінгі балалардың іздену жұмыстарын екіге бөледі. Біріншіден, іздену кезінде барлық күш жігер баланың өзіне кетеді. Ол жұмыс үстінде өзіне мақсат қояды, жолдарын қарастырады, ал ол баланың қызығушылығы мен қажетін одан әрі қанағаттандыра түседі. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына оның қоршаған ортасын кеңінен тану үлкен әсер етеді. Екіншіден, зерттеу жұмысы үлкендердің ұйымдастыруымен болады. Мұнда бала педагогтың алдын- ала жоспарлаған жұмыс қорытындысын алады. Зерттеу жұмыстары арқылы педагогтар баладан ойлау қабілетінің жоғарылануы, есте сақтауы, ең алдымен тілінің дамуы сияқты жетістіктерін көре алады.
Зерттеу іздену белсенділігі - баланың шынайы жағдайы, ол қоршаған ортану тануға бағытталған, ол өзі қоршаған ортаны терең танығысы келеді: қағазды жыртып қарау, балықтарды бақылау, құстардың терезе алдына қонғанын қарау, әртүрлі заттармен тәжірибе жасау; ойыншықтарды шашып жинау. Бала заттардың қалай орналасқанын үнемі білгісі келеді. Мектепке дейінгі балалар - нағыз зерттеушілер, олардың білуге құштарлығы, зерттеу кезінде шешімін табуға тырысуы шартты нәрсе. Ата ана мен педагогтардың міндеті - оларға қолдау көрсетіп, көмектесуі.
Қазіргі уақытта біздің алдымызда тұрған өзекті мәселе -ертеңгі күннің білімді ұрпағын жан - жақты қалай тәрбиелейміз? Оның жолында қандай қолдау көрсетеміз? Осы сұрақтарды шешудің мақсатын ойластыру заман талабы..
Сондықтанда баланы үнемі мынау не, анау қалай деген қызығушылыққа ерте жастан үйретуіміз қажет. Бала неғұрлым тапсырма қызықты болған сайын оны орындауға белсене араласады. Бұл жағдайда зерттеу- ізденушілік жұмысың маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалардың зерттеу - іздену жұмыстарының түрлері.
Жас ерекшелік негіздері қандай?
Бірінші кіші және екінші кіші топтар: Іздену жұмыстары негізінен бала бойында кіші жастан байқалады. Олар үшін зерттеу қарапайым заттардан басталады. Бала құммен ойнағанда, ойыншықтармен ойнағанда алғашқы зерттеу әрекеттерін көрсетеді. Мысалы: (құмның суға еруі, қардың суға айналуы, қағаздан жасалған ұшақтардың немесе ойыншық ұшақтардың ауада ұшуын бақылау, сабын көпіршіктерімен ойналатын ойындар). Осылардың барлығы кіші жастағы балалар үшін өте қызықты.
Ортаңғы топтар: Ортаңғы топқа келгенде зерттеу жұмысы бірте бірте күрделіне түседі. Балалар қиын сұрақтарға да жауап табуға дайын болады.
Тұқымдар қайда тұрады? Мысалы: Гүлдің ішінен тұқымды өздігінен іздеп табу. Олар қалай астыққа айналады? Қалай қамыр илеуге болады? Неге күз бізге көп байлығын береді? Деген сұрақтардың жауабын олар өздері табуға тырысады.
Ересектер тобы: Ал бұл жастағы балалардың қоршаған әлемді білуге құштарлығы күрделене түседі. Заттар қалай орналасқан? Деген сұрақтар оларды көп мазалайтын болады. Ересектер тобында біз күрелілеу зерттеулерді ұсынамыз. Мысалы: бірнеше өсімдіктердің дәндерін беріп, оларды ажыраттыру. Заттардағы ауаның түрлі жағдайда болуы сияқты зерттеулерді жүргізуге болады. (қажетті құралдар: су құйылған стакан, трубочка, губка, мақта, топырақ, құм).
Іс тәжірибе: суды трубкамен сорып, су сорғышқа жіберу, оған мақтаны салу, мақтаны құмға салу, қолға алып топырақ лақтыру. Суда көпіршіктер пайда болады. Бұл ауа барлық жерде бар деген шешімге келеміз.
Ересектер тобының балаларын сонымен бірге төмендегі заттармен таныстыруға болады:
- Дөңгелек жер шарымен;
- Мерзімдік және бір күндік өзгерістермен;
- Ауаның қасиеттерімен;
- Заттардың өлшемдерін салыстырумен;
- Жер шарының қасиеттерімен;
Топтағы балалардың зерттеу тақырыптары:
Балалардың зерттеу тақырыптары қандай болуы керек? Оны үш топқа бөлуімізге болды:
Фантастикалық;
Эмпирикалық (практикалық);
Теориялық.
Фантикалық - бұл баланың қиялдауынан туындайтын зерттеу. Мысалы: Космостық жоба құруы. Бұл баланың жасаған макеті, салған суреті, құрылыс материалынан жасаған құрылысы болуы мүмкін.
Эмпирикалық (практикалық)- бұл баланың жеке қызығушылығынан туындайтын зерттеу. Яғни, баланың өлі және тірі табиғатты, жануарларды, бақылап зерттеуі. Мысалы: Балалармен попугай алатын болсақ (түстерді қалай қабылдайды, қатты дауыстан, шапшаң қимылдан қорқа ма, музыканы сүйе ме) оның қимыл әрекеттерін жан жақты бақылайды.
Теориялық - бұл алдын- ала жинақталған тарихи заттарды зерттеуден туындайды. Қазіргі уақытта балаларға арналған зерттеу жұмыстары туралы әдебиеттер көп. Мысалы: иттің өзін зерттейтін болсақ (оның түрі, түсі, не жейді, нені қалайды).
Балалардың барлығы өздігінен қиялдағанда жақсы көреді.
Эсперимент (зерттеу) - ізденудің ең негізі әдістерінің бірі. Зерттеу әртүрлі бағытта жүзеге асырылады. Педагогтың ұйымдастыруымен, баланың өз қалауымен. Балаларға тәрбиешімен бірге ашқан жаңалығы, затты анықтауы сияқты іс әрекеттер қатты ұнайды. Олар осы жаңалықты үйге ата анасына айтқанша асығады. Барлық зерттеу белгілі бір іс әрекетті талап етеді. Ол үшін біз алдымен жағдай қарастырамыз. Топта шағын зертхана ұйымдастыру, бұрыштар тағайындау. (қажетті құрал жабдықтармен қамту).
Біздің міндетіміз зерттеу жұмысына көмектесу, оны пайдалы қылу. Тақырыпты таңдағанда бұл зерттеуге қажетті құралдармен қолымызда бар ма алдымен соны ескереміз. Зерттеудің бастапқы шешімінен ізденудің жолдарын қарастырамыз.
Зерттеу жұмыстары кезінде баланың ақыл ойы жақсы дамиды. Балаға біз айтқанымыздан гөрі, өзінің қолымен ұстап көрген нәрсесі қызықты әрі жылдам есінде қалады.
Тақырыпты таңдау ережесі.
Тақырып таңдауда төмендегі ережелерді ескереміз:
Тақырып бала үшін қызықты және оны еліктете алатындай болуы;
Тақырып бала орындай алатындай, баланың жеке қабілеттерін ашып, ақыл ойын дамытатындай болуы;
Тақырып ерекше, қызықты жақтары көп болуы;
Тақырып жұмыс аз уақыт алатындай болуы;
Зерттеудің құрылысы:
- Тақырып таңдау.
- Мақсатты шешуге ұмтылу.
- Міндеттерді шешудің жолдарын қарастыру.
- Материалдар жинақтау.
Қорытындылау.
Балалармен жасалатын зерттеу жұмыстары нәтижесінде балалардың ойлау қабілеті артады, өзі білуге еңбектенуге жол ашады. Зерттеу топтық немесе жекеше болуы мүмкін. Балаларды ол не, мынау қалай деген сұрақтарға жауапты жиі іздеуі зерттеудің топтық ұйымдастыруы. Зерттеу кезінде баланың құрдастары мен үлкендермен қарым қатынасы оны алдына мақсат қоя білуге, еліктей отырып, іс әрекет істеуіне мүмкіндік береді. Бала өзін өзі тексереді, бағалап үйренеді.
Зерттеу (эсперимент) жұмыстарын ұйымдастыруда педагог нені ескеруі керек? Бала шығармашылығын сынауға болмайды. Баланың зерттеуін төмен бағалауға болмайды. Баланың әрбір іс әрекетіне қызығушылық тудыру. Іс әрекет кезінде кезінде бала өз қателігін көре білуге талпынады. Баланы өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Зерттеу кезінде тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбиелеу. Зерттеу жұмысын баланың қызығушылығы аяқталғанға дейін қорытындылауымыз қажет.