Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1744

Халықаралық зерттеулер

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Талас ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелері 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық зерттеуге ілінді. Атап айтар болсақ  2021 жылдың 11-12 қазанында   №1 мектеп - Лицей, Талапты орта мектебінің оқушылары оқу сауаттылығы бойынша PIRLS -  2021 негізгі халықаралық зерттеуіне  қатысты.

PIRLS-2021 зерттеуіне қатысуының негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларының қалыптасу деңгейіне тәуелсіз объективті баға алу мүмкіндігі және қазақстандық білім берудің ашықтық қағидатын қамтамасыз ету, жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына интеграциялануы.

Зерттеуге 2020-2021 оқу жылының 5-сынып оқушылары қатысты. Талас ауданы бойынша қатысушылардың жалпы саны – 40. Оның ішінде №1 мектеп лицейде 23 оқушы, Талапты орта мектебінде 17 оқушы қамтылды.

PIRLS - зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып, «Оқырман сауаттылығын»- бұл адамның өмірде толыққанды қалып - тасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады. PIRLS - зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады. Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі. Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі. Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау. Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.
Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол - оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс - тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі. 

Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу, таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды. Білім алу мен әртүрлі ақпарат дерекнамасын жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап, оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп, үйренуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс - шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компаненттерінің тығыз байланысы кезінде жоғарғы жетістіктерге жетеді. Сонымен қатар, отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата - аналар қауымымен жұмыс жүргізуге де маңызды .

PIRLS зерттеуіндегі оқу сауаттылығы оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.

PIRLS зерттеу нәтижесінде оқу сауаттылығы оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуға ықпал етті және оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындауға зор мүмкіндік болды.

Қазіргі таңда заман талабына сай кез келген мектеп оқушылары XXI ғасыр дағдыларын меңгерген, өз бетінше өмір сүруге дайын болуы тиіс. PISA–15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін бағалауға арналған халықаралық зерттеу орталығы.

2022 жылдың 12-13 сәуірінде   мектеп Лицейдің 42 оқушысы, Жамбыл атындағы  орта мектебінің 8 оқушысы Халықаралық PISA - 2022 негізгі халықаралық зерттеуіне  қатысты.

Бұл зерттеудің мақсаты: міндетті жалпы білім алған оқушылардың қоғамда толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдыларын  бағалау болып табылады. Қәзіргі таңда заман талабына сай кез келген мектеп оқушылары ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген, өз бетінше   өмір сүруге дайын болуы тиіс.   PISA - 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану ғылыми  сауаттылық деңгейін, креативті ойлау дағдыларын бағалауға арналған зерттеу.

Жалпы 2022 жылы өткізіліп отырған PISA зерттеуі оқушылардың   математикалық сауаттылығы мен креативті ойлау дағдыларын бағалауға бағытталған. Әртүрлі елдердің білім беру жүйелері оқушыларды жеке, қоғамдық және кәсіби өмірдің барлық салаларында математиканы қолдануға қаншалықты тиімді  дайындайтынын бағалайды. Әртүрлі жағдайларда кездесетін практикалық міндеттерді   шешу және  математикалық  пайымдау дағдыларына ерекше назар аударылатындығы айтылуда. Олар: жүйелі әрекет ету жүйесі; қарапайымнан анағұрлым күрделіге дейін әртүрлі әдіс-тәсілдерді іске   асыру; қарапайым, орынды қолайлы, жинақы, ықшам немесе айрықша шешімдерді таба білу – практикалық міндеттерді шешу болса, ал «ойлау», «белгілі бір тақырыпқа қатысты кең ауқымды сөйлеу»; логикалық қисынды ойлай білу; дәлелдерді сенімді  тұжырымдау – математикалық пайымдау болып табылады.

PISA жобасы әртүрлі білім беру жүйелерін салыстыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы (ЭЫДҰ) жетекші елдерінің тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған зерттеу үш жылдық циклмен өткізіледі, әр цикл сайын басымдық берілетін бағыт белгіленеді.

Осы кезге дейін өткізілген жылдағы PISA зерттеуі аясында бағаланған дағдылар: оқу сауаттылығы; оқығанды түсіну және алған білімін қолдана білу; тапсырмаларды талдай білу дағдысы; сын тұрғысынан ойлау дағдысы; өз түсінігі мен шешімін ұсына білу дағдысы болып табылады. Мұндағы тестілеуде – оқушыларға таныс емес, нақты жағдайлар ұсынылды; кіріспе ақпарат көлемі ауқымды, көбіне әдеттегі мектеп тапсырмаларының шарттары емес, ғылыми-көпшілік мәтіндер берілді; тапсырмалар тақырыптық бөліктерге топтастырылып өз ішінде бірқатар «сюжеттер» таратылады; көптеген тапсырмаларда нақты деректер келтіріліп, кесте, сызба немесе диаграммалар түрінде берілген; тапсырмалардың шамамен 30%-ы қоршаған орта (экология) проблемаларына арналған.

Қорытындылай келе біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Оқытудың белсенді стратегиялары мен Халықаралық зерттеулерді пайдалану арқылы оқушының функционалды сауаттылығын дамыта отырып математикалық сауаттылығының сапасын арттыруға және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.          

 

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жұмысын жүргізуде мынандай ұсыныстар айтқым келеді:

 

 

1. Халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысудың маңыздылығын түсіну;

 

2. Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;

 

3. Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест

тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;

 

4. Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында , алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға , логикалық есептер шығаруға үйрету;

 

5. Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша

мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;

 

6. Халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарға, оқушыларға, қоғамда кеңінен таныстыру.

 

7.Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену;

 

8. Оқу сауаттылығының дағдыларын дамыту тек тілдік пәндер сабақтарында ғана емес, пәнаралық контексте де жүргізілуі керек;

 

9. Оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқуға сүйіспеншілігін арттыру:

 

Біздің ортамыз жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға толы болғай.

566 0
Төлетаева Сабира Өмірзаққызы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің информатика пәні әдіскері Ұлы Дала Ұстазы № 002180
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: