Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1076

Бала - біздің болашағымыз

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі-бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде.

 

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі-бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл негізгі талаптар-Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Бүгінгі күні жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Балабақша-бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең-адам өміріндегі сенім, мінез-құлық сияқты басты ұстанымдарды қалыптастыратын мезгіл. Бұл мезгілде тәрбиенің басы-отбасы. Отбасында ұрпақты тәрбиелеп шығаруда басты рөл ата-анаға жүктеледі. Өйткені өмірінің алғашқы кезеңінде нәресте қоршаған ортадан бұрын ең жақын жанашырлары-ата-анасына еркелейді. Солардан үйренеді, еліктейді. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген даналық сөздің түпкі байламы осы. Отбасы-тұлға шындалып, шынығып қалыптасатын орын. Отбасы жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады. Осы қаланған қасиеттер, әдетте, ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады. Кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағынады, тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда ондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналар берген тәрбиеден шығып жатады. Өйткені, сол ата-аналардың өздері бұрын түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады. Өздерінің қатекемшіліктерін түсінбеген ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты танданып жатады. Сондықтан да бала тәрбиесі ата-ананың өздері тәрбиелеуден, өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиесіндегі басты алғышарттардың бірі де осы. Бала тәрбиесі-баршаның ісі.

Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие беру негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,ар-ожданы мол,мәдениетті,парасатты,еңбекқор, іскер бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауртпашылықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, онын дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, даму болашағы казіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып,баласының тәрбиесіне жарты сағат та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды немесе тәрбие ісімен айналасуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес.Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып,отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың. Әне,оны берем,міне,мұны берем деп,баста балаңды алдағаныңа мәз боласын. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресін? » деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап,білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.

1.Бақшадан келген баланың көңіл-күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруге дағдыландыру.

2.Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.

3.Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.

4.Ата-ана өзін -өзі ұстай білу, бақылай білу.

5.Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай,оны түсінуге тырысу.

6.Баласының тілін түсініп, онымен сырлас дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.

7.Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.

8.Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне,адамгершілік, эстетикалық қалыптасуына,жан жақты жетілуіне көңіл бөлу.

9.Оның шығармашылық қабылетін, ақыл- ой сезімін бағалай білу.

10.Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.

 

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.


 


288 0
Назым Жұбатқан, «Нұрай» жеке балабақшасының тәрбиешісі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ұлы Дала Ұстазы № 000409
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: