Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1075

Балабақшада М.Монтессори элементтерін тиімді пайдалану

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасында   «Мектепке дейінгі білім берудің шетелдік тәжірибесінің технологиялары пайдаланылады. Мысалы, әр баланың даралығын дамыту негіз етіпалынған Монтессори технологиясы бойынша оқу материалдары».

  1. Монтессори технологиясының негізгі қағидасы: «Баланың өзіне жасауға мүмкіндік бер!»
  2. М.Монтессори орталығының мақсаты:
  3. баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасау;
  4. барлық сыртқы сезімді дамыту;
  5. жоғары интеллектуалдық көңіл-күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелеу;
  6. тілді дамыту және сөздік қорларын молайту;
  7. дағдыларды дамыту, жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз-өзіне қызмет көрсетуді дамыту.

М.Монтессори орталығының міндеті:

  1. Балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу;
  2. Қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік беру:
  3. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамыту:М.Монтессори технологиясының негізі: Балалар іс-әрекетті өз бетінше орындауға, әдейі құрылған дамытушы ортада өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік алады. Ал ересектер дамытушы ортаны құрып, кез-келген затпен қалай әрекет ету керектігін бала қажет еткен жағдайда түсіндіреді.Монтессоридың педагогикалық идеясының басқа технологиялар мен бағдарламалардан артықшылығы:Жұмыс бөлмесінде тек қана дидактикалық материалдар жинақталуы, ал басқа да заттар мен ойыншықтар ойын бұрышында тұрады.Бала жұмыс жасап отырған уақытта педагог бала көңілін бөлмеуі керек, өйткені бала қажеттенбесе, жөнсіз араласу бала қызығушылығын жояды.Тәрбиеші тек қана көрсетуді, айтуды, тексеруді қажет ететін балаға ғана назар аударып бағыт береді.Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмейді.Суреттермен, қарындаштармен жұмыс жасау ерте жастан басталса, бояумен жұмыс істеу баланың қол қимылдары дамығанда ғана беріледі.Жаттығуларды орындауға арнайы уақыт берілмейді. Кейбір балалар үзіліссіз бір жаттығудан екіншісіне көшсе, ал кейбірі өзіне ұнаған жаттығуын үзіліссіз жасай беруіне болады.Бала ұқыптылық пен тәртіптілікке үйренеді. Дидактикалық материалдар салынған барлық ыдыстар мен қораптар үнемі өз орындарында тұрады, себебі Монтессори методикасы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді.

М.Монтессори жұмыс бөлмесі 5 орталықтардан тұрады

  1. Бала сезімін дамыту орталығы; баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың  қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.Іс-әрекет жасау орталығы; бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.Тіл дамыту және жазу орталығы; материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.
  2. Математика орталығы; математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады. Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.Ғарыш орталығы; осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі.
  3. Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған жаттығулар: Қарапайым, қолдануға ыңғайлы Монтессори-материалдарды балабақшада қолдану көп қиыншылық тудырмайды. Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған жаттығулар күнделікті қолдануға өте ыңғайлы, себебі оның материалдар әр отбасында табылатын қарапайым заттар болып табылады. Жаттығулар жүйесі баланың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша айыруға, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған. 
     
    Монтессори материалдардарының түрлері мен ерекшеліктері:
     
    М.Монтессори орталығының жұмысында қолданылатын сенсориканы дамытушы ойындар«Себеттегі қысқыштар» Мақсаты: қолдың ұсақ қимылдарын дамыту Қажетті құралдар: ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес ағаш себеттер. Барысы: кәдімгі себеттің жақтауларына киім қысуға арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады. Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады.

     
    «Құмырадағы пипетка» Мақсаты: қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдар: су толтырылған ,пластмасса ыдыс, пипетка. Құмыра түрлі түсті жолақтармен бөлінген. Барысы: құмыраға су толтырылады, ал пипетка белгіленген деңгейге дейін жеткізіледі. Пипетка суда тік қалпында қалқып тұрады. Құмыра қақпағы жабылады. Аузы жабылған құмыраны қысқанда ауа шықпауы керек. Бала құмыраны өз алдына алып қояды. Бала екі қолмен құмыраны қысады да қайта жібереді. Осы қимылды бірнеше рет қайталайды. Қимылды жасай отырып, бала белгіленген көрсеткіштердің жанына пипетканың өтуін құмыраның түбіне түсіп қайта көтерілуін бақылайды. Пипетканың қандай төмендекке түсуі, қол қысымының күшіне байланысты. Осы жаттығуды орындау барысында баланың қол бұлшықеттері жаттығады, жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды. Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды. Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің дамуымен байланысты, жаттығу барысында екі қолдың бірге қызмет етуінен ми қызметі де дамиды. «Сиқырлы електер»Мақсаты:баланың танымдық үрдістерін дамыту. Эмоционалды көңіл-күйін тұрақтандыру.Қажетті құрал-жабдықтар: електер, манка ұнтағы, жармалар.Жұмыстың барысы: ыдыста манка ұнтағы мен күріш араласып салынған. Манка ұнтағынан күрішті бөліп алу үшін баланың кішкентай қолдарының икемі де келмейді. Сол себепті бізге бұл жерде електің көмегі қажет. Манка ұнтағы мен күрішті електен өткізіп манканы бір бөлек табақшаға, күрішті бір бөлек табақшаға бөліп аламыз. Олардың бөлінуі балаға бір жағынан сиқыр арқылы жасалғандай көрінеді.«Манка ұнтағының тақтасы»Мақсаты: Баланы жазуға, көркем сурет салуға дағдыландыру. Қиялын дамыту. Ұсақ – қол моторикасын дамыту. Саусақтарын жазуға үйрету.Қажетті құрал-жабдықтар: шыны үстел, манка ұнтағыБарысы: арнайы шыны үстелдін үстіне манка ұнтағы себіледі, сол манка ұнтағына бала әріптер жазады немесе өз еркімен әр түрлі суреттер салады. 

     
    Күтілетін нәтиже:
     
    Егер, бала М.Монтессори орталығына келіп, ойын-жаттығулардың 1 курсын толығымен өтіп шықса.
  4. Онда..бала психофизиологиялық жағынан толыққанды дамыған;барлық сыртқы сезімдері дамыған;танымдық үрдістері дамыған;жоғары интеллектуалдық көңіл-күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімде тәрбиеленген;тілі дамыған және сөздік қорлары молайған;әр жұмысты өз бетінше орындайтын, жауапкершілікті сезінетін;өз-өзіне қызмет көрсетудің жолдарын білетін;өзінің әрекетіне нық сеніммен қарайтын

2-Жұмысы

 

 Тақырыбы:Театр қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту.   

 

Драматизациялық ойын. Бұл ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған сахналық қойылымда бала ойын – драматизациясында кез келген бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері: а/. Жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; ә/. Мәтін бойынша негізделген диалог, монолог, рөлдік ойындар; б/. Шығармашылық көрсетілім; в/. Бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойылым қою.
 Драматизация ойынының 2 түрі қарастырылады: а/. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
 

Саусақ театрының бір көрнісі.
 
Үстел үсті театры. Үстел үсті театрының түрлері ең көп нұсқалы десек болады. Себебі мұнда көптеген заттарды қолдануға болады. Мысалы: қасық, саптыаяқ, таяқшалар, киндердің сырты,саз балшық ойыншықтар, ағаш ойыншықтар, түрлі көлемдегі конустар,цилиндрлер мен қорапшалар, т.т.б.
Режиссерлық ойындар. Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.Ары қарай режиссерлық үлгідегі сан алуан театр түрлеріне қысқаша шолу жасайық.

 Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы . Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киіледі.Ширмада ойналады. Мұнда қуыршақтардың басы мен түрлі маталар қолданылады, ескі заттардан да жасауға болады.Бұл театр түрі «Петрушкалар» театрына да ұқсайды. Қуыршақтар қолдың үш саусағына қолғап сияқты киіледі. Қуыршақтың басы, қолы мен денесінің қимылы қол саусақтарының көмегімен келтіріледі.
 

Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог. Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау. Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу. Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.  Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену. (жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын). Екінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.
 Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау. Ортаңғы топтағы балалар «өз үшін» ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі. Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады.  

 

 Қорыта келгенде балалар ертегі арқылы нені түсінеді, біледі және меңгереді: -кейіпкерлердің  жағымды және жағымсыз қасиеттерін айыра білу жəне жеткізе білу қабілеті дамиды;    -бір текті ұғымдарды салыстырып,ұқсастықтары мен даралық  қасиеттерін өз жастарына сай   ажырата білуді үйренді;   -ойлау тəсілдері, оның ішінде  жұптасып, топтасып ойлау қасиеттері дамыды;   -кейіпкерлерді сипаттау арқылы бұрын таныс емес сөздерді үйренді;  - суретті сызбанұсқамен   жұмыс жасауды үйренді;     -  ертегі  сюжетін қызғылықты етіп баяндау шеберлігіне машықтанды; - өз ойын іркілмей айтуға бейімделді; -ертегілердің əрбір кейіпкеріне  жас  ерекшеліктеріне сай   лайықты мінездемелер беру, оладың образдарын, көз алдына елестетерліктей шағын портреттер  жасау, əрқайсысының іс-əрекеттеріне қарай сөз таба білуге дағдыланды;  -сөйлеу логикасы  мен дикциясын, дұрыс артикуляцияны  меңгере  білді.               

 

 

 

819 0
Гульмира Бекназарова ЖШС«Жансая» балабақшасының әдіскері Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ұлы Дала Ұстазы № 000408
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: