Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1743

Мектеп тынысы - көпке ортақ

«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»

 

        Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті.Мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына  сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын  тәрбиелеу. Мектепте білім беру - жауапты іс. Өйткені мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді.Бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

        Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық - технология мен әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушының танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттырады. Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Мектеп  мұғалімдерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.

        Қазіргі таңда мектептердің ең басты мақсаты-денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол ұрпақтәрбиелеу. Бұл игі істі жүзеге асыру үшін өткеннен тағылым алып, бар ақыл, өнегені сауатты қолдана біліп, заманымызға қарап икемдеу үшін мектепті сапалы және жоғары саналы мамандармен қамтамасыз ету керек. Болашақ  мұғалімге артылатын сенім жүгі – ұлағатты ұлы жол. Демек, өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің бойына сіңіру.

       Осы   орайда Жамбыл облысы  Талас  ауданы білім бөлімінің «Алғабас»  орта мектебінде атқарылып  жатқан елеулі   шаралар бар.Соның біреніне   тоқталып  өткенді  жөн   көрдім.

       «Алғабас»  орта мектебі  -1930  жылы   құрылған . Мектептің  қазіргі ғамараты -1984 жылы 784  -орынға арнылып  қолданысқа  берілген.Мектеп  бір ауысымда оқиды.2021-2022  оқу жылында мектепте- 51 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 48- жоғары білімді, 3- арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. Жоғары санатта- 9, педагог-зерттеуші-5 мұғалім, бірінші санатта- 4, педогог-сарапшы-9 мұғалім, ІІ санатта -8 , педагог- модератор -5 мұғалім , санаты жоқ-11   мұғалім. 

           Мектептің  материалдық   базасына  тоқталсақ:оқу кабинеті – 29. Оның ішінде  спорт зал -1, АКТ залы – 1, кітапхана – 1, технология кабинеті – 2, дәрігерлік бөлме – 1, компьютер кабинеті – 1, Интернет жүйесі қосылған  кабинет – 29, интерактивті тақта -2 және толық жабдықталған биология  кабинеті бар.

         «Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты». Осы мақсатта графикке сәйкес  кәсіби білім беру курсынан  педагогтардың 98% -ы өткен , тест  тапсырмаларын дайындау курсы бойынша-1 педагог,мектептегі психолог жұмысын ұйымдастыру   курсынан -1 педагог  өтті.

        Жалпыға бірдей міндетті  білім беру мәселесі –мектептің өзекті мәселесінің бірі. Жалпыға міндетті оқу айлығы кезінде облыс,аудандық білім бөлімдерінің бұйрықтары негізінде мектептің бұйрығы және іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар жүзеге асырылады. Жалпыға бірдей білім беру мәселелерін жүзеге асыру мақсатында мектеп қарамағына қарайтын тұрғылықты жер 8 мөлтек ауданға бөлінді. Әр мөлтек ауданға жауапты мұғалімдер бекітіліп, оқу жылы барысында мөлтек аудандарға тамыз-қыркүйек айлдарында бақылау жүргізіп, есептері алынады. Мектеп жасындағы балалар түгел мектепке қамтылған.

       Әлеуметтік педагог  қызметінің обьектісі жеке адам, отбасы, топ ұйымдар. Әлеуметтік педагогтың басқа педагогтармен айырмашылығы егер педагог бүкіл топпен жұмыс істесе, әлеуметтік педагог топтағы әр баламен, сол отбасымен жұмыс істейді. 

      Қызметі – адамдар арасындағы  құқықтыққа, педагогикалық мақсатқа сәйкес сипаттар мен пайдалы бастамаларды дамыту құндылық бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

1 тамыз -30   қыркүйек аралағында «Мектепке жол» акциясының іс-шара жоспары жасалынып, «Қамқорлық» кеңесінің отырысында талқыланып, бекітілді.

       Қыркүйек айында мектеп  оқушыларының тізімін жасап, құжаттарымен танысып, сыныптардың әлеуметтік жағдайына қарай топтарға бөліп, мәліметін анықталды. Ол мәліметті мектеп әкімшілігінің келісімімен бекіттірілді. Мектеп оқушыларының ішіндегі денсаулығы төмен «Д» есебінде тұратын оқушыларды медбикемен бірлесе отырып анықтап, ауылдық аурухананың бас дәрігеріне бекіттірілді.

       Кітапхана – білім мен мәдениеттің қайнар көзі. Кітаптың өзі – тұнып тұрған сыр. Өйткені, оқу тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Бүгінде мектеп кітапханасында , оқулықтар, көркем әдеби кітаптар, мұғалімдерге   арналған әдістемелік нұсқаулар, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және электронды оқулықтар бар.  Оқушылар 100% пайыз  оқулықпен қамтамасыз етілді.

       Әдістемелік жұмыстардың   негізгі мақсаты -мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру. Осы бағытта 5 әдістемелік бірлестіктің айлығы жоспарланып өткізілуде.Әдістемелік айлықтар  аясында пән мұғалімдері оқушылармен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар ,интеллектуалдық ойындар мен танымдық кештер өткізілуде. Жыл соңында пән әдістемелік бірлестіктерінің оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, олардың жұмысына баға беріледі және жұмыс рейтингісі шығарылады.

          Мектепте  оқушылардың дарындылығын айқындау мен дамытуға барлық жағдай жасалған. Оқу ылының басында мектеп психологтарымен  дарынды оқушылар тізімі түзіліп, жетекшілер балалардың дарындылығын дамыту жұмыстары жоспарланды. Жүйелі жұмыстар  нәтижесінде   оқушылар   жақсы   жетістіктерге  ие  болды. 

   Атап  айтар болсақ  мектеп оқушылары:

-Республикалық  «Ақ бота» интеллектуалды марафонында 9 оқушы І- дәрежелі дипломмен   ,15 оқушы    ІІ- дәрежелі дипломмен ,9   оқушы   ІІІ- орын   алғаны  үшін  марапатталды.

 - Қазақстан интернет олимпиадасында  математика пәніненен  3 оқушы -І- орын,5 оқушы  - ІІ орын   дәрежелі     дипломымен   марапатталды. 

 -"Алтын  күз" атты Республикалық байқауда І,ІІ,ІІІ- орын Дипломы мен сертификатымен марапатталды.

 - VІІІ- Халықаралық  "Күз бояулары -2021" сурет байқауында  І орын; 

-   Республикалық "Фариза,Фаризажан,Фариза қыз"сурет І орын,бағалы сыйлығымен марапатталды.

-  Облыстық үй жануарларын қорғау байқауы,аудандық кезеңнен II орын 8 сынып оқушысы Тоқбай Жансая марапатталды.

- «Тіл және өнер» білім орталығы ұйымдастырған география пәні бойынша олимпиадада -Якия Талшын,Тойшыман Мейірім, Күлембай Дания,.Алпыс Нұрайлым ,Қалдарбек Балзия  -диплом және медальмен марапатталды.

-  Республикалық ағылшын тілі пәнінен «Big ben»    интелектуалдық  сайысынан Жандарбек Қарақат ІІ  дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Абай Құнанбаевтың   175 жылдығы аясында өткізілген   дәстүрлі «Абай  оқулары»  байқауынан Тінәлі Әлия    I дәрежелі   дипломДәулет Ұлбике   I  дәрежелі   диплом.

 - «Дарын» білім орталығының ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадада  5-сынып оқушылары Бодаубек Байдәулет ІІ орын иеленсе, Күлембай Дана І орын иеленді және 7-сынып оқушысы Қойшыбай Әнел ІІ орынды иеленді. 

 -  “Білім Шыңы” орталығының ұйымдастыруымен “Алтын Қыран – Ерекше дарын иесі”   зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы 6 -сынып оқушысы Якия Талшын Ғабитжанқызы ІІІ дәрежелі Диплом, Каримулла Ақнұр Болатқызы ІІІ дәрежелі Диплом 

- III  Республикалық   « Читаем  Пушкина  всем   миром»      өлеңдер оқу байқауынан Қожан Рауан ІІІ дәрежелі  Диплом   

 - I  Республикалық « Есенинские  чтения - 2020»    шығармашылық  өлеңдер конкурсынан   Дәулет Ұлбике  ІІІ дәрежелі   Диплом 

-   “Белес” өнер орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен “Абай – халық данасы!” атты Республикалық өнер байқауына 5-7 сынып   оқушыларынан 13 оқушы қатысып І,ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    -Республикалық,обылыстық, аудандық “Көркем сөз”наминациясы бойынша “Алтын  дауыс” иегері Мақсатқызы Айару,  

- 2020 жылы Қазақстан білім саласы үздіктерінің “Озаттар” энциклопедиясына  енген .                Күлембай  Нұрәли . Халықаралық, обылыстық , аудандық байқаулардың жүлдегері. 

- ІІІ Республикалық “Ұлы дала Ұрпағы” өнер және  білім   байқауында  “Қолөнер” жанры бойынша Бас жүлде иегері атанды.             

 -    Daryn.online  білім беру платформасы ұйымдастырған I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері Ережепова Сания III дәрежелі ,  Қаржаубаева Раушан ІІ .Быжыбаева Назкеш  ІІ дәрежелі ,Рахай  Эльнура ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   -  Мұғалімдеріміз өзінің  шығармашылқ әлеуетін артыру мақсатында авторық жұмыстар жазды: бастауыш сынып   мұғалімдері  -Өтепбергенова Гүлнара Ақбергенқызы  «Логикалық есептер шығару » тақырыбында 1-4 сыныптарға авторлық жұмыс, Жақай Ғалия Әбдіманапқызы   бастауыш сыныпқа  арнлаған- «Жаратылыстану және зерттеу тәжірибесі» , Иманбаева  Рәзия -   «Эссе жазу тәртібі»  тақырыбы  . 

        

 

251 0
Жақай Ғалия Әбдіманапқызы, Жамбыл болысы Талас ауданы «Алғабас» орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 002179
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: