Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1742

Мектеп тарихы

     Мектеп-келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, ел-халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя, рухани өмір ұясы.

        Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейби ауылында  1956 жылы іргетасы қаланған қасиетті қара шаңырақ  2006 жылы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап  өтті.

       Өткенге көз жіберіп мектеп тарихына үңілсек, ең алғаш “Қаратау” бастауыш мектебі болып, ашылып, алғашқы мектеп  үйі ғимараты қазіргі зейнеткер ұстаз  Темірбеков Тұрсынбек ағамыздың үйінде орналасып, ең алғашқы  мұғалім Байболов Әбдібек ағамыз болған екен. Кейін мектеп үйі қазіргі мешіт үйінде “Қаратау” жеті жылдық мектебі болып кеңейтіліп, директоры Абдуллина апайымыз болыпты.

         1955-1956 оқу жылында сынып саны артып,”Қаратау” орта мектебі болып қайта құрылған. Мектептің “Қаратау”  атын алып, оқушы қабылдап, дәріс бере бастағанына 50 жыл, ал орта мектеп болып, қазіргі екі қабатты ғимратта  оқығанына 60 жыл толған қасиетті қара шаңырақ 2016 жылы  120 орындық жаңа ғимаратқа көшіріліп,  пайдалануда.

          Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда мектеп негізгі міндет атқарады.

            Мектептің қалыптасуына өз үлестерін қосып, басшылық жасап, аяғынан тік тұруына ықпал еткен мектеп  директорлары:

  1. Айтбеков Әбделі
  2. Әлиев  Әбдуәли
  3. Сметов Айнақұл
  4. Оразбекова Бекзада
  5. Сауытов Бөлекбай
  6. Асанов Мизам
  7. Байболов Асқар
  8. Жарболав Бекден
  9. Досжанов Жұмат
  10. Қылышбеков Аман
  11. Батырбеков Анас
  12. Сүгірбек  Тәттікүл
  13. Бекбердиева Лаззат

Сияқты ерен азаматтардың еңбектерін қалай атап өтпессіз?

    1956-2021 оқу жылдары аралығында мектеп қабырғасынан 3050-ден астам түлек қанат қағып ұшып, олардың 6-ауы Алтын медаль, 8-і күміс, 25-і ерекше куәлікпен бітіріп, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде  әртүрлі мамандық иелері болып еңбек етуде.

       

 

 

 

 

 

 

            Қоғамдық өміріміздің рухани күн шуағы-білім, ғылым. Ал оны адамзат бойына сәуле етіп дарытып, жан азығының толымдылығына себепкер жандар – ұстаздар екені шындық. Осы орайда шал ақын:

                       “Білімің болса дағы ұшан- теңіз,

                          Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей”,-деген өлең жолдарын әсте осы ұлағатты ағартушылар еңбегін  бағалаудан айтса керек-ті. Мұғалімдер еңбегінің жарқырай көрінер тұсы – шәкіртінің білімділігімен айқындалмақ. Олай болса, мектеп ұжымын Қазақстанның Қырғыз еліндегі елшісі Әлбергенов Боранбек ағамыз, Тараз қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бастығының орынбасары Қосатбекова Күләш әпкеміз, Жамбыл облыстық сотының судьясы Бейсенова Үрпатша әпкеміз, экономика ғылымдарының доценті Қайранов Мергенбай ағамыз, техника ғылымдарының кандидаты Қамысбаев Марат, Талас ауданы маслихаты депутаты, Қасқабұлақ мектебінің директоры   Мұстафаев Сулходин, техника ғылымдарының докторы Қансейітов Манас, облыстық қаржы полициясының қызметкері Ақбердиев Сұлтан,аудандық қаржы полициясының бастығы Байдалиев Мақсат,астана телекоммуникация торабының бастығы Әбдіқұлов Тауғазы, Тараз құрылыс дизайн жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  бастығының орынбасары Бекбердиев Ғазиз, Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары Тәттібаев Сағынтай, Торланбаева Нұрсұлу, Алтынсарин атындағы мектеп директоры орынбасары Ақбердиев Нұрлан, Бөлтірік Әлменұлы мектебі   директорының орынбасры Мелдебекова Гауһар,  Астана “Қуат” фирмасы бөлімше бастығы Қансейітов Жарас, Талас аудандық   ауруханасы гинекология бөлімі меңгерушісі Мұратова Дариға, Тараз қаласындағы ОБО гинеколог-дәрігерлер- Мұратова Шолпан, Қожабеков Еркебұлан, реанимация бөлімі меңгерушісі Үсіпәлиев Айтқан, Тараз қалалық ауруханасының анестезиологы Мұсаев Ғамзад,  Тараз қаласы қалалық ауруханасының аннестизолог дәрігері Мырзағұлов Ақжан, Қаратау ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері  Мырзағұлов Бекжан, А.С.Пушкин атындағы мектеп директоры Ақсәуле Торланбаева, Қаратау ауылдық округі әкімінің бас мамандары Ержан Тұрлықұлов, Республикалық «Шың» баспасөзінің дизайнері Дархан Бердібаев, теле-журналист Әбдіманап Кеңес, Нұрислам Әлібек, облыстық «AIDIM-ART» қолөнер шебері, республикалық «визуалды өнер» байқауының жеңімпазы Жамалбек Сұлтанәлі, облыстық жер қатынастар бөлімінің маманы Ж.Тұрмаханбетова, Повладар облыстық гимназия мұғалімі Толғанай Пірәлі, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Асхат Қосбақов, Қаратау орта мектебінің оқу ісі орынбасары Бақытжан Кенжеев, Тараз қаласындағы АШК филиалының директоры Ислам Абдикаримов, аудандық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназисының оқу ісі орынбасары Әмірхан Сейтбеков, Арқалық қаласы Ип "Smartland" ағылшын тілі орталығында.  Жылдам оқуға дайындық  курсынан және орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін   Үміт Талапова сынды түлектердің есімін әрқашан мақтаныш тұтады.

 Оларға ҚР білім беру ісінің үздігі Т. Сүгірбек,  Г.Тлеулинова,  Л. Бекбердиева, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері З.Шардарбекова білім нәрімен сусындатқан.

            “Ұстаз”- кең мағыналы, берері көп, беделі жоғары ұғым, ұнамды сөз. Адамзат көңілінің көкжиегін нұрландырған ағартушылық қызметтің мәңгілік мәртебесіне тағзым етпейтін жан жоқ.Өйткені, болашақ өміріміздің келбетінің қалыптасуына тірек болар тәуелсіз еліміздің жеткіншектеріне сапалы білім бере отырып, сара бағытқа нұсқауда ұстаздар еншісінде.

          Ұстаз- кез келген  адам үшін құрметті, өйткені тағдырын мұғаліммен жалғастырмайтын, өмір жолын, еңбек бастауын ұстаз өнегесімен ұштастырмаған адам табылмаса керек.

                           Бойында нұр өмірдің,

                           Ұшырған түлегіңмен.

                          Жүресің мұғалімім,

                          Төрінде жүрегімнің.

                                                                    Лебізің жылылықтың

                                                                    Лебі деп ұғыныппын.

                                                                    Үлгісі өзің ғана

                                                                    Ұлағат ұлылықтың.

Иә, осы бір қарапайым шумақтардан өзінің бойындағы барын шәкірттеріне аямай, ұзақ жылдар тынымсыз еңбек еткен  математикапәнінің мұғалімі Шарипов Сейіткәрімнің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мелдебеков Забибулла, математика пәнінің мұғалімі Мақышев  Мүбарак, тарих пәнінің мұғалімі  Досжанов Жұмат сынды ұстаздардың алдынан дәріс алып, бүгінгі күні азамат болып қалыптасып, өмірден өз орнын табуына осы кісілерден алған тәлім тәрбиенің септігі аз болмағанын барша мектеп түлектері мойындап отырғаны аян. Бүгін қоғамның жанашыры, өз мамандықтарының майталмандары ортамызда жоқ. Біз үшін аяулы ұстаздардың есімдері әрқашан жадымызда.          

     Мұғалім білм саласындағы басты тұлға. Ы. Алтынсарин сөзімен айтқанда, “мектептің   жұмыскер  жүрегі”. Мектеп мұғалімдері кәсіби шеберліктерін шыңдап, ұшқыр ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін дара тұлға тәрбиелеуде.

    Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде соңғы  3 жылда, яғни 2019 жылы білім сапасы 68%   құраса, 2020 жылы 68%, 2021 жылы 69%  құрап отыр.

      Аудандық пәндік олимпиадаға 2019 жылы қатысқан 11 оқушының  6 жүлделі орындарды иеленсе, 2020 жылы 10оқушы қатысып 7 , ал 2021 жылы 9 оқушы қатысып  4 оқушы   жүлделі орындарды иеленіп отыр.

         Оқушыларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген мектеп мұғалімдері: математика пәні мұғалімі Г. Тұрғанова, бастауыш сынып мұғалімдері:    Р.Алтынбекова, Н.Қаратаева, тарих  пәні мұғалімі Б. Ахметжанова, орыс тілі пәні мұғалімі К.Қамысбаева, Ш.Сейдуалиева, қазақ тілі пәні мұғалімі З.Шардарбекова, география пәні мұғалімі Ш.Таженова, фика пәні мұғалімі М.Дүйсенбиева, математика пәні мұғалімдері  Қ.Молдашова, Г.Мүсірбекова,  АӘД оқытушысы У.Найзабаев, педагог-психолог Қ.Темірбеков, бастауыш сынып мұғалімі  К.Темірбаева,  технология пәні мұғалімдері Н.Қартабаева, Ғ.Мелдебеков,  дене тәрбиесі пәні мұғалімі Н.Ахметов, бастауыш сынып мұғалімі Г.Мырзалиева  есімдерін мақтанышпен атауға болады.

      Мектеп оқушылары  мен мұғалімдерінің мектеп  қабырғасындағы еңбегін ҰБТ көрсетеді десек, 2019 жылы  6 оқушы ҰБТ-ға қатысып, 130 бал,   2020 жылы  ҰБТ-ға 13 оқушы қатысып,   57 бал, 2021 жылы 9 оқушы  87 бал 

Мектеп мұғалімдері әрбір оқушымен жеке жұмыстар мен шығармашылық іс-әрекет  жасай отырып, дарынды балалармен жұмыс жүргізіп , аудандық , облыстық іс-шараларға қатысуда. 

2019 жылы Республикалық «Экостарт» жобасында 10 сынып оқушысы Бейсен Ақбөпе ауданнан «І орын» облыстан ІІ-орын иеленді, жетекшісі мектеп тәлімгері Бүрлібаева Ақбаян.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абденбаева Ақерке Басжүлдені иеленді

Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПетСтарт» оимпиадасынан Тарих пәнінің мұғалімі Ахметжанова Бахыт ІІ дәрежелі диплом алған. 

Математика пәнінің мұғалімі Тұрғанова Гүлнар КИО олимпиадасынан ІІІ дәрежелі диплом. Республикалық Ұстаз тірегі атты байқаудан І дәрежелі диплом, Мың бала интелектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен «Үздік сабақ» байқауынан І орын алған.

Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқан физика пәнінің мұғалімі Дүйсенбиева Мейізкүл І дәрежелі, математика пәнінің мұғалімдері Тұрғанова Гүлнар, Мүсірбекова Гүлдария, Молдашова Қамар І-дәрежелі диплом, информатика пәнінің мұғалімі Абдикаримова Айгүл  ІІ дәрежелі диплом, Орыс тілі пәнінің мұғалімі Қамысбаева Кулсара ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Республикалық «Тарих ата» оимпиадасының жеңімпаздары Жуасбек Нұрай, Күмісбек Жанел, Жетпісбай Руслан, Құралбек Жансерік 

Республикалық «Ұстаз тілегі» атты қашықтық олимпиядасынан 9-сынып оқушылары Жуасбек Нұрай, Пірәлі Аяжан Алғыс хат алған 

Тарих ғылымының докторы Ермұхан Бекмахановтың 105 жылдығына орай өткізілген қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары 11 сынып оқушылары Жақсымбет Бақдәулет, Әлібек Ұлданай Шомаева Балнұр Жондыбек Мадина Сейдаш Ақтоты 

Республикалық «Жас полиглот» олимпиядасында Жандарқызы Нұрай ІІІ орын алған Жетекшісі Ахметжанова Бахыт

С.Сейфулииннің туылғанына 125 жыл толуына орай өткізілген «Сәкен аманаты» байқауынан Амангелді Балнұр І орын алған. Жетекшісі Абденбаева Ақерке.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалінде 8 сынып оқушысы Гаухарбек Жалын бас жүлде, 10 сынып оқушысы Амангелді Балнұр ІІ орын алған. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шардарбекова Зеберкүл 

«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткішдерді иеленгені үшін тарих пәнінің мұғалімі  Ахметжанова Бахыт  І дәрежелі дипломмен марапатталды;

Қазақстан тарихы пәні бойынша өткен Республикалық Ұлттық Олимпиадада тарих пәнінің мұғалімі Ахметжанова Бахыт ІІ дәрежелі дипломға ие болды;

Тарих пәнінің мұғалімі Ахметжанова Бахыт «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік ғылыми мақала» байқауына қатысып «Бас жүлдеге» ие болды.

         Қашықтық олимпиада жеңімпаздары:

«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Тарих» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткішдерді иеленгені үшін, 9 сынып оқушылары Шомаева Балнұр, Жақсымбет Бақдәулет, І дәрежелі дипломмен марапатталды;

      2020 жылы аудандық бастауыш сыныптар аралығында өткен «Мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми жоба байқауына  қатысқан 4 сынып оқушысы Жаңабек Мархаббат ІІ орынға ие болды, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Нұрай.

Мектеп кітапханашысы  Н.Ахметова 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Құрмет грамотасымен»,   Талас аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды, облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты бейнеролик байқауына мектеп оқушысы Жуасбек Нұрай қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазіргі таңда мектепте   191 бала оқып білім алуда.       

    Оларға   жоғарғы   санатты 1, бірінші санатты-3, екінші санатты-2, педагог модератор-8, педагог сарапшы -15, педагог зерттеуші-8   ұстаз білім мен тәрбие беруде.

     Олар осы мектептің педагокикалық ісінің шеберлері атанған ардагер ұстаздар  Ә.Байболовтың, Т.Темірбековтың, Б.Қабылбековтың, З.Сүлейменованың, А.Қартабаеваның Г.Тлеулинованың, Ф.Жаңбырбекованың, Д.Көбекбаевтың, Н.Бабаеваның, Т.Сүгірбектің, Л.Бекбердиеваның  еңбек үрдістерін  жас мамандар Е.Тұрмаханбетов, М.Қойшыбек, А.Абденбаева, Ж.Тәжібаева, Ұ.Елемес, А.Мәметәлі, Е.Абдібек, Ш.Тұрғат, Е.Абдібек, Ж.Шаденова жалғастыруда.

           

219 0
Кенжеев Бақытжан Байдүйсенұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің “Қаратау орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 002178
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: